Тексерілді .............................Кунтурова Г
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Ж.Нәжімеденов атындағы НОМ
Шешімдерді программалау.
Күні: 04.02.2022ж. Мұғалімнің аты-жөні: Утешев Жақсылық
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| §4.7 Кіріктірілген шарттарды программалау
| Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
| 7.3.2.1 - программалау тілінде алгоритмді жазу
7.3.3.2 – сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (Lazarus) жазу
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: Визуалды ортада кіріктірілген шарттарды қолдану ерекшеліктерімен танысады.
Оқушылардың басым бөлігі: Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, теңдеу жүйесін шешуді бағдарламалау тіліне салады.
Кейбір оқушылар: Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, визуалды ортада жасалған жобаға өзгерістер енгізеді.
| Бағалау критерийі
| Визуалды ортада кіріктірілген шарттарды қолдану ерекшеліктерін біледі. Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, теңдеу жүйесін шешуді бағдарламалау тіліне сала алады. Кіріктірілген шарттарды пайдаланып, визуалды ортада жасалған жобаға өзгерістер енгізе алады.
| Тілдік мақсаттар
| Лексика және терминология:
Lazarus, Form1, Button, Label, Edit, Caption, project, If, Then, Else, кіріктірілген шарт
Термин сөздерді программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында жоба жасау кезінде қолданады.
| Құндылықтарға баулу
| Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.
Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу.
| Пəн аралық байланыс
| Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика.
| Алдыңғы білім
| Тармақталу алгоритмдерін программалау
|
Сабақ барысы
| Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
2 мин 4 мин
4 мин
| 1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, жағдайын сұрау
Түрлі-түсті стикерлер арқылы сыныпты 2 топқа біріктіремін.
1-топ «IF операторы»
2-топ «THEN операторы»
Оқушылардың өткен тақырыпты «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы пысықтаймын.
Lazarus-та шартты тексеру үшін қандай оператор қолданылады? Шартты тексеру операторы қолданылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді? Паскаль программалау тілінде мәліметтерді енгізу үшін қандай операторды қолданамыз? (Read) Нәтижені экранға шығару үшін қандай операторды қолданады? (Write) Lazarus программалау ортасын қалай іске қосамыз?
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру Топтық жұмыс
№1 тапсырма
А саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программаның жолдарын операторлармен толықтырыңдар.
program e1;
var a:integer;
begin
read (a);
if a mod 2 = 0
then write (a, ' jup san')
else write (a, ' tak san');
end. Дескриптор:
- Шартты тексеру операторларын қолданады.
- Программа жолдарын жазады.
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру
| стикерлер
Интербесенді тақта Оқулық,
стикерлер,
қима қағаздар
Интербесенді тақта Оқулық,
қима қағаздар
| Сабақтың ортасы
5 мин
4 мин
4 мин
12 мин
| Жаңа сабақ
Шарттармен жұмыс жасау барысында екі ғана тармақтан тұратын қарапайым шарттардан бөлек күрделі, екіден көп тармақтардан тұратын шарттармен жұмыс жасауға тура келеді. Мұндай шарттарды орындау үшін бірнеше шарт тексеру операторлары қажет. Кіріктірілген шартта IF операторының құрамына екінші IF операторы енеді. Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін IF операторы қолданылса, онда мұндай шарт кіріктірілген шарт деп аталады.
№1 нұсқа
IF шарт1 THEN IF шарт2 THEN оператор1 ELSE оператор2 ELSE оператор3
№2 нұсқа
IF шарт1 THEN оператор1 ELSE IF шарт2 THEN оператор2 ELSE оператор3
№3 нұсқа
IF шарт1 THEN IF шарт2 THEN оператор1 ELSE оператор2
Ескерту:
Операторларды бір-біріне кіріктіріп пайдалану кезінде әрбір е1sе өзінен алдыңғы then-ге тиісті болады.
Бір мезгілде 2-3 тен артық IF операторын бір-біріне кіріктіріп қолданбау керек. Себебі, бұл күрделі құрылымға алып келеді.
Сондықтан, оның нәтижесін талдау, анықтау қиынға соғады. Топтық жұмыс 1-топ
№2 тапсырма
А бүтін саны берілген. А санының оң немесе теріс екенін анықтаңдар. Егер берілген сан оң болса «1,» теріс болса «-1», сан нөлге тең болса «0» деген жауап шығуы керек.
program e2;
var a: integer;
begin
readln (a);
if a=0 then write(0) else if a>0 then write(1) else write(-1)
end. Дескриптор:
-Есептің шарттарын айтады.
-Кіріктірілген шарттарды қолданады.
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру Топтық жұмыс 2-топ
№3 Тапсырма
Функцияның мәнін есептеңдер.
x-12, егер x>0
y= 5, егер x=0
x2, егер x<0 program e3;
var y,x: real;
begin
readln (x);
max:=a;
if x=0 then write (5) if x>0 then write (x-12) else write (sqr(x));
end. Дескриптор:
-Есептің шарттарын айтады.
-Кіріктірілген шарттарды қолданады.
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру «Жеке жұмыс» №4 Тапсырма
A бүтін саны берілген. А саны нөлге тең болса – «нөл», бірге тең болса – «бір», екіге тең болса – «екі», әтпесе «Бұл санды білмеймін» сөздерін экранға шығар.
Осы есеп негізінде «Санды табу» тақырыбында жоба жасаймыз. Ең алдымен жоба пішінін дайындаймыз. Жоба пішініне Button, Edit компоненттерін орналастырамыз. Button батырмасына арналған кодын жазамыз
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a:integer;
begin
a:=strtoint (edit1.text);
if a=0 then
ShowMessage (‘нөл’)
else
if a=1 then
ShowMessage (‘бір’)
else
if a=2 then
ShowMessage (‘екі’)
еlse
ShowMessage (‘бұл санды білмеймін’);
end;
Дескриптор:
Кіріктірілген шарттарды біледі. Lazarus программалау ортасында программа жазады. Программа қатесін табады.
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру
| Интербесенді тақта
Оқулық,
стикерлер,
қима қағаздар
Интербесенді тақта
үлестірме парақшалар
Интербесенді тақта
Оқулық, дәптер, үлестірме парақшалар
Интербесенді тақта
Оқулық, дәптер, үлестірме парақшалар
Интербесенді тақта
Оқулық, дәптер,
компьютер.
| Сабақтың соңы
3 мин
1 мин
1 мин
| «Кім жылдам?» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын
1.Кіріктірілген шарт деген не?
2.Кіріктірілген шарттардың қанша жазылу нұсқасы бар?
3. Жоба жасауда қандай компоненттерді қолдандық?
4.Жобаны қалай іске қосамыз?
5.StrToInt оператордың қызметі қандай?
ҚБ Ауызша мадақтау, ынталандыру
Үйге тапсырма: §4.7 Кіріктірілген шарттарды программалау
Сабақ соңында оқушылар "Табыс сатысы" әдісі арқылы рефлексия жүргіземін:
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
| Интербесенді тақта Үлестірме қағаздар стикерлер
| Саралау – Сіз қандай тəсілмен
Көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай
тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау
| «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар беріліп, алдыңғы білім нақтыланады.
Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысымен қатар өз идеясын ұсыну дағдысы шыңдай түседі.
Тапсырма орындау барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай тиімді кері байланыс беріп отырамын.
« Кім жылдам?» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын. Үлгермей жатқан оқушылар кеңес алу үшін мұғалімнен немесе қабілеті жақсы оқушылардан көмек ала алады.
| "Сұрақ-жауап" әдісі Түрлі-түсті стикерлер қолдану «Кім жылдам?» әдісі Ынталандыру, қолдау жасау. Ауызша мадақтау, ынталандыру «Табыс сатысы» рефлексия
|
Компьютер сыныбында техника қауіпсіздігін сақтауды үнемі ескерту
| Сабақбойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген
болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта
саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді
пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма
жəне неліктен?
|
| Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?
|
|