Главная страница
Навигация по странице:

  • Практикалық дағдылары

  • Стационар.для студентов. Теория, лекция, сроп, сро


    Скачать 32.75 Kb.
    НазваниеТеория, лекция, сроп, сро
    Дата03.03.2022
    Размер32.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтационар.для студентов.docx
    ТипЛекция
    #382069



    Теория, лекция, СРОП, СРО.


    1. Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді - септикалық жағдайлар.

    2. Жүктіліктің І; ІІ жартысында қан кету.

    3. Акушерлік-гинекологиялық стационарларда эпидемияға қарсы режимді ұйымдастырудың негізгі принциптері

    4. Серіктес босану. Босануды жүргізу бойынша ДДҰ ұсыныстары.



    1. Плацента, кіндік, ұрық маңы суларының құрылысы мен қызметі.



    1. Антенатальды, интранатальды және постнатальды өлім

    2. Бала жолдасының ажырау белгілерін анықтау.



    1. Мезгілінен кеш босанудың ерекшеліктері.



    1. Жүкті әйелдердің патологиясы. Жүкті әйелдердің гипертензиясы. Клиникалық жіктелуі.



    1. Босану басталуының себептері. Босану белгілері.



    1. Жылуылық тізбегі. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау.


    1. Үшінші кезеңді жүргізу. Плацентаның бөліну белгілері.


    1. Плацентаның, кіндік бау,қағанақ суының құрамы, маңызы.



    1. Әйел репродуктивті қызыметінің бұзылысы.

    2. Серіктес босану. босану. Босануды жүргізу бойынша ДДҰ ұсыныстары.




    1. Уақытан бұрын босану. Шала туылған ұрықтың белгілері



    1. Үшінші кезеңді жүргізу. Плацентаның бөліну белгілері.




    1. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар.



    1. Қауіпсіз ана принциптері. Босану кезеңдері.


    1. Жылуылық тізбегі. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау.




    1. Экстрагениталды патология кезіндегі жүктілік және босану ағымының ерекшеліктері.


    1. Плацентаның, кіндік бау,қағанақ суының құрамы, маңызы.



    1. Босану себептері. Босану белгілері.


    1. Жылуылық тізбегі. Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жағдайын бағалау.



    1. Жүктілік және экстрагенитальды патология




    1. Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді - септикалық жағдайларда шұғыл көмек көрсету




    1. ДВС синдром




    1. Жүктіліктің критикалық кезеңдері. Ана мен ұрықтың ағзасына зиянды факторлардың әсері.



    1. Физиологиялық жүктілікті бақылау. Антенаталды күтімдегі мейірбикенің рөлі.


    1. Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді - септикалық жағдайлар..


    1. Жүктіліктің бірінші жартысында акушерлік қан кету. Клиникасы.




    1. Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді - септикалық жағдайларда шұғыл көмек көрсету



    Есептер:

    1. Перзентханаға 35апталық жүкті әйел түсті. Шағымдары: ұрықтың нашар қозғалуына. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 және 110/75мм.с.б.. Пульс 75уд/мин. ІШ-87см, ЖТБ-32см.Ұрық бойлық орналасқан, басы кіші жамбасқа жақын орналасқан. Ұрықтың жүрек соғуы 100 рет минутына. Ісіну жоқ. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Қайталап босанушы Г. 30 жастағы босану мерзімі жеткен, жамбас өлшемдері қалыпты. Толғақ басталғаннан кейін 10 сағаттан соң перзентханаға түсті. Қынап зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ суы жоқ. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. 22 жастағы алғаш жүкті әйел жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға уйде болған эклампсия ұстауымен жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі тежелген. АҚ 180/100 190/110 мм. с.тері жамылғысы бозарған, аяқтың айқын ісінуі байқалады. Ұрықтың жүрек соғуы 100 уд / мин. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз

    2. Перзентханаға жүкті әйел толғақпен жеткізілді. Салмағы 4000,0, ұзындығы 56 см.жетілген ұрық дүниеге келді. Босанғаннан кейін 700 мл қан бөлініп, қан кету жалғасуда. Жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ, нашар қысқарады. Объективті: ауырлық дәрежесі орташа жағдайда. Бас айналу, құлақтағы шу. Тері жамылғысы бозғылт, ақ 90/60 мм.с.б.. пульс 100 уд /мин. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. 25 жастағы бірінші көтеруші кезекті күшенуден кейін жетіліп туылған қызды дүниеге әкелді.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс 80 уд / мин. бала туғаннан кейін 10 минуттан кейін жыныстық мүшелерден қан кету, шамамен – 100-150 мл қан кету пайда болды. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Көп босанушы әйел,жасы 34–те. Босанғаннан кейін 10 минут өтті. Бала жолдасы туылған жоқ. Босанған әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ-110/70 мм.с.б. 110/75 мм.с.б. Тамыр соғысы 80 рет минутына. Қынаптан аз мөлшерде қан көрінеді. Жағдайын бағалаңыз. Мәселені анықтаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Жүкті әйел жүктіліктің 33 аптасында перзентханаға келді. Бас айналуына,көз алдының қарауытуына, эпигастрии аймағының ауруына шағымданды. Объективті тексерген кезде бетінің бұлшық еттерінің жыбырлап, бұлшық еттері құрысты. АҚҚ 180/110 және 190/110 мм.с.б. Тамыр соғысы 110 рет минутына. Ұрықтың жүрек соғысы 180 рет минутына. Жағдайын бағалаңыз Жорамал диагноз қойыңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз.



    1. Перзентхананың патология бөлімінде жүкті әйел бас ауруына, "көздің қарауытуы", екі рет құсу шағымдарымен жүгінді. АҚ 180/110, 190/120 мм.с.б. Жатыр жүктіліктің 38-39 аптасына сәйкес келеді. Аяқтарда, іште жаппай ісіну. Зәрде ақуыз 0,3 г/л. Жағдайын бағалаңыз. Мәселені анықтаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Перзентханаға патология бөліміне 34 жастағы жүкті әйел түсті. Жүктілік 34 апта + 4 күн. Шағымы: толғақ тәрізді ішінің төмен жағы ауырады.Анамнезі: жүктілік ІІ, бірінші жүктілік 2 жыл бұрын болған түсікпен аяқталды 10 аптасында.Объективті тексеруде: АҚ 110/70 және 100/60 мм.с.б.,РS-78 минутына. Іш шеңбері 80см, жатыр биіктігі 28 см. Нәресте жүрек қағысы 140 минутына. Жағдайын бағалаңыз Жорамал диагноз қойыңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Қайталап босанушы Г. 32 жастағы босану мерзімі жеткен, жамбас өлшемдері қалыпты.Толғақ басталғаннан кейін 10 сағаттан соң перзентхананың босанушы бөліміне түсті.Қынап зерттеуде: жатыр мойыны толық ашылған.Нәресте төбе жігі жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Қағанақ суы жоқ. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз.



    1. Жүкті әйел жүктіліктің 36+4 аптасында перзентханаға келді. Шағымы: бас айналуына, шүйде аймағының ауырсынуына, бет бұлшық еттерінің жыбырлауына. АҚҚ 180/100 және 190/110 мм.с.б. Тамыр соғысы 110 рет минутына. Ұрықтың жүрек соғысы 170 рет минутына. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз.



    1. Босанушы Р., 25 жастағы бірінші босанатын әйел, мезгіліне жеткен жүктілік. Тоғақ басталғаннан кейін, 2 сағаттан соң перзентханаға түсті. Шағымы толғақтың әр 10-15 минутына. Қағанақ суы түгел. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Перзентханаға босану қабылдау бөліміне түскен 35 жастағы жүкті әйел ішінің тұрақты ауырсынуына, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліндінің болуына шағымданды. Жүктілік мерзімі 35-36 апта. АҚҚ 130/90, 140/90 мм сын бағ. Балтырында, іштің алдыңғы қабырғасында ісік бар. Жатыр қозған, локальды ауырсыну бар. Ұрықтың жүрек соғысы 180 рет/ мин. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз.



    1. 38 жасар босанушы әйел босанудан кейі, 4500,0 гр салмақты ірі нәрестені босанып босану залында жатыр. Өздігінен ажырап, бөлініп шыққан бала жолдасы туылғаннан 10 минут өткен соң жыныс мөлшерінде қан кету басталды, 600,0 мл ге дейін жетті және жалғасуда. Пальпацияда жатыр жұмсақ, жатыр түбі биіктігі кіндік деңгейінде. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. 22 жастағы алғаш жүкті әйел жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға уйде болған эклампсия ұстауымен жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі тежелген. АҚ 180/100 190/110 мм. с.тері жамылғысы бозарған, аяқтың айқын ісінуі байқалады. Ұрықтың жүрек соғуы 100 уд / мин. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Босанып жүрген 36 жастағы әйел,толғағы басталған соң 4 сағаттан кейін перзентханаға түскен.Жүктіліктің мерзімі жетілген,қағанақ суы кетпеген.Түскен кездегі АҚ 160/200 мм.сын.баға. аяқтары ісінген,зәрде 1 % белок бар.Әйел кенет ішін кернеп тұрған ауыру сезімі пайда болғандығына шағымданған.Жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің ен бөлігі анықталмайды.Нәрестенің жүрек соғысы әлсіз,мин 90 рет. Жатыр қатайған. Кернеуленіп сол жақ бұрышына қарай ығысқан.Тамыр соғуы 150 рет. Жұмсақ,әлсіз толымды. Қан шығыны жоқ.АҚ 150/90 мм.сын.бағ. Қынаптық зерттеуде:жатыр,мойыны жазылған,ашылуы 5 см,қағанақ қуығы бүтін кернеулі.Нәрестенің еш бөлігі анықталмайды. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Кесар тілігі босандыру операциясының үшінші күні әйелдің іші аурып кебе бастады.Дене қызуы 38, 3 градус, тамыр соғысы минутына 120 рет, ритмді, жиі.Жатыр түбі кіндік тұсында.Сипалау барысында жатыр аурады. Іші кепкен.Ішек қымылы әлсіз.Жыныс мүшелерінен бір қалыпты қанды бөлінді көрінеді. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Үйде босанғаннан кейін әйелді перзентханаға жеткізілді. Босанғаннан кейін жыныс жолдарынан қан кету басталды. 600 мл қан бөлініп, қан кету жалғасуда. Объективті: жағдайы ауыр. бас айналу. Тері бозғылт, суық термен жабылған. АҚ 90/60 мм.сын.жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ, нашар қысқарады. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Бұрын босанған әйел.Мезгіліне жетіп босануы.Босану қызметі басталсымен

    жайлап қан кетті.Босанатын әйелдің жалпы жағдайы орташа.Жанбасы қалыпты.Бала көлденен орналасқан,басы сол,жамбасы оң жағында анықталады.Кіші жамбасқа қараған бөлігі жоқ.Жүрек соғыс анық.Қынаптық зерттеу: жатыр мойны қысқарған,ернеудің ашылымы 4 см,оның алдынғы және сол жақ бойында 2 см көлемінде бала орнының тіні анықталады. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз


    1. Әйелді босанатын үйге толғақпен жеткізілді. Салмағы 4000,0, ұзындығы 56 см.жетілген бала дүниеге келді. Босанғаннан кейін 700 мл қан бөлініп, қан кету жалғасуда. Жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ, нашар қысқарады. Объективті: ауырлық дәрежесі орташа жағдайда. Бас айналу, құлақтағы шу. Тері жамылғысы бозғылт, ақ 90/60 мм.с.б.. пульс 100 уд /мин. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз




    1. 25 жастағы бірінші көтеруші кезекті күшенуден кейін жетіліп туылған қызды дүниеге әкелді.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс 80 уд / мин. бала туғаннан кейін 10 минуттан кейін жыныстық мүшелерден қан кету, шамамен – 100-150 мл қан кету пайда болды. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз




    1. Босану процесі қалыпты өтті және тірі бала туылуымен аяқталды. Бала жолдасы 20 минуттан кейін өздігінен ажырады. Қарау барысында оның түгел еместігіне күдік туды. Босанған әйелдің жалпы жағдайы жақсы, қан кетпеген. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз

    2. Босану үйіне суы кетіп, босану қызметінсіз жүкті әйел түсті. Сыртқы акушерлік тексеру барысында баланың жамбасымен келуі анықталды. Болжам бойынша босану уақыты 1 аптадан кейін. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз




    1. 33 жастағы жүкті әйел іші ауырып, жыныс жолдарынан қан көрініп, еманаға түсті. Іш көлемі- 102 см, жатыр деңгейі- 37см. Жатыр түбі қатайған, ауырады. Толғағы жоқ. Бала тігімен орналасқан, басымен келегн, кіші жамбасқа тірелген. Баланың жорамал салмағы бойынша 3700,0. Жүрек соғысы минутына 150 рет, бәсеңдеген. Жамбас өлшемдері 25-28-32-20см. Соловьев индексі- 14 см. Жыныс жолдарынан қан көрінеді. Кіші дәретте белок бар. Қан қысымы 160/100, 150/100 мм. сын. бағ. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Жүкті әйел жыныс мүшесінен қан көрініп, ішінің төменгі жағы ауырып емханаға түсті.Жамбас өлшемдері 25-29-32-21 см. Жатыр сәл қатайған, кіші жамбасқа қарайтын бөлігі анықталынбайды. Сол жағында дөңгеленген қатты бөлік, оң жағында баланың жұмсақ ірі бөлігі сезіледі. Жүрек соғысы кіндік тұсында жақсы сезіледі. Жыныс мүшесінен аздап қан көрінеді. Қынаптық зерттеу: сыртқы ернеуден қан көрінеді, жатыр мойыны сақталынған, мойынша каналы саусақтың ұшын жібереді, ішкі анықталынбайды. Сегізкөз мүйісі жеткізбейді. Қынаптық зерттеуден кейін қанды бөлінді күшейе түсті. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. 24 жастағы жүкті әйел көп суы кетіп босану үйіне түсті. 1-ші көтеруі. Жүктіліктің 1-ші жартысында ерте токсикозбен, ал екінші жартысы асқынусыз өтті. Жамбас өлшемдері -25-28-30-20 см. Соловьев индексі 14 см. Іш көлемі- 106см, жатыр деңгейі- 38 см. Баланың басы кіші жамбас қуысына тірелегн. Жүрек соғысы минутына 136 рет . Жүктілік 41-42 аптаға сәйкес келеді. Болжам бойынша баланың салмағы- 4000,0. Қынаптық зерттеу: жатыр мойыны сәл жұмсарған. Су қабы жоқ. Бала басының сүйектері қатайған. Сегізкөз мүйісі жеткізбейді, мекония араласқан су кетіп жатыр. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Әйел жәрдем машина көмегімен аудандық ауруханаға ауыр жағдайда түсті. 2 құрсақ көтерген, алғашқы жүктілігін 4 жыл бұрын асқынуысыз босанған. Онан кейін екі жақты жатыр қосалқасының қабынуы болған. Соңғы 2 жыл көлеміндегі бірнеше рет қабынудың қозуы байқалған.Етеккірі тоқтап, әйел өзін жүктімін деп санаған. Кенеттен іші ауырып, ол көтен ішекке, сыртқы жыныс мүшелеріне берілген, есінен танып қалған. Қынаптың зерттеу: жыныс мүшелері дұрыс жетілген. Қынаппен жатыр мойынының шырышты қабаттары көгерген. Алдыңғы іш қабатының қатты ауруына байланысты, жатырды сипалап көру қиынға түсті, көлемі үлкейген, жұмсарған. Оң жақтағы жатыр қосалқасын сипалау барысында өте қатты ауыратындығы анықталды. Қынаптың артқы күмбезі ісінген, ауырады. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз



    1. Жүкті әйел жыныс мүшесінен қан көрініп, ішінің төменгі жағы ауырып емханаға түсті.Жамбас өлшемдері 25-29-32-21 см. Жатыр сәл қатайған, кіші жамбасқа қарайтын бөлігі анықталынбайды. Сол жағында дөңгеленген қатты бөлік, оң жағында баланың жұмсақ ірі бөлігі сезіледі. Жүрек соғысы кіндік тұсында жақсы сезіледі. Жыныс мүшесінен аздап қан көрінеді. Қынаптық зерттеу: сыртқы ернеуден қан көрінеді, жатыр мойыны сақталынған, мойынша каналы саусақтың ұшын жібереді, ішкі анықталынбайды. Сегізкөз мүйісі жеткізбейді. Қынаптық зерттеуден кейін қанды бөлінді күшейе түсті Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз .

    2. Босану үйіне суы кетіп, босану қызметінсіз жүкті әйел түсті. Сыртқы акушерлік тексеру барысында баланың жамбасымен келуі анықталды. Болжам бойынша босану уақыты 1 аптадан кейін. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз




    1. 24 жастағы әйел адам жыныс мүшесінен қан көргендігіне, жүрегі айнып, құсатындығына және аяғының ісінгендігіне шағымданды. Бір рет құрсақ көтерген, ол асқынусыз босану процесімен өткен. Соңғы етеккірі 3-4 ай бұрын болған, өзін жүктімін деп есептейді. Жүктіліктің 1 –ші жартысындағы токсикоз ерте басталған, емделген, емі нәтижесіз болды, күннен- күнге токсикоздың белгісі күшейе түскен. Соңғы екі апта бұрын аяғында ісік, ас айналу, әлсіздік пайда болды. Тексеру барысында іші үлкейген, баланың ірі, майда бөліктері анықталынбайды, жүре соғысы естілмейді. Жатыр түбі кіндіктен 2 см төмен. Қынаптық зерттеу: жатыры дұрыс орналасқан, ауырмайды, қаттылау. Қынап күмбезі арқылы жатыр ішіндегі бала бөліктерін анықтау мүмкін емес. Сыртқы ернеу сәл ашылған. Жатырдың сол жағында және артында 6x 4 x5 см-лік ісік анықталынды, беті тегіс, қозғалысы сәл шектелген. Жағдайын бағалаңыз. Акушерканың араласу жоспарын құрыңыз


    Практикалық дағдылары:



    1. Нәрестенің жүрек соғысын анықтау алгоритмі

    2. ІІІ- кезеңді белсенді өткізу(алгоритм).

    3. Плацентаның бөліну белгілері

    4. Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

    5. Кюстнер – Чукалов бойынша бала жолдасының бөлінуін тексеру.

    6. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету алгоритмі

    7. Босанғаннан кейінгі қан кету кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

    8. Преэклампсия ауыр дәрежесі кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі

    9. Партограмма толтыру алгоритмі

    10. Босанудың ІІ кезеңін өткізу.

    11. Сүт безін қарау және пальпациялау алгоритмі.

    12. Іш шеңбері мен жатыр түбі биіктігін өлшеу алгоритмі

    13. Босанғаннан кейінгі кезеңде іріңді - септикалық жағдайларда шұғыл көмек көрсету

    14. Бала жолдасын тексеру алгоритмі.

    15. Қан кетуді тексеру және анықтау алгоритмі

    16. Акушерия және гинекологиялық мекемелердің құжаттарын ( №92бұйрыққа сәйкес) толтыру.

    17. Акушерлік және гинекологиялық анамнез жинау

    18. ДСИ есептеу

    19. Сүт безін қарау және пальпациялау

    20. Іш шеңберін,жатыр биіктігін өлшеу

    21. Гравидограмма толтыру

    22. Сыртқы акушерлік тексеру-Леопольд-Левицкии әдістемесі

    23. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау.

    24. Нәрестенің жорамал салмағын анықтау. Формула Жордания

    25. Жүктіліктің мерзімін,босану және ДДО күнін анықтау

    26. Екі қолмен ( бимануальды) зерттеу, жатыр мойнын қынаптық айна арқылы тексеру

    27. Қынаптың тазалық дәрежесіне жұғынды алу

    28. Бактериялық (гонореяға) тексеру жұғынды алу.

    29. Онкоцитология тексеру жұғынды алу.

    30. РаР- жұғынды алу

    31. Отбасын жоспарлау кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

    32. Преэклампсия ауыр дәрежесінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі

    33. Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі

    34. Босанғаннан кейінгі қан кетуде шұғыл көмек көрсетуге қатысу

    35. Жатыр қуысын диагностикалық қыру үшін жиынтық дайындау

    36. ҚРДМ негізгі клиникалық протоколдары мен бұйрықтарын меңгеру БМСК



    написать администратору сайта