1- Семинар. Теориялы(тарихисалыстырмалы, модельдеу, болжалды талдау, себепсалдарлы талдау), эмпирикалы(практикалы)
Скачать 17.28 Kb.
|
Педагогиканың ғылым ретіндегі пәні неден байқалатынын ашып көрсетіңіз. Бұл проблемаға К.Д.Ушинский қандай анықтама бергеніне тоқталыңыз. Педагогиканың ғылым ретіндегі пәні – адам , дамыған , тәрбие мен білімді бойына сіңірген , жан-жақты қалыптасқан тұлға. Тұлға өмір бойы өзіне қажетті білімді, тәрбиені іздеп , оны алып келеді . Өмір сүретін ортасын қалыптастырады. Сол себепті педагогика жеке адамның , топтың , ұжымның жетілуіне ықпал ететін қоғамды да , құбылысты да танып-білуге тырысады, зерттейді. Ал осы арада қолданылатын әдіс-тәсілдер жеткіліксіз. Яғни, педагогика сөз жоқ басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады және өзі ақиқат деп тапқан барлық құндылықтарды таңдап алуы керек. Осымен байланысты К.Д.Ушинский мынадай анықтама берген : «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе , онда ол бәрінен бұрын оны барлық жағынан танып-білуі керек" . Бұл білімдердің бір-бірімен өзара сабақтастығы қажет екенін, олардың өзара әсері , мазмұны , әдістері мен құралдары аса маңызды болып табылатындығын көрсетеді. Педагогика тұлғаға жалпы шолу жасап , оның әр қырын тізбектей отырып саралаудан өткізеді. Яғни, ол адамның осал тұстарымен қалай жұмыс жасау керектігін біліп , дамыған тұстарын үнемі жетілдіріп отырудың маңыздылығына да тоқталатыны сөзсіз. Адам барлық салада қызмет атқарады. Сол себепті оның бірінші кезекте тәрбиесіне, алған біліміне , қолданатын әдістеріне баса назар аударады. Міне , мұның өзі адам қай жерде , қай салада болмасын оны тәрбиелеп отыратын педагогиканың да бірге жүретінін білдіреді 1 . Педагогиканың негізгі категорияларының қатарына тәрбие, оқу (оқыту) , білім беру жатады . Осы категориялардың өзара байланысынан адам дамиды , жетіледі. Педагогикалық теорияны жасауда зерттеудің 2 әдістері ғылыми негіз болып табылады : теориялық(тарихи-салыстырмалы, модельдеу, болжалды талдау , себеп-салдарлы талдау) , эмпирикалық(практикалық)( бақылау, интервью, мониторинг, тәжірибелерді талдау , рейтинг , педагогикалық эксперимент және т.б). Педагогика жалпы адамзатқа қатысты нәрсенің барлығымен байланысты. Яғни, ол “ адамтану ғылымдарымен" – философия , физиология, психология, социология, тарих ,экономика, мәдениеттану ,экология секілді пәндермен тығыз байланыста болады. Себебі мұндағы басты объект – адам. Педагогика салыстырмалы, тарихы, бейресми , әлеуметтік, мектеп,әскери және тағы басқа салаларға бөлінеді. Олар өз ауқымындағы адамдардың қоғамда өзін ұстауын , тәрбиесін , білім алу , даму процестерін қадағалай отырып зерттейді , нәтиже шығарады. Педагогиканың дамуына аса маңызды үлес қосқан әлемнің ұлы педагогтары: К.Д.Ушинский, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег,И.Ф.Гербарт , А.Макаренко,Дж.Локк . Педагогика тарихында 3 зерттеу әдістері қолданылады : жалпы ғылыми әдістер: логикалық, тарихи , жүйелік-құрылымдық талдау; тарихи әдістер: тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-жүйелілік; педагогикалық әдістер: факторлар мен оқиғалардың теориялық әдісі , мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық іс-тәжірибелерді зерттеп, қорытындылау , педагогикалық материалдарды статистикалық тұрғыда өңдеу әдісі және т.б. Болашақ мұғалімдер тек білім берумен шектелмейді . Олар сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеп, дамытып,оқытып,тұлға болып қалыптасуында зор рөл атқарады. Бала тәрбиелеудің негізгі функцияларын , педагогикалық оқыту-тәсілдерімен, іс-тәжірибелермен, әдіснамамен танысу , зерттеу, қорытындылау барысында педагогика тарихының алатын орны ерекше екені даусыз. Сонау заманнан бері қалыптасқан әдіс-тәсілдерді бағамдай отырып , саналы ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие береді. |