Главная страница

Тері меланомасының. Тері меланомасыны ерте белгілері


Скачать 16.6 Kb.
НазваниеТері меланомасыны ерте белгілері
Дата02.03.2023
Размер16.6 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТері меланомасының.docx
ТипДокументы
#965346

Тері меланомасының

ерте белгілері

Тері меланомасы – ең қауіпті онкологиялық аурулардың бірі

  1. Қал (Невус) бетіндегі тері суретінің жоғалуы;

  2. Қал (Невус) бетінде жылтыр қабықтың пайда болуы;

  3. Қалдың формасының өзгеруі, ассиметрияның пайда болуы немесе қал жиектерінің дұрыс емес формаға ауысуы;

  4. Қалдың горизонтальды, вертикальды өсуі;

  5. Қал аймағында ысыну, қышу және ауыру сезімінің болуы;

  6. Қалдың бетінде өсіндінің көзге көрінетін үлкеюінсіз болатын түйіндердің пайда болуы;

  7. Құрғақ қабықтың пайда болуымен жүретін қал бетінің қабыршақтануы;

  8. Қал түсінің бөліктік (біркелкі емес) немесе толығымен өзгеруі;

  9. Консистенциясының өзгеруі, қалды ұстап көргенде байқалатын жұмсаруы;

  10. Қал үстіндегі эпидермистің жаралануы;

  11. Қал орналасқан аймақта және қоршаған тіндерде қабынудың болуы;

  12. Қал бетінің дымқылдануы;

  13. Қалдың қанауы.

Жоғарыда айтылған симптомдар байқалған кезде міндетті түрде онколог немесе дерматолог дәрігерге жүгіну керек

Теріде формасын, өлшемін немесе пигментациясын өзгерткен кез-келген өсінді міндетті түрде онколог немесе дерматолог дәрігермен қаралуы керек. Визиальды қарап тексерумен қоса меланоманың диагностикалауда қосымша әдіс ретінде дерматоскопия қолданылуы мүмкін. Біріншілік тері меланомасы нақты диагнозы гистологиялық зерттеулер нәтижесінде қойылады.

Есте сақтаңыз: тері өсінділерінің диагностикасымен және емімен тек дәрігер-онколог немес дәрігер-дерматолог айналыса алады. Қалды дұрыс емес алып тастау рецидивке немесе меланоманың дамуына алып келуі мүмкін.

Қауып топтары:

  • Кәсіби қызметіне байланысты уақытының көп бөлігін ультракүлгін сәулелену астында болатын, үнемі химиялық концерогендермен, иондаушы радиациямен және электромагниттік сәулемен байланыста болатын адамдар;

  • Ағза пигментациясының бұзылысы бар адамдар (ашық фенотип)

  • Гендің детерминирленген немесе жүре пайда болған иммунодефициті бар адамдар;

  • Тері меланомасы бар науқастардың туыстары;

  • Ұзақ уақыт гормональды препарат қабылдайтын адамдар;

  • Пигменттік қалдар үнемі мезаникалық зақымдануға ұшырайтын адамдар;

  • Өлшемі 1,5 см үлкен және қара немесе қою-қоңыр түсті пигментті дақтары бар адамдар;

  • Терісінде кез-келген өлшемдегі 50-ден көп қалдары бар науқастар;

  • Жүктілік және лактация кезіндегі әйелдер.

Бір немесе бірнеше қауіп факторлар бар болса, онколог немесе дерматолог дәрігерден жылына 1 рет профилактикалық тексеруден өту керек;

Ұзақ уақыт күннің астында тұрудан, зиянды әдеттерден сақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды заттармен жұмыс жасау барысында қорғаныс заттарын пайдалану арқылы тері меланомасы пайда болуын 50% дейін азайтуға болады.


написать администратору сайта