ҚМЖ теріс пыйғылды діндер. Теріс пиылды діни аымдар,оларды белгілері мен зардабы Оыту мен трбиелеуді міндеттері
Скачать 22.16 Kb.
|
Теріс пиғылды діни ағымдар,олардың белгілері мен зардабы Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 1.Оқушыларға теріс пиғылды діни ағымдар,олардың белгілері мен зардабы туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту. 2.Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету. 3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу. Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту. Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Әдісі: интерактивті оқыту әдісі. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Жаңа материалды түсіндіру Теріс пиғылды діни ағымдардың мақсаты Батыста оларды жаңа діндер деп атайды.Ондай діни ұйымдар елдің тыныштығын бұзуға әрекет етеді.Олардың әрекеті сол мемлекеттің адамдары мен қоғам өміріне аса қауіпті деп саналады.Олар адамның мінез-құлқын зерттеп,әсер ету жолдарын жүргізеді. ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ 1.Ұйымдастырушылық тактикалары 2.Кадрлар тарту әдістері 3.Ілім беру ерекшеліктері 1 мәселе бойынша бір орталыққа байлану,қатаң заңдарға бағыну,жан-қиярлықпен насихат жүргізу,ұйымдастыру. 2 мәселе бойынша кадрлар тарту немесе жақтастарын көбейту 3 мәселе бойынша насихат жүргізуде діни құлшылықты болдырмау,адамның ой-түйсігіне әсер ету Теріс пиғылды діни ғұрыптардың ықпалына түскен адамды қалай айыруға болады -араласып жүрген адамдары,кәсібі,отбасы,достарына қарым-қатынасы өзгереді -діни тақырыптарға әсіре әуестенушілік -отаншылдық,өз елінің мәдениеті,салт-дәстүріата-бабасына мысқылдап қарау,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуден қалу -ата-анасына бағынбау,,істерін теріс көру -бөтен пікірлер айту,оғаш қылықтар көрсету -еш себепсіз үйден кетіп қалу -кітапханадағы әдебиеттердің мазмұнының өзгеруі -тамақтану тәртібінің бұзылуы -өзінен-өзі тұйықталу III. Сабақты қорытындылау. IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. V. Үйге тапсырма. |