Термины. термин. Термин лат terminus
Скачать 16.8 Kb.
|
Термин – (лат. terminus деген сөзі, қазақша мағынасы – бір нәрсенің шегі, шекара) шекралық белгі. Терминдер – ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздері. Терминдер – нақты бір ұғым атауы. Терминдердің лексмканың басқа түрлерінен басты айырмашылығы олар көп мағыналы емес, бір ғана нақты мағыналы болып келеді: оларда эмоционалды бояу, экспрессивті – стилистикалық қызмет болмайды. туыстық атаулар: ата, әже, апа, сіңілі, келін, жиен, т.б. табиғат құбылыстары мен олардың байлығын көрсететін терминдер: жер, тау, тас, алтын, күміс, темір, т.б. қоғамдық – саяси құрылысты көрсететін терминдер: қаған, бек, тархан, құл, күң, шығай, т.б. мал шаруашылығы терминдері: ат, айғыр, тай, бұқа, т.б. анатомиялық атаулар: бас, аяқ, құлақ, жүрек, т.б. Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады. «Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді». Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. Экспрессивтік бояу әр стильде әр түрлі болып келеді. Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тәуелдік жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты қосымша әр қилы экспрессивтік реңк береді. Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, кекету мағыналарын береді: әкетай, ағажан, Мәке, Секе, апай, ағай, ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде әрі әсерлі, әрі бейнелегіштік, мәнерлегіштік қасиетімен көзге түседі. |