Аралық бақылау 3 вар. Тестовые задания к рубежному контролю по разделу нефрология Дисциплина Основы внутренних болезней Для студентов 4 курса ом
Скачать 38.55 Kb.
|
Тестовые задания к рубежному контролю по разделу «НЕФРОЛОГИЯ» Дисциплина «Основы внутренних болезней» Для студентов 4 курса ОМ 2020-2021 учебный год Вариант 3 Соматикалық бөлімшеде зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды алу төменде келтірілген әдістердің біреуімен жүргізіледі: а) тәуліктік зәр көлемінен б) несептің кез келген порциясынан в) қуық пункциясы арқылы г) қуық катетеризациясы арқылы д) ортаңғы порциясын стерилді ыдысқа жинау арқылы 2. Қыз бала 15 жаста. Бел аймағындағы, негізінен оң жақтан тұйық ауру сезіміне, дене қызуының 39С жоғарылап, қалтырауына, зәрінің лайлануына шағымданып түсті. Қараған кезде: тері жамылғылары қалыпты, ісінулер жоқ, оң бүйрек пальпацияланады, ауырады, АҚҚ 100/ 70мм с.б. Қан талдауында: лейкоциттер 16х109/л, ЭТЖ 40мм/сағ. Несеп талдауында: менш. салмағы - 1009-1016, белок 0,66 г/л, зәр тұнбасында лейкоциттер – көру аймағын түгел қамтиды, эритроциттер 1-2 к/а, гиалиндік цилиндрлер – бірен-саран. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагноз қандай? нефроптоз жедел пиелонефрит несеп тас ауруы жедел гломерулонефрит созылмалы пиелонефрит 3. Фторхинолон препараттарын тағайындауға көрсеткіш: жүйелі аурулар балалардағы зәр шығару жолдарының инфекциясы ересектердегі зәр шығару жолдарының инфекциясы инфекциядан кейінгі жедел гломерулонефрит инфекциядан кейінгі интерстициальды нефрит 4. Симптомсыз бактериурия анықталған жағдайды антибактериялық емді қажет етпейтін пациентті анықтаңыз жасөспірім жүкті әйел қант диабеті бар науқас қуық атониясы бар науқас бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқас 5. Көкірің таяқшасын емдеуде таңдамалы дәрілік зат: цефтазидим тетрациклин трихопол гентамицин амикацин 6. Гломерулонефритте зақымдалады: бүйрек интерстициі қуықтың шырышты қабаты негізінен және бірінші кезекте шумақтар бүйректің тамырлық және лимфа жүйесі түтікшелер, интерстиций, табақша-тостағанша аппараты 7. Нефротикалық синдромға қандай клиникалық және зертханалық өзгерістер тән? ісінулер, гиперлипидемия, протеинурия гипертензия, гиперазотемия, гематурия гепатоспленомегалия, анемия, протеинурия гипертензия, протеинурия, гиперлипидемия макрогематурия, диспротеинемия, гиперлипидемия 8. Нефритикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі: катехоламиндер синтезінің жоғарылауы нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі 9. 3 жастағы ер бала, айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырған. АҚҚ 110/70 мм с.б., зәрі ақшыл-сары. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л. ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай? жедел цистит жедел пиелонефрит нефритикалық синдром зәр жолдарының инфекциясы нефротикалық синдром 10. Тез үдемелі гломерулонефритке тән бүйректің морфологиялық зақымдалуы: экстракапиллярлы минималды өзгерістер мембранозды нефропатия мезангиопролиферативті мембранопролиферативті 11. Қандай дәрілік заттар тобынан бүйректің жедел зақымдалуы дамиды? макролид пенициллин цефалоспорин сульфаниламид аминогликозид 12. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің диурез азаюы сатысында науқасқа төнетін қауіп қандай? өкпе ісінуі дегидратация гипокалиемия артериялдық гипотензия тыныс жеткіліксіздігі 13. Төменде келтірілгендердің ішінен жедел постстрептококкты гломерулонефрит кезіндегі азотемияның себебін көрсетіңіз: өзекшелердің дистрофиясы протеинурия салдарынан висцералді эпителийдің зақымдалуы париеталді эпителийдің зақымдалуы шумақтағы қабынулық өзгерістер 14. Шок кезінде БЖЗ дамуының механизмін көрсетіңіз: вегетативті бұзылыстар қосарланған инфекция тіндерден шыққан токсиндер әсері антиген-антидене кешендерінің түзілуі артериялық қан қысымының лезде түсуі 15. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің олигурия сатысының мүмкін болатын ұзақтығын анықтаңыз: 1 жыл 1-2 апта бірнеше сағат екі айдан көп бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін 16. Қызмет атқаратын нефрондар саны азаюы кезінде бүйректің созылмалы ауруының үдеуінің механизмі: гиперфильтрация обструктивтік уропатия бүйрек қан тамырларының васкулиті шумақтардың иммунды қабынуы зәр шығару жүйесінің инфекциясы 17. Бүйректің созылмалы ауруының қандай асқынуы диализдік ем арқылы реттелмейді? ісінулер ацидоз анемия гиперкалиемия уремиялық интоксикация 18. 16 жастағы қыз бала, ауруханаға түскенде: АҚҚ 160/90 мм с.б., қан талдауында: гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 26мм/сағ; биохимия: креатинин 200 мкмоль/л, ШФЖ 50мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а;. УДЗ: табақша тостағанша жүйесінің деформациясы. Сіздің болжама диагноз: бүйректің созылмалы ауруы, І сатысы бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы созылмалы пиелонефрит, белсенді фазасы созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі сақталған 19. Шумақтық фильтрация жылдамдығының қандай көрсеткіші протеинурия болмаса да нефропротекциялық емді қажет ететін бүйректің созылмалы ауруының 3 сатысына сәйкес келеді? 90-120 мл/мин 89-60 мл/мин 59-30 мл/мин 29-15 мл/мин 15 мл/мин-ден төмен 20. Науқас С., 16 жаста, клиникаға келесі шағымдармен түсті: айқын әлсіздік, ентігу, бас ауыруы, лоқсу. 19 жасында ісінумен жүрген бүйрек ауруымен ауырған. Кейінгі жылдарда кейде бетінің аздап ісінуі, айқын емес протенурия байқалып тұрған. Ауруханаға түскен кезде: терісі құрғақ, сарғыш түсті бозғылт, ісіну жоқ. Жүрек шекарасы солға ығысқан. АҚ 150/90 – 160/100 мм с.б. Анализінде: Нв 50г/л, екі қайтара зерттелген креатинин 440-500 мкмоль/л. Тәуліктік диурез 2200 мл. Зәрде белок 0,9 г/л, мен.сал. 1006-1010, тұнбасында: эритроциттер – бірен-саран. ШФЖ-14мл/мин. Бірінші кезекте жүргілізетін ЕҢ маңызды зерттеу әдісі қандай? цистография экскреторлы урография ретроградты пиелография ШФЖ қайта есептеу, қан электролиттері, бүйрек УДЗ бүйрек биопсиясы, биоптатты морфологиялық зерттеу |