Главная страница
Навигация по странице:

  • 11 класс ( 23.05)

  • Дискуссивті эссе.

  • СОЧ 4 чет тындалым. Тыдалым 9 класс (9 б 24. 05, 9 В,Г 23. 05)


    Скачать 18.09 Kb.
    НазваниеТыдалым 9 класс (9 б 24. 05, 9 В,Г 23. 05)
    Дата18.05.2023
    Размер18.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСОЧ 4 чет тындалым.docx
    ТипДокументы
    #1140032

    Тыңдалым

    9 класс (9 б- 24.05, 9 В,Г – 23.05)

    Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар сияқты түрлі мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың байланыстары тұрғысынан қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия көрсетіп отыр. Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.

    Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол адамның мекен ету ортасы мен демографиялық процестердің байланысын зерттейді.

    Алайда эпидемиялар мен аштық салдарынан адам саны кеміген жағдайлар да орын алды. Ал ХХ ғасырда адам санының азаюына гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруы әсер етті. Оған Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония елдері дәлел.

    Қала – табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальді орта. Қалада өмір сүру адамның денсаулығына, демографиялық жағдайға ықпал етеді. Себебі қалада уақыт жетіспейді, ақпарат көп, дұрыс тамақтанбайды. (175 соз)

    11 класс ( 23.05)

    Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы – қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзімсіздік, шыдамсыздық түрлі дау-дамайға, тәртіпсіздікке, адам құқығының бұзылуына алып келеді. Кейбір қоғамдарда орын алып жатқан нәсілдік кемсітушіліктер, күмәнді таптаурын көзқарастар, дінаралық, ұлтаралық түйткілдер осы төзімсіздіктің салдары. Төзбеушілік орын алған жерде оған қарсы күш пайда болады. Бұл өзара жанжалдың ушығуына апарып соғады. Жеке адам өз бойындағы төзімсіздікпен күресуі үшін, алдымен қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға, кесірлі топтарға қатысты өзінің байсалды ұстанымын қалыптастыра білуі қажет. Сондай-ақ, әр адам өзіне

    «Мен өз ортамда төзімділік көрсетіп жүрмін бе?», «Өзімнің көзқарасыммен келіспейтіндерді қабылдай алып жүрмін бе?» дегендей мазмұнда сауал қоюы керек. Осы арада француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің: «…Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін», – деген сөзін келтіре кетейік. Бұдан біз өзгенің наным- сенімін, өмірлік ұстанымын сыйлау, сондай-ақ, жаратылыстар болмысының әртекті келетініне түсіністікпен қарау қажеттігін ұғамыз.

    Әлемнің кереметі – ондағы тіршіліктің әртектілігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Жер бетінде өзіндік ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі ұлттар тұрады. Жер жүзіндегі адамдардың түп-тамырына үңілер болсақ, олардың бір-бірімен жіпсіз байланысты екеніне көз жеткіземіз. Осы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін, біріншіден, толеранттылық керек. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын сыйлауға, бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. (255 сөз)

    Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады.

    Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады.


    написать администратору сайта