Эссе. Тілмемлекет тірегі
Скачать 18.62 Kb.
|
Тусупбекова Малика 11 Б сынып оқушысы мұғалімі: Сматаева С.Н. Тіл-мемлекет тірегі Жақында көпшiлiк қауым бiле бермейтiн немесе бiлсе де көп мән бере бермейтiн, бірақ қазақ халқына жағымды да және қызықты, (себебi, қазақ тiлiне байланысты) бiр факт оқыдым. ХIХ ғасырда тегi немiс орыс шығыстанушысы, түркiтанушысы В.В.Радлов былай деп жазған екен: "Мен әлемдегi барлық тiлдердiң iшiнде ең «Ұлы тiлдер» деп үш тiлдi танимын, олар: орыс, француз және қазақ тiлдерi".Аты әлемге әйгілі ғалымның бұл ойы бiздiң тiл үшiн қымбат дәреже. Оның замандасы болған шығыстанушы П. Мелиоранский де "Қазақ тiлi-түркi тiлдерiнiң iшiндегi ең бай тiл екенін барлық зерттеушiлер мойындайды " деп жазған. "Түркi тiлдерiнiң iшiндегi ең гауhары- қазақ тiлi" деген Мәшhүр Жүсiп Көпейұлының сөзi тағы да бар. Қазақ тiлiнiң байлығы туралы әлемге әйгiлi шығыстанушылар С.Малов, А.Янушкевич, А.Брем де жазған екен. Ең қызығы, мемлекеттiк тiлiмiздiң сөздiк қоры орыс, эстон, фламандық тiлдердiң сөз қорын бiрге алғанда солардан көп екенiн бiз қазақтар бiле бiлмейдi екенбiз. Атақты этникалық немiс әншiсi, орыс, немiс қазақ тiлдерiнiң бiлгірi Герольд Бельгер де: “Ең үлкен академиялық 17 томдық орыс сөздігінде 120 мың 488 сөз, Даль жазған 4 томдық “Сөздікте” 200 мың сөз тіркеліп түсіндірілген, ал 10 томдық қазақ сөздігіне 2 миллион 550 мың сөз енген екен” деп жазған екен. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші “2 миллион 550 мың сөз”! Тағы да сол Бельгер былай жазыпты “Шекспир, Байрон сөздіктері 15 мың сөзден тұрса , Мұхтар Әуезов тек қана бір “Абай жолын” жазу үшін 17 мың сөз пайдаланыпты.” Керемет емес пе? Қазақ тілі тек қана бай емес, сұлу, әрі икемді. Ана сүтімен сіңген тіліміз арқылы дүние танып, өмірдің қыр-сырын түсіндік. Бала күнімізден әжелеріміз жыр ғып айтатын ертегілер, батырлар дастаны, махаббат жырлары, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер, өзіміз ұйып тыңдайтын әңгімелер, көркем кітаптар қаншама! Демек, ана тіліміз өміріміздің мәні де, сәні де. Тәуелсіздігім орнаған заманымызда қазақ тілі-мемлекетіміздің тірегі. Өткен ғасырда Сәкен Сейфуллин аталарымыз: “Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды” деп аңсап өткен екен. Әбдіуали Қайдар да “Мемлекеттік тілде ғылым дамымай мемлекеттік тіл де дамымайды” деген екен. Сол ағаларымыз армандаған күн енді келді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” заң (1997ж.) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне мәртебе беріп отыр. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларында, оның ішінде басқару, ақпарат, білім беру, тәрбие ісі, ғылым және техника салаларында, қоғамдық- саяси, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт,туризм, тамақтану мекемелерінде қолданылады. Осындай қарқынмен жоғалып кете жаздаған ана тіліміз қайтадан жаңғырып, көркейіп, дами түспек. Өз басым тек қазақтар емес, бейбіт елімізде өмір сүріп жатқан әр ұлт өкілі қазақ тілін үйренуге тиіс деген көзқарастамын. Мейлi, сен көп тiлдi бiл "қой" демес ем! Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен Бiрақ сенi қазақ деп айта алмаймын. Туған ана тiлiңде сөйлемесең. Қадір Мырза әлі. Тіліміз атадан балаға қалып отырған өлшеусіз қазына, біздің мемлекетіміздің тірегі, рухани құндылықтарымыздың қайнар көзі. Тілімізді сақтап, көркейту, дамыту- біздің басты міндетіміз. Ол келешек ұрпаққа біз қалдыратын-асыл мұра! |