Главная страница
Навигация по странице:

  • «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

  • Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық Лексикалық тақырып

  • Курс: 1 Пәннің аты

  • II. Мақсаты

  • IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Ұлы Абайдың туған жерінің қандай табиғи ерекшеліктері бар2. Есімше мен көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарадыV.

  • VI. Тақырып бойынша тапсырмалар: Іскер адам келбеті 1-тапсырма

  • Қазақ тілі

  • 4. Берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз

  • Болжау мәнді сөйлемдердің қолданысы. Етістік+ -ар-ер-р қосымшалары арқылы жасалуы. Сан есім+ жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесуі арқылы жасалуы

  • 4-тапсырма.

  • Қосымша: 1. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алм, 2006 ж. Сөздіктер

  • 25-с. Іскер адам. болжау мән (копия). Тілдік пндер кафедрасы


    Скачать 80.16 Kb.
    НазваниеТілдік пндер кафедрасы
    Дата07.12.2021
    Размер80.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла25-с. Іскер адам. болжау мән (копия).docx
    ТипДокументы
    #294838





    «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



    Тілдік пәндер кафедрасы



    Тәжірибелік сабақтарға арналған

    нұсқаулық

    Редакция: 1

    24 беттің 1-беті



    Тілдік пәндер кафедрасы


    Тәжірибелік сабаққа арналған

    әдістемелік нұсқаулық
    Лексикалық тақырып: Іскер адам келбеті

    Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлемдердің қолданысы. Етістік+ -ар-ер-р қосымшалары арқылы жасалуы. Сан есім+ жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесуі арқылы жасалуы





    Курс: 1

    Пәннің аты: қазақ тілі

    Құрастырушылар: доц. Қожахметова Ф.Б.., оқытушы Қуанышбаева Ш.С.

    2021 ж.


    Лексикалық тақырып: Іскер адам келбеті

    Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлемдердің қолданысы. Етістік+ -ар-ер-р қосымшалары арқылы жасалуы. Сан есім+ жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесуі арқылы жасалуы

    II. Мақсаты: Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер табысқа қалай жетіп жатқанын түсіндіру. Қазіргі тілдік қолданыстағы жаңа сөздер, кірме сөздер туралы түсінік беру.
    III. Міндеттері.

    Ұлы Абайдың туған жері туралы мәтін арқылы студенттерді жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеу барысында қолдана алуға дағдыландыру. Есімше мен көсемшелерді дұрыс қолдану жолдарын көрсету
    IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Ұлы Абайдың туған жерінің қандай табиғи ерекшеліктері бар?

    2. Есімше мен көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
    V. Оқыту әдістері.

    ⃰ Репродуктивті: теориялық материалды түсіндіру, мәтіндерді талдау, тілдік және коммуникативті жаттығуларды орындау.

    ⃰ Көрнекі: анықтамалық диаграммалар мен кестелерді қолдану.

    ⃰ Интерактивті: лингвистикалық терминдермен және сөйлеу тақырыбының кілт сөздерімен құрылуы; сұрақтарға шабуыл жасау.
    VI. Тақырып бойынша тапсырмалар:

    Іскер адам келбеті

    1-тапсырма Глоссарий. Лексикалық тақырып бойынша үш тілде берілген кілт сөздер мен тұрақты тіркестермен танысыңыз:

    Сөздік

    Қазақ тілі

    Орыс тілі

    Ағылшын тілі

    іскер

    деловой




    ерік

    воля




    мықты

    сильный, крепкий




    жоспарлау

    планировать




    ынтымақ

    единодушие




    бірлік

    единство




    жаңғырту

    возобновление




    мүдде

    интерес




    үрдіс

    тенденция




    үстемдік

    господсво




    көздің қарашығындай сақтау

    беречь как зеницу ока





    2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар. Мәтінде айтылған ойды өз сөздеріңізбен қорытындылаңыздар.

    Іскер адам – қолайлы жағдайды, уақытты тиімді пайдалана білетін, еркі мықты, алға қойған мақсатына жететін, нақтылы, ұқыпты, өзін-өзі ұстай алатын, білікті, білімді, жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай алатын, өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам.

    Қазіргі заманның іскер адамы үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді, бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана біледі. Өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адам уақытты ұтымды пайдалануға тырысады. Қазіргі қоғамның адамы өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілуі үшін, батыл іс-қимыл жасай білуі және шұғыл шешім қабылдай алуы керек. Іскер адам тәуекелшіл болуы тиіс. Сонымен қатар заман талабына сай кез-келген іскер адам көпшілік алдында сөз сөйлей білгені жөн. Шешен сөйлеу дегеніміз – айтар ойыңды нақты да дәл, көпшілікке түсінікті тілмен сауатты жеткізе білу. Сөйлеген кезде сөйлеуші дауыс ырғағына да мән беруі керек.

    Іскер адам үшін ең маңыздысы – табысты молайтудың көзін іздеу, іскер әріптестер табу. Ал ұжым қызметкерлеріне тапсырма беру, құжаттар дайындау және оларға қол қою, телефон арқылы әр түрлі мәселелерді шешу сияқты күнделікті жұмыстарды маңызды істерді атқарумен қатар жүргізуге болады. Қазіргі заманның іскер адамы кәсіби имиджін, қызмет этикасын танытатын киім киюі керек. Іс-әрекетінің нақты нормалары, мінез-құлқының белгіленген жүйесі болуы тиіс.

    Қазіргі заманның дәрігері адамдарға денсаулық сыйлауымен қатар, табыс табуды да білуі керек. Әлемде дәрігерлік мамандықтың арқасында үлкен табыстарға жетіп, байыған адамдар аз емес. Білікті, іскер дәрігер емдеу орнын ашып, өзінің төңірегіне мықты мамандарды жинайды. Осы емдеу орнының артықшылығын жарнамалай білу, өз істерінің нәтижесін көрсету – емдеу мекемесі басшысынан қазіргі нарықтық экономика заңдарын жақсы білуді талап етеді.

    Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді, нақты проблеманы шешуді немесе белгілі бір мақсаттарды іске асыруды көздейтін іс-әрекет. Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан, өзін-өзі ұстауынан, батылдығынан, тартымды сөйлеу мәнерінен көрінеді. Медицина қызметкерлері мен науқастың қарым-қатынасында дәрігердің іскерлігі мен сөйлеу әдебінің маңызы зор. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысы, мәдениеттілігі мен сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе, әрдайым көңілі көтеріңкі болып, ауруынан тез жазыла бастайды. Уайымшыл науқастарды емдегенде дәрігер шыдамдылық танытуы қажет. Науқастың сеніміне ие болу – дәрігердің маңызды міндеттері болып табылады.

    Дәрігерлік мамандық дәрігерден білімділік-біліктілікпен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысты беріле істеуді, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.

    Медициналық мекеме басшысы болу өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Басшы ең алдымен жантанушы, содан кейін ұйымдастырушы болуы тиіс. Адамның басшылық беделін көтеретін фактор – сөз жоқ, ең алдымен оның кәсіби біліктілігі.

    4. Берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз

    1. Іскер адам деген кім?

    2. Іскер адам уақытты қалай пайдалануы керек?

    3. Дәрігер жақсы табыс табу үшін не істеуі керек?

    4. Іскерлік қарым-қатынас әдебі дегенді қалай түсінесіздер?

    5. Дәрігердің сөйлеу әдебі науқасқа қалай ісере етеді.?
    3-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін алып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

    1.Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай алатын, өз кәсібін шын сүйетін, қоғамға пайдалы іс тындырғысы келетін адамды – іскер адам дейді. 2.Іскер адам өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілуі үшін, тәуекел. жасай білуі керек. 3.Айтар ойыңды нақты да дәл, көпшілікке түсінікті тілмен сауатты жеткізе білуді – іскерлік карым катынас дейміз. . 4.Іскер адам кызмет этикасын танытатын киім киюі керек. 5.Науқас адам өзін емдеуші дәрігерге сенсе, ауруынан тез жазылады
    3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

    ставить цель – мақсат қою

    решить задачу – міндетті орындау

    потребность – қажеттілік

    запрос – сұраныс

    деятельность – іс-әрекет

    мнение – пікір

    проявляет необходимые волевые усилия – ерік-жігер таныта білу

    компотетность – құзыреттілік

    собеседник – әңгімелесуші

    учтивый – кішіпейіл

    блюда – тағам

    Деловой человек - это специалист своего дела, он всегда знает, чем занят, какие ставит перед собой цели, какие решает задачи, и проявляет необходимые волевые усилия для их реализации. Свободно ориентируясь в сфере своей деятельности, он постоянно изучает общественные потребности и запросы, следит за изменением и динамикой этих запросов и потребностей и строит свою деятельность с учетом этих изменений. Он обладает высокой профессиональной компетентностью во всех вопросах, касающихся его дела. Он отличается постоянной готовностью к деловому общению, проявляя интерес к собеседнику, внимание к его мнению. Деловой человек немногословен, он не стремится сказать все, что знает, но всегда знает, что говорит. Он не выпячивает своих достоинств, какими бы значительными они ни были в его глазах, он сдержан, учтив, внимателен и вежлив.
    Болжау мәнді сөйлемдердің қолданысы. Етістік+ -ар-ер-р қосымшалары арқылы жасалуы. Сан есім+ жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесуі арқылы жасалуы

    Болжалдық сан есім - заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалды:

    1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Әр халықтың тілі мен мәдениеті мыңдаған жылдарда қалыптасқан.
    2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жасы елулердегі адамдар ғой деймін. Оқиға сағат ондарда (ондар шамасында) болған сияқты.

    3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей т.б.

    4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жуық.

    Мөлшер мәні мөлшерлік үстеулер арқылы да, тұрақты сөз тіркесі арқылы да беріледі. Мысалы: Дайындыққа соншама көп уақыт кетті.

    4-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына сөзердің сәйкес келетінін қойыңыздар: жиырмадан, қаралы, соншалықты, елу-алпыстай, осыншама, миллиондаған, ондар

    1.Жиналыс сағат ондар шамасында басталды. 2.Тау баурайында жүз осыншама жылқы жайылып жүр. 3.Шарын шатқалы өзеннің милиондаган жылдар бойы топырақты жыруының нәтижесінде пайда болған. 4.Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырының жиырмадан аса нұсқасы бар. 5.Конференцияға елу алпыстай студент қатысты. 6.Бұл мәселе каралы уақыт бойы жарыққа шықпай келді. 7.Бұл мамандықты игеру соншалыкты қиын емес.
    7-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Мөлшер мәнінің қалай беріліп тұрғанын түсіндіріңіздер.

    1.Қай халықтың болса да тарихы мыңдаған жылдармен саналады. 2.Кейбір деректер әлемде жеті мыңнан аса тіл бар дегенді келтіреді. 3.Алтын орда дәуірі үш жүз жылдай уақытқа созылды. 4.Академик, қыпшақтанушы Б.Көмеков қазақ мемлекттілігі көшпелі сақ дәуірінен басталатындық, екі жарым мың жылдан астам тарихы бар деп есептейді. 5.Академик О.Смағұл физикалық-антропологиялық мәліметтерге сүйене отырып қазақтардың қазіргі өңірде төрт жарым мың жылдан аса өмір сүріп келе жатқанын айтады. 6.Осыншама уақыт бойы бұл өңірде тұрып келе жатқан адамдардың атропологиялық айырмашылықтары жоқ десе де болады. 7.Тау бөктерінде жүз қаралы жылқы жайылып жүр. 8.Әлемнің жүзден аса елінен келген спортшылар сегіз салмақ бойынша жүлдені сарапқа салды. 9.Сол кезде Қазыбек бидің жасы сексендерде болса керек.
    VII. Әдебиет

    1.Зайсанбаев Т.Қ. Қазақ тілі (педиатрия фаакультеті орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) – Алматы: «Ақнұр», 2018 ж. – 196 б.

    2.Тұңғышбаева Ғ.Ж. Медицина мамандықтарына арналған мәтіндер. Алматы, 2008ж.

    Қосымша:

    1. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.

    2. Ш.К. Бектұров Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алм, 2006 ж.

    Сөздіктер:

    1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. – Алматы: «Алтын Қазына», 2001 ж. – 704 б.

    2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы, «Рауан» 2000, 344

    1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. – Алматы: «Алтын Қазына», 2001 ж. – 704 б.




    написать администратору сайта