Главная страница
Навигация по странице:

  • Қабат және оның сипаттамасы

  • Уақыт диаграммасы.

  • Қалып-күй қатары.

  • Кадрлық анимация.

  • Автоматты анимация (Tweened-анимациясы).

  • Сценарий негізіндегі анимация.

  • Айти. TimeLine панелі орналасады. Ол арылы фильм анимациясы жасалады. Уаыт диаграммасы абаттарды зара орналасуын, сценадаы объект жадайыны згеру тізбегін сипаттау т б.


    Скачать 16.47 Kb.
    НазваниеTimeLine панелі орналасады. Ол арылы фильм анимациясы жасалады. Уаыт диаграммасы абаттарды зара орналасуын, сценадаы объект жадайыны згеру тізбегін сипаттау т б.
    Дата11.11.2022
    Размер16.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаIT 21.01.docx
    ТипДокументы
    #782282

    Уақыт диаграммасымен жұмыс. Кадрлық анимация жасау.

    Flash-тің жұмыс аймағының үстінде уақыт диаграммасының (TimeLine) панелі орналасады. Ол арқылы фильм анимациясы жасалады. Уақыт диаграммасы қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы объект жағдайының өзгеру тізбегін сипаттау т.б. әрекеттерді орындайды. Ол анимация жасаудағы және фильмнің интерактивті элементінің күйін сипаттаудағы негізгі құралы болып табылады.

    Уақыт диаграммасы төмендегі элементтерден құралады:

    • Қабат және оның сипаттамасы, яғни қабат аты (Layer1) және объек атрибуттары (көрінуін басқару — Show/Hide, блокировкалау — Lock/Unlock, контурын көрсету — OutLines). Қабат – қандай да бір өзіндік атрибуттарды орнатуға болатындай фильм сценасының бөлігі. Ол бірінің үстіне бірі салынған түссіз қағаз беттері (калька) тәрізді. Flash-те қабат саны – 16000. Қабат саны  файл көлемін өзгертпейді. Қабат қосу және оны жою үшін, контекстік менюден сәйкес Insert Layer, Delete Layer командалары таңдалады.

    • Уақыт диаграммасы. Ол кадрлар шкаласынан, «оқу бастиегінен» (счытывающая головка), әр қабат үшін уақыт диаграммасынан тұрады. Кадрлар шкаласы барлық қабат үшін жалпы және 5 қадамнан өсу ретімен нөмірленеді. Оқу бастиегі (Play head) – анимацияның ағымдық кадрын көрсететін индикатор. Кезекті кадрды жасау және фильмді орындату кезінде оқу бастиегі уақыт диаграммасы бойымен автоматты жылжиды.

    Қалып-күй қатары. Ол столдағы анимациялық кадрларды бейнелеуді басқарубатырмаларынан тұрады. Әр қабат кадрлардан тұрады. Кадрдың екі түрі бар: кәдімгі (Regular) және кілттік (Key Frame). Кілттік кадрлар анимация өзгеретін жерде болады. Кілттік кадр қойылғанда (Insert Key Frame), соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Екі кілттік кадр арасындағы кадрлар кәдімгі болып табылады. Flash-те кадр саны – 595. Flash-фильмді орндату кезінде қалыпты жағдайда 1 секундта 12 кадр өтеді. Ол кадырлар алмасу жиілігі болып табылады және экранның төменгі бөлігінде Properties терезесінде Frame Rate (Кадр жиелігі) пунктінде көрсетіледі.

    Flash  арқылы жасалатын анимацияның 3 түрі бар:Кадрлық анимация. Мұнда қолданушы фильмнің әрбір кадрын өзі жасайды. 1 кадрдың алдыңғыдан айырмашылығы аз болған сайын 1 кадрдан екіншіге өту жатықтығы және персонаж қозғалысының табиғилығы жүзеге асады. Әрбір кадрлық фильм жасауда келесі кадрға кілттік кадр  (Key Frame) қойылады. Нәтижеде соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Сонан соң көшірілген объекті өзгертіледі. Уақыт диаграммасында кілттік кадр ішінде қара нүктесі бар сұр тіктөртбұрышпен бейнеленеді.

    1. Автоматты анимация (Tweened-анимациясы). Мұнда қолданушы фильмнің бірінші және соңғы кадрын ғана жасайды, ал барлық аралық кадрларды Flash автоматты түрде жасайды.

    2. Сценарий негізіндегі анимация. Flash-тің Action Script программалау тілі негізінде жасалған анимация.


    написать администратору сайта