тыныс алу жаттыгулар. Тыныс алу жаттыулары
Скачать 14.87 Kb.
|
Тыныс алу жаттығулары Тыныс алу жаттығулары бұл – балалардың да және үлкендердің де денсаулығын нығайтуға арналған. Біз бала бақшада тыныс алу жаттығуларын жалпы дене шынықтыру және таңертеңгі жаттығулардан күнделікті ұйқыдан соғ жасатамыз. Таңертеңгі жаттығулардан соң мысалы: біз 2 – 3 тыныс алу жаттығуын жасауды ұсынамыз. Жаттығу жетісіне бір рет алмастырылады. Тыныс алу жаттығуларына ең алғашқы даярлық – бұл балалардығ жеңіл әрі ыңғайлы киінуі. Ал күндізгі ұйқыдан соң іш киімінде ғана болған жөн. Ең негізгі шарт бөлме ауасын желдету. Төмендегі тыныс алу жаттығуларын сіздерге ұсынамыз. ЖИЫНТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 1. «Әтештер мен тауықтар» Түзу тұру, аяқ алшақ, қолдытүсіру. Қолды жан – жаққа созу, ауаны ішіне тарту (демалу) , санды қолмен соғуғ ауаны(дем) шығару. Ауаны сыртқа шығару арқылы «ку-ка-ре-ку», «куд-ку-дах» деп дыбыстау. 3 – 4 рет қайталау. 2. «Труба тарту» Түзу тұру, саусақтарына труба жасап, сәл жоғары көтеріп ерінге жақындатып жаймен дем шығарып қатты «П-Ф-Ф-Ф» деп дауыстап 3-5 рет қайталау. 3. «Сағат» Тік. Тұрып, қолды түсіріп, аяқты сіл алшақ ашу. Қолды алға, артқа қозғалту арқылы дем алып, дем шығарып «тик - так», «тик-так» деп дауыстап 8 – 12 рет қайталау. 4. «Тыныштық» Бір орында тізесін жоғары көтеріп жүру 2 қадам жүріп ауаны ішке тарту, 6-8 қадам жүріп ауаны сыртқа шығарып «ты-ныш-тал», «ты-ныш-тал» деп дауыстап 8-12 рет қайталау. 5. «Насос» Т.зу тұру, қолды жоғары көтеру, керілу, аяқ үшына көтеріліп дем алу, қолды төмен түсіру, табанға тұру. «ух-ух-х-х-х» деп дыбыстап 4-6 рет қайталау. 7. «Таяқшамен жаттығу» Тік тұру, аяқ бірге екіқолмен кеуде тұсында гимнастикалық таяқшаны ұстау, сосын таяқшаны көтеру, аяқ ұшымен көтеріліп дем алу, таяқшаны арқаға түсіру. Дем шығарукезінде «ф-ф-ф-ф-ф» деп дыбыстап 3- 5 рет қайталау. 2 – ЖИЫНТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 1. «Ботқа қайнайды» Еденге отырып, 1 қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне апарып тарту арқылы дем алу, ішін ширтиту арқылы, дем шығарып «ф-ф-ф-ф-ф» қаты дауыстап 4-6 рет қайталау. 2. «Қаз – аққулар ұшады» Ақырын жүріп қолдарын жан – жаққа көтеріп дем алу, қолды түсіру арқылы дем шығару кезінде «гу-у-у-у» деп дыбыстау. Жаттығуды 1,5 минут ішінде қайталау. 3. «Реттегіш» Тұру, аяқ алшақ, бір қолын жоғары көтеріп, екінші қолын бір жағына созып, мұрнымен дем алу, содан кейін қолын ауыстырып, дем шығару кезінде «р-р-р-р-р» деп дыбыстау арқылы 4 – 6 рет қайталау. 4. «Шлагбаум» Отырып аяқтарын қосу. Қолдарын жан – жа,ымен көтеру арқылыдем алу,ммқолын түсіріп, дем шығару кезінде «с-с-с-с-с-с» топ, деп дыбыстап 3 – 4 рет қайталау.. 5. «Паровоз» Қолдарымен сермеп, алға – артқа жүру. Жүру кезінде «чух - чух» деп дыбыстайды. 20 – 30 секунд бойы жаттығуларды қайталау. 6. «Маятник» Тұру, аяқты алшақ ұстау, гимнастикалық таяқты жауырынның төмен жағында ұстап. Жан – жаққа иілу, тұрған кезде дем алу, иілгенде дем шығару «ух-х-х-х-х-х» деп дыбыстау. Жаттығуды жан – жағына - ретиіліп қайталау. 7. «Ұшатын доп» Тұрып, қолдарын допты кеуде түсына көтереді, дем алу. Допты лақтырған кезде демді шығару кезінде «у-х-х-х-х-х-ты» дыбыстау арқылы 6 рет қайталау |