Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жйесі
Скачать 14.72 Kb.
|
Тыныс алу жүйесі- газалмасу қызметін атқарады., организмге оттегі жеткізілуін және одан көмірқышқыл газының шығарылуын қамтамасыз етеді.Тыныс жолына қатысатындар мұрын қуысы, мұрын- жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхтар, бронхиолдар және өкпелер. Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды . Жоғарғы тыныс жолында ауа жылынады, бөгде заттардан тазарады және ылғалданады.. Алвеолаларда Газалмасу өтеді. 1. Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы. 2. Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы. 3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы. 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы –оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы. 5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері. Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрынның ортаңғы шеміршекті пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады.Сілемейлі қабықша қаңтамырларына бай . Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып өтеді. Қан жасушалары лейкоциттер мұрын қуысын енген микробтарды жойып тастайды.Кеңсірітің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасқан. Мұрын қуысы танау тесегі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ әрі тыныс алу әрі асқоруту қызметін атқарады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы сіңір және бұлшықеттермен жалғасқан бірнеше шеміршектен тұрады. Ең ірі шеміршек қалқаңша шеміршегі. Ол мойынның алдыңғы бетіне шығып тұрады. Жоғары бөлігінде көмекей қақпашығы орналасқан. |