Главная страница

Учитель. анатомия11. Тыныс алу жйесіні физиологиясы мен анатомиясы. Тыныс алу трлеріні эволюциясы


Скачать 15.61 Kb.
НазваниеТыныс алу жйесіні физиологиясы мен анатомиясы. Тыныс алу трлеріні эволюциясы
АнкорУчитель
Дата03.03.2023
Размер15.61 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаанатомия11 .docx
ТипДокументы
#967408

Азантаева Асель

ТФП-410

Тыныс алу жүйесінің физиологиясы мен анатомиясы.

1. Тыныс алу түрлерінің эволюциясы.

Организмдердің эволюция барысында өте жоғары деңгейде тыныс алу жүйесі дамыды. Көптеген омыртқасыз жануарларда, мысалы ішекқуыстыларда, жалпақ және жұмыр  құрттарда  арнайы  тыныс  алу  мүшелелері  болған  жоқ.  Олардың сыртқы  ортамен  газ  алмасуы  бүкіл  денесі  арқылы  жүрді. Алғашқы  тыныс  алу  мүшесі  теңіздегі  буылтыққұрттар  мен  судағы буынаяқтыларда  пайда  болды.  Олар  денелерінің  екі  бүйірінде  орналасқан қантамырларға  бай  желбезек  тесіктері  арқылы  жүзеге  асты.  Моллюскалар мантия  қуысында  жетілген  желбезек  тақташалары  арқылы  тыныс  алды. Дегенмен, құрлықтағы буынаяқтылардың денелерінде  кеңірдек  немесе жапырақ тәрізді өкпе пайда болып, сол арқылы тыныс алады. Судағы  хордалылардың  тыныс  алу  жүйесі  ішекпен  байланысты,  оның  ең 
қарапайымдысы  -  қандаушаларда,  олардың  жұтқыншағының  екі  бүйірінде (ішектің  алдыңғы  бөлімі)  орналасқан  желбезек  саңылаулары  ішектің алдыңғы бөлімінің  барлық  жерін  қамтиды  жэне  олар  желбезек  маңындағы қуысқа ашылады. Құрлық омыртқаларында  желбезек саңылаулары тек ұрық (эмбрион) кезінде ғана кездеседі, кейінірек жойылып кетеді. Олардың тыныс алуы өкпе арқылы жүзеге асады, ол өкпе ішек қабырғаларының томпиуынан пайда болады. Хордалылардың желбезек аппараттарының эволюциясы желбезек шашақтарының  (жапырақшаларының)  пайда  болу  бағытында  дамыды. Балықтарда 4-7 желбезек қапшықтары дамыды, олар желбезек доғаларының арасындағы саңылаулар арқылы бөлініп,көптеген  қантамырлары  бар желбезектер шашақтарынан  тұрады. Балықтарда тыныс алуға торсылдағы да қатысады. Өкпенің  эволюциясы  тыныс  алу  көлемін  үлғайту  бағытында дамыды, соның нәтежиесінде  бронхылар  мен  бронхиолдар  пайда  болды. Алғаш өкпе қосмекенділерде кездесті, ол қуысты қалтаға ұксас болды. Бірақ оларда тыныс алуға терісі де қатысады. Бауырымен жорғалаушыларда тыныс алу мүшелері  одан  әрі  жетіле түсті. Яғни  өкпесінің  құрылысы  күрделене түсіп, құрылысында  ұсақ  көптеген ұяшықтар  мен  бронхылар  пайда  болады.
2. Өкпе тынысы. Тыныс алу қозғалыстарының механизмі.

 Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:

1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,

өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы

газдардың алмасуы;

3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;

5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.

Көмір қышқыл газын шығару процесі де оттегін пайдалану жүйесіне ұқсас, керісінше жүретін төрт процесс арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші және екінші кезеңдері өкпелік немесе сыртқы тыныс алу деп аталады. Ал, үшінші кезеңін қан арқылы газдардың тасымалдануы десе, төртіншісін - тканьдік (ішкі) тыныс алу деп атайды.

Газдарды тасымалдау тізбегіндегі алғашқы буын өкпе вентиляциясы. Альвеолдар мен қан арасындағы газдар алмасуы аэрогематикалық, ал ұлпалар мен қан арасындағы гематопаренхиматоздық кедергілерге ұқсас, кедергінің екі жағындағы оттегі мен көмір қышқыл газының меншіктік қысым күйіне байланысты диффуздық жолымен орындалады. Оттегінің басым бөлігі қандағы эритроциттердің құрамында болатын гемоглобин арқылы, ал көмір қышқыл газы – гидрокарбонат және карбамингемоглобин түрінде тасымалданады. Өкпедегі көмірқышқыл газын шығарудың нәтижесінде қанның оттегімен байланысқа түсуі жеңілденеді, көмірқышқыл газы ұлпалардаң қанға өту арқылы оттегін беруді жеңілдетеді. Аталған процесстердің бәрі, ең соңында, ұлпа клеткаларындағы оттегі кернеуінің тұрақты сақталуына бағытталған.
Тапсырмалар.

1. Қан және тіндердегі газдардың кернеуі.

Қан — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Өкпе мен тіндегі газ алмасу. Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газдың мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын байқауға болады. Негізгі газдар атмосферада, оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпеге енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен комір қышқыл газ молшері ұдайы езгеріп отырады: оттегі азайып, көмір қышқыл газ көбейді. Әрбір газ еріген не химиялық жолмен байланысқан күйінде кездеседі. Биологиялық мембрана арқылы тек еріген газдар өтеді. Әрбір газ бір және бірнеше қабатты мембранадан өте алады. Оның өтуі мембрананың екі жағындағы меншікті қысымға, ондағы айырмашылыққа байланысты. Басқаша айтқанда газ бір жерден екінші жерге қысымның жоғарғы жағынан төмен жағына қарай диффузия жолымен көшеді.

2. Тіндік және жасушалық тыныс алу.

Қанмен оттегі жасушаға, яғни, ерекше жасушалық құрылымдар — митохондрии. Олар бар барлық жасушаларында қоспағанда, жасуша бактерия, көк-жасыл балдырлар және жетілген қан жасушалары (эритроциттер). Бұл митохондриях оттегі енеді көпсатылы реакция әр түрлі қоректік заттар — ақуыз, көмірсу, майлар және т. б. Бұл процесс деп аталады жасушалық тыныс алу. Нәтижесінде бөлінеді, химиялық энергия, ол клетка запасает ерекше зат — аденозинтрифосфорной қышқылы немесе АТФ. Бұл әмбебап жинақтауыш энергиясы, оны ағзаға жұмсайды өсуі, қозғалыс, ұстау өз тіршілік.


написать администратору сайта