Главная страница
Навигация по странице:

  • Тыныс алудың қиындауына не себеп болуы мүмкін Қандай жедел жәрдем шараларын қолдану керек

  • билет сд-лор. Тыныс алуды иындауына не себеп болуы ммкін андай жедел жрдем шараларын олдану керек


    Скачать 16.86 Kb.
    НазваниеТыныс алуды иындауына не себеп болуы ммкін андай жедел жрдем шараларын олдану керек
    Дата24.03.2022
    Размер16.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабилет сд-лор.docx
    ТипДокументы
    #413272

    Билет

    №1

    35 жастағы ауру, мамандығы оқытушы, дауысының жоғалып кеткеніне шағым жасап келді. Тыныс жолдарына салқын тиіп аурырған. Соның әсерінен алдында дауысы қарылып, кейін жоғалып кеткен. Ларингоскопияда көмейдің барлық бөлімдері қызарып, қатпарлар арасында шырыш жиналғаны көрінеді. Қатпарлар жақсы қозғалғанмен, жақсы жабылмайды. Қандай диагноз қоюға болады? Аурудың емі мен режимі қандай болу керек?

    №2

    18 жастағы аурудың тісін жұлғаннан кейін, йодпен тістің орнын тазартқанда, кенет тұншыққанын сезінді – -ішке дем алу қиындап, ұзарған, ішке дем алу мен сыртқа шығарудың арасындағы үзіліс қысқарған. Тыныс алуы шуылды, тыныс алу жиілігі минутына-10-11 рет.


    Тыныс алудың қиындауына не себеп болуы мүмкін? Қандай жедел жәрдем шараларын қолдану керек?

    №3

    45 жастағы ер адам қателесіп мүсәтір спиртін ішіп қойған, тамағы ауырып, тыныс алуы қиындағанына, дауысының бұзылғанына шағымданады. Тыныс алу қиындығы біртіндеп өсіп жұтынуы да қиындайды. Зерттеп қарағанда жұтқыншақтың жұмсақ тканінің, ожау тәрізді шеміршек аймағының, тілшіктің ожау тәрізді байламның қатты іскені анықталды. Қандай диагноз қоюға болады?

    №4

    54 жастағы ауру үш күн бұрын денесінің бөртіп кеткеніне шағым айтады. Аурудың неден басталғанын білмейді. Көп жылдар бойы шылым шегеді. Зерттеп қарағанда бір дауыс қатпары қызарғанп, екіншісі қалыпты түрде. Қатпарлар қозғалысы сақталған. Қандай ауру деп ойлауға болады және диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолдану керек?

    №5

    40 жастағы ауру әйел түйінді зоб операциясынан кейін ентігіп, дауысының өзгергенін байқайды. Көмейді зерттеп қарағанда қабыну құбылысы байқалмаған, фонация кезінде оң дауыс қатпары қозғалмайды. Қандай диагноз қоюға болады?

    №6

    Тыныс саңылауына тістің алып-салмалы протезінің бір бөлігі кетіп қалып, бронхының он бағанына тіреліп, оның саңылауын толық жауып тастаған. Клиникалық көрінісі және жәрдем шаралары қандай?

    №7 4 жастағы бала тыныс жолдарының жіті вирусты ауруымен (ОРЗ) ауырған. Түн ортасында бала кенет түншығып, ішке дем алуы қиындаған, терісі көгеріп, көк жөтел пайда болады. Қандай диагноз қоюға болады? Кандай жәрдем көрсету керек?

    №8

    35 жастағы ауру бірнеше айдан бері дауысының карлығып кетпей жүргеніне шағым жасаған. Салқын тиіп жиі ауырады, бұл кезде дауысы бұзылады. Ауру шылымды көп шегеді. Ларингоскопияда дауыс қатпарларының шырышты қабығының қалыңдағаны, қатты қызарғаны, қатпарлар арасында қақырықтың жиналғаны анықталады. Дауыс қатпарларының қимылы сақталған. Қандай диагноз қоюға болады? Қандай ем қолдану керек?

    №9

    Ауру автомобиль катастрофасында көмей тұсынан қатты соғылған. Соғылған жердің қатты ауыратынына, дауыстың бұзылғанына, тыныс алуының қиындағанына кәне оның тез өршіп келе жатқанына шағым жасайды. Трахеостомия жасау мүмкіндігі жоқ. Тамақты тіліп жіберудің қандай әдісін қолдануға және қолдағы бар піп кандай құралдармен жасауға болады?

    №10

    Трахеостомия операциясынан бір сағат өткеннен кейін ауруға трахеостома түтігімен тыныс алу қиынға соғып, сонымен бірге бетте, мойында, көкірек куысының жоғарғы бөлімінде ісіктер пайда болады. Бұл құбылыс немен байланысты туады? Қандай көмек көрсету керек?

    137бет тегі есептер.

    №1

    20 Жастағы сырқаттың самолетте ұшқаннан кейін құлағы бітіп, шуыл пайда болып, қатты ауырып, ол самайға, төбеге,тіске беріледі. Отоскопия жасағанда дабыл жарғағының қызарып, сыртқы есту тесігінен шығып тұрғаны, жарық конусының жоқтығы көрінеді. Есту қабілеті дыбыс өткізгіш типі бойынша төмендеген. Қандай диагноз қоюға болады? Қандай ем қолдану керек?

    №2

    43 Жастағы ер адам есту қабілетінің кенет төмендегеніне шағым жасайды. Оны душ қабылдаған кезде құлағына судың кетіп қалғанынан көреді. Қандай болжамды диагноз қоюға болады? Бұл ауруды қандай әдіспен емдейді?

    №3

    24 Жастағы ауру шайнаған кезде құлағының қатты ауыратынына шағым айтады. Сыртқы есту тесігінің кіреберісінде қызарған сүйір формалы ісік анықталады. Қандай диагноз қоюға болады? Қандай ем жасау керек?

    №4

    Ауру құлағының қатты қышып, есту қабілетінің нашарлағанына, қара түсті ірің шығатынына шағым айтады. Отоскопия жасағанда есту тесігінің терісі ісіп, күлгін түсті қабыршақпен жабылғаны байқалады.Қабыршақтар оңай алынады және оның астында қабынған тері көрінеді. Ақырғы диагноз қою үшін қандай қосымша зеріттеу әдісі керек? Рецепт жаз.

    №5

    40 жастағы ауру оң құлағынан ұзақ уақыттан бері ірің ағатынына осы құлақтың есту қабілетінің нашарлағанына, есту тесігін сүрткенде басының айналатынына шағым жасайды. Отоскопия жасағанда дабыл жарғағының жоғарғы бөлімінде тесік бары көрінеді. Ірің жағымсыз иісті, ақ түсті қабыршақтары бар. Қандай диагноз қоюға болады? Қандай ем қолдану керек?

    №6

    28 жастағы ауру оң құлағынан көп мөлшерде ірің ағатынына ,бала жасынан есту қабілетінің нашарлығына шағым айтады. Мұрнымен нашар дем алады,тұмауратады. Рентгенограммада деструктивті өзгеріс жоқ. Бұл жағдайда тесілудің қандай түрін күтуге болады Қандай ем қолдану керек? Қандай клиникалық диагноз қоюға болады? Қандай клиникалық диагноз қоюға болады? Қандай ем қолдану керек?

    №7

    20 жастағы ауру оң құлағының, емізікше өсіндінің қатты ауыратынына, іріңнің көп мөлшерде ағатынына және есту қабілетінің төмендегеніне шағым жасайды. Оң жақ құлақ қалқанының артындағы жұмсақ ткань ісіп, қалқан алға қарай кеткен. Саусақпен басқанда емізікше өсіндінің барлық бөлімі де ауырады. Сыртқы есту тесігінің артқы жоғарғы қабырғасы салбырап кеткен. Қандай диагноз қоюға болады? Ауруға қандай қосымша тексерулер керек? Қандай ем қолдану керек?

    №8

    32 жастағы аурудың ортаңғы құлағының көп уақыт бойы қабынуына байланысты асқыну кезінде сол құлағы қатты ауырып, ірің бөліну үдеген, қатты басы ауырып, ешқандай лоқсусыз құсқан. Есту тесігінде полиптер, жаңа ткань (грануляция) және иісті ірің байқалған. Отиттің қандай асқынуы деп ойлауға болады? Оған тән белгілерді анықтау үшін қандай әдістер қолдану керек және оларды қалай іске асыру керек?

    №9

    Сол жақ ортаңғы құлағының созылмалы іріңді көп уақыт отиті бар сырқат басының сол жақ бөлігінде ауру пайда болып оң қырымен жатқанда үдей түседі. Дене қызуы 37С болып, брадикардия анықталады. Сырқат өзіне таныс заттарды атай алмайды. Қандай болжамды диагноз қоюға болады? Қандай қосымша тексерулер керек? Қандай ем жасау керек?

    №10

    9 жастағы баланың мастоиидиттің және оған тән барлық белгілер әсерінде қатты қалтырап, тер құйылып, дене қызуы күрт көтерілген. 3 сағаттан кейін дене қызуы қалыпты мөлшерге келген. Қандай болжамды диагноз қоюға болады? Қандай қосымша тексерулер керек? Қандай ем жүргізу керек?

    №11

    Пневмонияның ауыр түрімен ауырған және антибиотиктер қабылдайтын 7 жасар баланың есту қабілеті нашарлаған. Аудиограммасы қандай болады? Қандай диагноз қоюға болады? Осы сияқты асқынуларға қарсы қандай шаралар қолдану керек?

    №12

    Созылмалы іріңді эпитимпанитпен ауыратын сырқатта ауру құлағына қарай спонтанды нистагм пайда болып, саусақ-мұрын сынауында қолдарымен сау жаққа қарай сермеген. Ромберг кейіпінде сау жаққа ауытқыған. Қандай диагноз қоюға болады? Диагностика дифференциясын қалай жүргізеді? Қандай қосымша зерттеу әдістерін қолдану керек?

    №13

    26 жастағы әйел есту қабілетінің біртіндеп нашарлап келе жатқанына, құлақтарында шуылдың пайда болғанына шағым айтады. Сырқаттың шешесі де керең- дікпен ауырады. Құлағы ешқашан ауырмаған, отоскопия жасағанда дабыл жарғағы барлық анықтағыш пунктерімен бірге қалыпты жағдайда көрінген. Шуылды жерде ауру жақсы еститіндей сезінеді. Қандай диагноз қоюға болады? Бұл ауруды қандай аурулардан ажырату керек? Аудиограмма сипаты қандай? Қандай ем жүргізу керек?

    №14

    Сырқат құлағының ішіндегі қатты ұстамалы түрдегі ауруға шағым жасайды. Зерттеу кезінде сыртқы және ортаңғы құлақ патологиясы байқалмаған. Басқа ЛОР - мүшелері өзгеріссіз. Ауыратын жақтағы сегізінші тістің жегісі (кариес) анықталған, Құлақтағы ауруды қалай түсіндіруге болады? Қандай ем жасау керек?

    №15

    Созылмалы іріңді эпитимпанит әсерінде сырқаттың бет нерві бұзылған (парез): мимикалық бұлшықет баратын барлық үш бұтақ та зақымданып лагофтальм, жас ағу пайда болған. Дәм сезу қалыпты жағдайда. Бет нервінің қандай бөлігі зақымданған? Қандай ем жасау керек?

    №16

    55 жастағы ер адам қатты стресс әсерінде сол құлағының мүлде естімей қалғанын байқаған және қатты шуыл пайда болған. Аз уақыт бас айналған. Қандай диагноз деп ойлауға болады, қандай жедел шаралар қолдану керек?

    №17

    Жалпы жақсы жағдайда 40 жастағы әйелдің қатты басы айналған, лоқсып, құсқан. Бұндай ұстама бұрын да болып, әр ұстамадан кейін оң құлағында шуыл қалған. Сырқат бас айналуын азайтатын белгілі бір қалыпта болуға мәжбір болады. Қандай диагноз деп ойлауға болады, ауруды тексергенде тағы нені қосу керек?

    №18

    60 жастағы ер адам құлағының ауырлығына, сөзді нашар ажырататынына шағым айтады. Таза үнді жақсы, ал басым үнді нашар естиді, құлағындағы үнемі шуыл мазасын алады. Болжамды диагнозы, диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?

    №19

    Скарлатинамен ауыруына байланысты бала кезінен құлағынан ірің ағатын 30 жастағы әйелді рентгенмен тексергенде самай сүйегінің склерозы ішінде қуыс табылды. Рентгенологиялық көрінісі бойынша нені айтуға болады, отиттің қай түрі деп ойлауға болады?

    №20

    15 жыл бойы әйел тоқыма фабрикасында, шуылы көп жерде жұмыс істеген. Екі құлағының да ауырлағанына, ондағы үнемі шуылға шағым жасайды. Қабыну құбылыстары ауру мәліметінде жоқ. Қандай ауру деп ойлауға болады және қандай аурудан ажырату керек?


    написать администратору сайта