Главная страница
Навигация по странице:

  • Казахстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

  • Алғаш рет енгізілген

  • Оқытудың соңғы нәтижелері Студент

  • Дағдыларын меңгеруі тиісті

  • Пәннің алғы реквизиттері мен кейінгі реквизиттері

  • Пәннің кейінгі реквизиттері

  • Жалпы физиология. Қозғыш тіндер физиологиясы

  • Қан айналым физиологиясы

  • 2 Кредит

  • КТП физиология. Типтік оу бадарламасы жоары ксіптік білім бакалавриат бекітемш


    Скачать 112.88 Kb.
    НазваниеТиптік оу бадарламасы жоары ксіптік білім бакалавриат бекітемш
    Дата01.03.2020
    Размер112.88 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКТП физиология.docx
    ТипДокументы
    #110451
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Жоғары кәсіптік білім БАКАЛАВРИАТ

    БЕКІТЕМШ

    Білім, ғылым және Щ кадр ресурстары

    І.К.Хамзина

    ФИЗИОЛОГИЯ

    мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Сағат көлемі - 90 (2 кредит)

    Казахстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

    Астана 2007

    Алғы сөз

    1. Әзірлеген және енгізген: Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы,
      С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қазақ
      мемлекеттік медицина академиясы, Семей мемлекеттік медицина
      академиясы, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы,
      М.Оспанов атыңдағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы

    2. Алғаш рет енгізілген

    3. Типтік оқу бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2006
      жылғы мамандығы бойьнша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
      стандарты сәйкес әзірленген.

    4. Типтік оқу бағдарламасы ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-
      нан кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік
      секциясында бекітіліп басылымға ұсынылған

    Хаттама №11 «14» маусым 2007 ж.

    Мазмұны:

    1. Түсініктеме

    5

    2. Пәннің мазмұны

    7

    3. Оқу және оқыту әдістері

    15

    4. Білімін бағалау

    15

    5. Құралдар мен жабдықтар

    15

    6. Пән сағаттарының үлестірілуі

    16

    7. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыптық




    жоспарлараның жобасы

    16

    8. Ұынылатын әдебиеттер тізімі

    19

    9. Авторлар

    21

    1 Түсініктеме

    Кіріспе

    Физиология - жалпы организмнің, физиологиялық жүйелердің, мүшелердің, жасушалардың және жеке жасушалық қүрылымдардың өмірлік қызметі туралы, ағзаның қоршаған ортамен, әлеуметтік ортамен әрекеттесуі кезіндегі ретгеу механизмдері туралы фундаменталды тәжірибелік-теориялық ғылым.

    Физиологияның қазіргі заманғы даму ерекшеліктері анализдік бағыттауды тереңдету болып табылады - мембраналық, жасушалық процестерді, биофизикалық механизмдердің қозуы мен тежелуін зертгеу, ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде адамның мақсатты мінез-құлқьш табиғи өмір сүру ортасында, өндірістік-еңбек, спорттық, авиациялық, космостық жағдайларда және де басқа қызметтерін зерттеу. Қазіргі таңдағы физиология денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамның қызметтік еңбекке жарамдылығын болжауды қарастыратын ғылыми негіз ретінде саналады. Адам ағзасының өмір сүру үрдістеріне әлеуметтік факторлардың әсер етуіне үлкен көңіл белінуде. Физиология - cay ағзаның өмір сүруінің жалпы завдылықтарын студенттерге түсіндіретін теориялық пәндердің маңызды бөлігі.

    Физиологияның зерттеу объектісі ретінде тірі ағза және оның бөлімдерінің (жасуша, тін, мүше, жүйе) қызметтері қаралады. Дені сау адамдар ағзасын зерттеу болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностиканы жылдам меңгеру әдістерін, денсаулық жағдайьш анықтауға және ағзаның бейімделуін, қальшты жағдайдан физиологиялық қызметтердің ауытқу дәрежесі бойьшша қызмет деңгейін бағалауды үйретеді. Адам физиологиясы заңдылықтарын ашу - бұл өмір сүру ұзақтығын одан әрі жоғарылатуға қажетті жағдай, сауықтыруды тиімді ұйымдастыру, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, аурулардың алдын-алу және емдеудің жаңа әдістерін ашу. Физиология - әлеуметтік және жеке гигиена, бала мен ана денсаулығын қорғау, мектеп гигиенасы, еңбекті, мектептегі оқу үрдісін тиімді үйымдастыру негізі болып табылады. Қорыта келгенде, адам ағзасының қалыпты қызметін білу алдын-алу және клиникалық медицинаға негізделген.

    Пәннің мақсаты:

    Студенттерде сау адам организмінің барлық жүйелерінің қызметін және оларды реттеу механизмдерінің негізгі зандылықтарын қалыптастыру.

    Пәннің міндеттері:

    • Студенттерді физиологиялық ойлауға үйрету;

    • Дені сау адамның жасы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай негізгі
      физиологиялық сипаттары туралы білім беру;

    • Тұтас реакциялардың қалыптасу негізгі заңдылықтары мен механизмдері
      туралы білім беру;

    • Адам организмінің өмір сүруін қоршаған ортамен өзара байланысы
      ретінде жүйелік білімді қалыптастыру;

    • Ғылыми тәжірибе қою дағдысымен таныстыру;

    • Организмнің және оның жүйелерінің қызметгік жағдайын бағалау

    • әдістеріне үйрету;

    • Физиологиялық аспаптармен жұмыс істеу ұстанымдарына үйрету.

    • Оқытудың соңғы нәтижелері Студент: Білуі тиісті:

    • Пәнді, мақсатын, пән міндеттерін және оның келешек мамандығы үшін
      маңызын;

    • Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология,
      жеке физиология және адамның интегративті мінез-құлық қызметі
      жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдерін;

    • Медицинада қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зер-
      ттеу әдістерінің маңыздылығын.

    • Істей алуға тиісті:

    • Дені сау организм қызметтерін негізгі зертгеу әдістерінің принциптерін
      түсіндіруді;

    • Әртүрлі керсеткштердің ақпараттық құндылыктарын (констант) және
      мүшелердің, жүйелердің және бүтін организмнің қызметін ретгу механиз-
      мдерін түсіндіруді;

    • Организмнің бейімделу нәтижесіне жетуі кезінде физиологиялық
      кызметерінің қалыптасу және реттелу негізгі зандылықтарьш бағалауды
      және түсіндіруді;

    • Организмнің өмір сүру жағдайына байланысты негізгі мінез-қүлық
      түрлерінің қалыптасуы және реттелу заңдылықтарын бағалауды және
      түсіндіруді.

    • Дағдыларын меңгеруі тиісті:

    • Динамометрия

    • Артериялық пульсты пальпациялау

    • Коротков әдісімен артериялық қысымды елшеу

    • Спирометрия

    • Пневмотахометрия

    • Тыныстың минуттық көлемін анықтау

    • Кестенің көмегі бойынша қажетті негізгі алмасуды анықтау

    • Термометрия

    • Пәннің алғы реквизиттері мен кейінгі реквизиттері Пәннің алғы реквизиттері: биология және анатомия бойынша мектец бағдарламалары, медбиофизика, молекулалық биология, математика.

    • Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы гигиена, микробиология .

    • 2 Пәннің мазмұны* № 1 Кредит

    • Жалпы физиология. Қозғыш тіндер физиологиясы

    • Физиология курсына кіріспе. Физиология пәні, медицинадағы маңызы. Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы. Физиологияның даму тари-хы. Физиология дамуында шетел және отандық ғалымдардың ролі (И.М. Се­ченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова және т.б.). Организм, гомеостаз және гомеокинез, өзін-өзі реттеу туралы түсінік. Ретге-лу механизмдері: нервтік-рефелекторлық және гуморалдық.

    • Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі ұстанымдары. Рефлекторлық доға. Қызметтің жүйелік ұйымдастырылуы (П.К. Анохин). Физиологиялық зерттеу әдістері.

    • Қозғыш тіндер, олардың қасиеті. Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары. Тітіркену табалдырығын анықтау. Нерв пен бұлшықеттің қозғыштығын са-лыстыру.

    • Қозудың табиғаты. Биоэлектрлік құбылыстардың ашылу тарихы. Мем-браналық потенциал, әрекет потенциалы, олардың тіркеу әдістері, пайда бо­лу механизмі. Қозу кезінде тін қозғыштығыньщ өзгеруі.

    • ОЖЖ-сіндегі тежелу (И.М. Сеченов, Дж. Экклс, Реншоу). Орталықтық тежелу механизмі туралы қазіргі таңдағы кезқарастар. Тежелудің негізгі түрлері - постсинапстық, пресинаштық және олардың механизмі.

    • Қозғыш құрылымдардың қызметгік ерекшеліктері. Нейронның қызметтері. Нейрон ОЖЖ құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Нерв тал-шығының физиологиялық қасиеті. Нерв талшықтарының және нервтердің бойымен қозудың таралу заңдары.

    • Бұлшықет физиологиясы. Қаңқа бұлшықетінің физиологиялық қасиеті. Бұлшықет жиырылуының түрлері. Тетанус, түрлері, механизмдері. Оптимум және пессимум күштері және тітіркендіру жиіліктері. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы. Бұлшықеттердің шаршауы, жеке шек-телген бұлшықеттердің және жалпы организмнің шаршауы туралы теория-лар.

    • Синапстардың физиологиялық қасиеттері. Синапстарда қозудың етуі. Жітелуі, қасиеттері, синапстарда қозудың өту механизмдері. Введенский па-рабиозы және оның сатылары.

    • ОЖЖ қозу. ОЖЖ қозудың таралу ерекшеліктері. ОЖЖ координациялық әрекетінің ұстанымдары. Нерв орталықтары және олардың қасиеттері туралы түсінік. ОЖЖ координациялық әрекетінің жалпы ұстанымдары. Қозу

    • мен тежелу үрдістеріндегі өзара қарым-катынас рефлекстер координациясының негізі ретінде.

    • ОЖЖ физиологиясы

    • ОЖЖ физиологиялық зерттеу әдістері. Электроэнцефалография. Хроно-рефлексометрия.

    • Жұлын қызметі. Бұлшықет тонусьгаың және фазалық қимылдардың жүйелік реттелу механизмдері. Алдыңғы және артқы түбіршіктердің қызметтері. Жұлынның сегменттік және сегмент аралық жұмыс істеу ұстанымдары. Рефлекторлық қызмет. Адам жұлынындағы проприоцептивтік рефлекстерді клиникалық зерттеу әдістері. Жұлынның өткізгіштік қызметі. Организмнің тірек-қимыл аппараты қызметін және вегетативтік қызметтерш реттеуде жұльшның ролі.

    • Артқы ми қызметтері. Сопақша ми және көпір. Сопақша ми лоне көпір орталықтары, олардың қызметтерді өзін-өзі реттеу үрдістеріне қатысуы. Өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер.

    • Ортаңғы ми және ретикулярлық формация құрылымдарының қызметтері. Ретикулярлық формацияның бас миының негізгі өткізгіштік жолдарымен байланыстары. Сенсорлық хабарларды өңдеуде, сергу және ұйқы үрдістерінде ретикулярлық механизмдердің ролі.

    • Аралық ми қызметтері. Таламус - афференттік жолдардың коллекторы. Гипоталамус - соматикалық, вегетативтік және эндокриндік қызметтердің интеграциясын қамтамасыз ететін, қыртыс асты вегетативтік орталық. Моти-вацияның (дәлелілердің), сезімдердің, стресстің, биоырғақтардың қалыптасуына гипоталамустың қатысу.

    • Мишық қызметтері. Мишықтың қыртыс асты тежеуші нейрондарының ролі. Вегетативтік қызметтерді реттеу үрдістерінде мишықтың қатысуы. ОЖЖ интегративтік қызметіндегі мишықтың орны.

    • Бас миының стриопаллидарлық және лимбиялық жүйелерінің қызметтері. Мотивацияның (дәлелілердің), сезімдердің, есте сақтаудың қальштасуында, вегетативтік қызметтердің жөне ОЖЖ интегративтік қызметтердің өздігінен реттелуінде лимбиялық жүйенің ролі.

    • Үлкен жарты шарлар қыртыстарының қызметтері. Қыртыста қызметтердің орналасуы туралы қазіргі тандағы көзқарас. ОЖЖ даму үрдісіндегі қызметтердің қыртыстану туралы көзқарас. Қыртыстың бағаналық ұйымы. Қыртыстың икемділігі (Э. А. Асратян). Адамдағы жарты шарлардың қызметтік асимметриясы.

    • Үлкен жарты шарлардың қыртыс қызметтерін зерттеу әдістері. Электро­энцефалография. Стереотаксистік әдіс.

    • Вегетативтік нерв жүйесінің физиологиясы. Соматикалық және вегетативтік нерв жүйесінің қызметтік ерекшеліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері. Жоғарғы вегетативтік орталықтар. Жалпы мінез-құлықтық актілердің қалыптасуы кезінде вегетативтік нерв жүйесінің қызметтер

    • интеграциясына қатысуы. Мінез-құлықтың вегетативтік компоненттері.

    • Қан физиологиясы

    • Қанның ретгеуші, тасьшалдаушы қызметтері. Қанның формалық эле-менттерінің қызметтері. Қан жүйесі туралы түсінік (Г.Ф. Ланг). Қан түзу, қан ыдырау үрдістері. Қан жүйесінің реттелуі. Эритроцштер. Гемоглобин. Эрит-роциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Лейкоцитгер. Тромбоциттер.

    • Адам қанының құрамы және көлемі. Қанның негізгі физиологиялық константалары. Гематокрит. Қан гемолизі, оның түрлері.

    • Қан топтары және резус-фактор. Гемостаз жүйесі. Қан ұю үрдісі, се-бептері, сатьшары және оның маңызы. Қан ұюға қатысатын негізгі факторлар туралы қазіргі таңдағы көзқарас. Фибринолиз. Қан топтары. Агглютинация туралы түсінік. Донор мен реципиенттің қан сәйкестігі негізгі ережелер. "Әмбебаб" донор және "әмбебаб" реципиент. Резус жүйесінің негізгі аген-ттері. Қан топтарын және резус - иелікті анықтау әдістері.

    • Ішкі секреция бездері

    • Гипоталамус - гипофизарлық жүйе. Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдастырылуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы. Гормондар-дың әсер етуінің негізгі механизмдері. Эндокриндік жүйенің өздігінен ретте-луі. Гипоталамус - гипофизарлық жүйе. Ішкі секреция бездерінің реттеуінде кері байланыс ұстанымы.

    • Ішкі секреция бездері. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі. ¥йқы безінің эндокриндік қызметтері. Бүйрек үсті бездері. Жыныс бездері.

    • Қан айналым физиологиясы

    • Жүрек, оның гемодинамикалық қызметі. Жүрек циклі және оның фаза-лык құрылымы. Франк - Старлинг заңы.

    • Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері және ерекшеліктері. Жүрек автоматизмі. Систолияльщ және қанның минуттық көлемі, жүрек ин-дексі. Гаскелла жүрек автоматиясьның градиенттік заңы.

    • Жүрек қызметінің реттелуі. Жүрек ішілік (интракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Жүрек сыртылық (экстракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Рефлексогендік аймақтар. Кезбе және симпатика-лық нервтердің жүрек қызметіне әсерлері. Жүректің гуморалды реттелуі.

    • Жүрек қызметінің сыртқы көріністері. Жүрек қызметінің электрлік, ды-быстық, механикалық көріністері. Жүрек тондарының түзілу механизмі. Жүрек аускультациясы. Фонокардиография. ЭКГ физиологиялық негіздері.

    • Гемодинамика. Гемодинамика керсеткіштері. Шеткі қан айналым физиологиясы. Тамыр арналарының әр түрлі бөлімдерінің қызметтік сипаттамасы. Қан айналым жүйесінде қан айналымды әртүрлі бөлімдерде қамтамасыз ететін факторлар. Артериялық қысым қысым және оның түрлері (систолиялық, диастолиялық, пульстік). Қан қысымының мөлшерін анықтайтын факторлар. Қан қоры болып табылатын ағзалар.



    • Микроциркуляция. Капиллярлық қан айналым және оның ерекшеліктері.

    • Гемодинамикалық көрсеткіштерді және тамырлық реакцияларды зертгеу әдістері. Артериялық қысымды тәжірибеде және клиникада (тікелей, И.С. Коротков) өлшеу әдістері. Артериялық пульс және оның негізгі параметр-лері. Реография.

    • Қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе. Қан айналымның реттелуі. Клод Бернардың классикалық тәжірибесімен (қоян мойынындағы симпатикалық нервті кесумен) танысу. Қан қысым ретте-луінде кері байланыс ұстанымы. Базалды тонус және оның механизмдері. Тамырды тарылтатын және тамырды кеңітетін нервтер. Тамыр қимылын рет-тейтін орталық және оның орналасуы (А.Ф. Овсянников). Қан айналымын реттеуде рефлексогенді аймақтардың ролі (прессорлық және депрессорлық рефлекстер). Қан айналымының өздігінен реттелуін зерттеуде И.П. Павлов еңбегі. Қан айналымның гуморалды реттелуі.

    • Лимфа жүйесінің физиологиясы. Лимфа айналым жүйесінің қызметтік сипаттамасы. Лимфа ағысын қамтамасыз ететін факторлар, реттелу механиз-мдері.

    • 2 Кредит

    • Тыныс алу физиологиясы

    • Қанның газдық құрамын тұрақтылықта сүйемелдейтін қызметгік жүйе. Сыртқы тыныс. Газ алмасу. Тыныстың реттелуі. Қан газдарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін тыныстық жүйенің қызметі туралы түсінік. Тыныс үрдісінің негізгі кезендері. Тыныстық цикл. Дем алу және дем шығару механизмдері. Өкпедегі газ алмасу. Дем алған, дем шығарған ауаның және альвеолалық ауаның құрамы. Қан және тін аралық газ алмасу. Тыныс орталығы туралы түсінік. Тыныс орталығындағы пневмотаксис бөлімінің ролі. Орталық және шеттік хеморецепторлар, олардың газдық гомеостазды қамтамасыз етудегі маңызы. Өкпенің механорецепторлары, олардың тыныс жиілігі мен тыныс тереңдігін реттеудегі маңызы. Тыныстың шартты - реф-лекторлы және өздігінен реттелуі. Тыныстың гуморалды реттелуі (Фредерика тәларибесі). Тыныс aлy жиілігі мен тереңдігіне газдық құрамның және арте-риялық қан рН-ның әсері. Тыныстың ездігінен ретке келуінде кері байланыс үстанымы.

    • Сыртқы тынысты зерттеу әдістері. Дондерс үлгісі. Плевра ішілік қысымды анықтау әдісі. Пневмография, оның маңызы. Штанга және Генчи бойынша тынысты тоқтатуға негізделген қызметтік сынамалар. Пневмотахо-метрия. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, оның келемдері. Спирометрия. Спирография. Тыныстың минуттық келемі. Оксигемометрия және оксигемо-графия.

    • Әр түрлі жағдайлардағы тьшыс ерекшеліктері. Физикалық жұмыс кезіндегі тыныс. Жоғары атмосфералық қысым кезіндегі тыныс. Кессондық ауру, физиологиялық механизмі. Гиперкапния және гипоксия кезіндегі екпе

    • желдетілуінің езгеруі. Теменгі атмосфералық қысым кезіндегі тыныс. "Тау" ауруы, физиологиялық механизмі. Тыныс жүйесінің резервтік мүмкіншіліктері.

    • Асқорыту физиологиясы

    • Тамақтанудың қызметтік жүйесі. Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері. Қандағы қоректік заттарды тұрақтылықта үстайтын қызметтік жүйе. Ac қорытатын конвейер, оның қызметі (секреция, моторика, copy). Асқорытудың негізгі үстанымдары мен ретгеу механизмдері. Ac қорыту жолдарының эндокриңдік қызметі. Асқорыту физиологиясы үшін И.П. Пав­лов зерттеулерінің маңызы.

    • Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекей бездері, қызметтері, зерттеу әдістері. Сілекейдің мөлшері, құрамы, қасиеттері. Тағамдық және сапасыз заттарға сілекей белінудің бейімделуші сипаты. Сілекей түзілу мен сілекей бөлінудің механизмі.

    • Асқазандағы және ішектегі астың қорытылуы. Асқазанның секреторлық қызметі. Асқазан бездері секрециясының реттелуі. Асқорытуда тұз қышқыльшың ролі. Ұйқы безі сөлінің құрамы және қасиеттері, оның секре-циясы, азыққа эсер ету сипатты, реттелуі. Өттің құрамы мен қасиеттері, рет-телуі. Ішектік секреция, реттелуі. Қоректік заттардың қуыстық және мембра-налық (А.М. Уголев) гидролизі. Тоқ ішекте астың қорытылуы, микрофлора-сының маңызы.

    • Асқазан-ішек жолдарының қызметтерін зерттеу әдістері. Ақуыздарға, майларға, көмірсуларға асқазан секрециясының ерекшеліктері. Тағам түрлеріне және тамақтық рациондарға асқазан секрециясының бейімделуші сипаты. Асқазан мен ішектің секреторлық және моторлық қызметтерін зер-ттеу әдістері.

    • Асқазан-ішек жолдарының моторикасы. Сіңірілуі. Шайнау, жұту. Асқазанның моторлық және эвакуаторлық қызметі. Аш ішек пен тоқ ішек қимылдарьшың түрлері, реттелуі. Дефекация. Құсу. Ауыз қуысында, асқазанда, аш ішек пен тоқ ішектерде сіңірілу.
    •   1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта