Главная страница
Навигация по странице:

  • Мағынасы

  • Халифа Алтай бойынша

  • ҮТІР НАМАЗЫНДА ОҚЫЛАТЫН ҚҰНЫТ ДҰҒАСЫ!

  • Документ Microsoft Word. тір намазы Оылуы уузу билли миншшйтаанирражиим! БисмиллирРахмнирРахиим


    Скачать 19.15 Kb.
    Названиетір намазы Оылуы уузу билли миншшйтаанирражиим! БисмиллирРахмнирРахиим
    Дата05.12.2020
    Размер19.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент Microsoft Word.docx
    ТипДокументы
    #157119

    Үтір намазы Оқылуы:

    Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим
    Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

    Мағынасы:

    Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

    Кайфирун сүресі

    1. қул йә әййуһәл кәфируун

    2. лә әъбуду мә тәъбудуун

    3. уәлә әнтум ъабидуунә мә әъбуд

    4. уәлә әнә ъабидум мә ъабәдттум

    5. уәлә әнтум ъабидуунә мә әъбуд

    6. ләкум диинукум уәлийә диин

    Аяттың жуық аудармасы

    Халифа Алтай бойынша:

    Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.

    1. (Мұхаммед Ғ.С.): «Әй кәпірлер!»

    2. «Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;»

    3. «Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар.»

    4. «Сірә мен сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін»

    5. «Сондай ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма, құлшылық қылушы емессіңдер.»

    6. «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» де.

    Сілтемелер

    Үтір үш рәкәғат, құптаннан кейін оқылады. Құптаннан бұрын оқуға болмайды. Екі рәкәғатты әдеттегі намаздар сияқты орындалып, үшінші рәкәғатта Фатиха мен қосымша сүрені оқып болған соң құлақ қағып тәкбір айтып, Құныт дұғасын оқиды. Құнытты оқып болған соң тәкбір айтып, рукуғ жасайды. Әрі қарай сәжделеріменен аяқтайды. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=295

    ҮТІР НАМАЗЫНДА ОҚЫЛАТЫН ҚҰНЫТ ДҰҒАСЫ!

     «Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә уә нәстаһдик. Уә ну-мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ‘аләйкә уә нусни ‘аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә накфурук Уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук. Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусал- ли уә нәсжуду уә иләйкә нас’а. Уә нахфиду наржу рахмәтәкә уә нахшәә ‘азабәкә иннә ‘азабәкә бил куф-фари мулхиқ».

    МАҒЫНАСЫ:
    «Алла, біз күмәнсіз сенен жәрдем, кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. Алла! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды.



    написать администратору сайта