1 Тақырып Тіс аурумен ақаулардың радиациялық диагнозы. Тіс аурумен аауларды радиациялы диагнозы
Скачать 128.15 Kb.
|
Тіс аурумен ақаулардың радиациялық диагнозы Рентген иондаушы сәуленің бір түріне жатады. Қазіргі кезде стоматологияда диагностикада аса маңызды бөлігі болып табылады.Өйткені қарапайым көзге ауыз қуысының ,60%-ға жуық бөлігі көріне бермейді,сол тіндерді көруге көмегі зор.Рентген тек диагностикада ғана емдеу барысында және соңында нәтижені көру үшін де жасалады.Тістердің апроксимальды беттерінде орналасқан тіс жегілерді,ұлпа қабынуы екіншілік тіс жегіні анықтауда рентген қажет болады.Тіс жегінің тереңдігін анықтауда,эндодонтиялықбарысын тексеруде,периопткальды сүйек тінін бағалауда,периодонтит пен пародонтит кезінде рентген таптырмас құрал болып табылады.Бірақ рентген иондаушы сәуле болып табылғандықтан аса көп мөлшерде зиян болып табылады.Рентген зат алмасуға әсер етіп инфекциялық аурулардың асқынуына тіпті генетикалық өзгерістер алып келуі мүмкін Екіншілік кариес. Апроксимальды беттеріндегі кариес. Рентген иондаушы сәуленің түріне жатады.Стоматологияда 3 рентген түрі бар. 1.Дентальды-ауыз ішілік рентген жеке тіс немесе тіс қатарын зерттеу үшін. Ішкі немесе дентальды рентгенография-тістің қатты тіндерінің, тістің айналасындағы альвеолярлы процестің сүйек тінінің жағдайын егжей-тегжейлі бағалауға, тістің жоғарғы бөлігінің патологиялық ошақтарын (кисталар, гранулемалар және т.б.), периодонтит кезіндегі патологиялық қалталарды анықтауға, тамыр каналдарының күйін және оларды толтыру тығыздығын бағалауға мүмкіндік береді. Дентальды рентгенографияның ең дәл және зиянсыз әдісі-Радиовизиография. Радиовизиография жүргізу кезінде пациент үшін сәулеленудің ең аз дозасы пленкаға әдеттегі дентальді суретке қарағанда 10 есе аз. Арнаның ұзындығын сенімді өлшеуге болатын рентген сәулесінің жоғары дәлдігі мен минималды бұрмалануын атап өткен жөн. Клиникаларда зерттеудің осы түрін жүргізу үшін Sirona неміс фирмасының радиовизиографын қолданады. Бұл компания рентген жабдықтарын өндіруде танымал көшбасшылардың бірі болып табылады. 2.Панорамды рентген түрінде барлық бет- жақ аймағын зерттеуге болады,бұл рентген түрі тек тісті ғана емес сонымен қатар жоғары жақ буынын,мұрын қуысын көруге мүмкіндік береді. Стоматологиядағы ең ақпарат көп беретін суреттердің бірі. Рентгендік зерттеудің бұл түрі тіс-жақ жүйесінің жағдайын бірге бағалауға, тістердің де, жақ сүйектерінің де локализацияланған инфекция ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тістерді және сүйек пластикасын имплантациялауды жоспарлау кезінде уақытша-мандибулярлы буынның жағдайын, синустың рельефін және мандибулярлы каналды бағалауға мүмкіндік береді. Разиовизиографияның сандық технологияларын қолдану сіздің денеңізге сәулелік жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік береді 3.Компьютерлік томография-зерттелетін обьектінің әр түрлі жазықтықтағы көптеген суретін түсіреді.Бұл компьютерге сонымен қатар тіндердің 3 кескінді бейнесін жасауға мүмкіндік береді.Компьютерлік Томография мен Панорамды рентгеннен айырмашылығы изометриялық есептеулер жүргізуге болады,ол әсіресе Ортодонтияда,имплантологияда маңызы зор. Мына жағдайларда осы әдісті қолдана аламыз. Жоғарғы және төменгі жақтың сынуы Жарақаттан кейінгі асқыну Қатерлі түзілімде Қабыну үдерісінде Сілекей без ауруы Қанат таңдай шұңқыры Маңдай сүйегін патологиялық процестерін анықтауға мүмкіндік береді Пародонт қалтасын көруде Ортодонтияда Тісті жұлуда Сүйек қалыңдығында Артықшылықтары Арнайы дайындау қажеті жоқ Сәулелік жүктеме пациент үшін зиян жоқ Процедур 30 сек Жоғарғы сапалы 3 өлшемді сурет шығарады Рентгенсіз диагноз дұрыс қоюға болмайтын жағдайлар - кариес егер тістің апроксимальды бейткейінде орналасса немесе қызылиек астында,екіншілік кариесті анықтау -эндодонтиялық шаралар жүргізу барысында(каналдың жұмыс бөлігі) -перидонтит,пародонтит тісті жұлу кезінде,имплантация протездеу кезінде -тіс ауруларынан мысалы тіндердің жарып шығуы кезіндегі ақаулар(сүт тістердің жарып -шығуы,ақыл тістердің жарып шығуы)тістер санының патологиялары, -Тіс түстерінің өзгеру ақаулары Жалпы айтқана тіс ақаулары мынадай болып бөлінеді Tiстердің көлемінің ақауы -Макродентия -Микродентия -Гетчинсон тістері -Фурнье тістері Tістердің санының ақауы -Гиперодентия -Гиподентия -Адентия Tiстердің түсінің ақауы -Улпаның Некрозы -Тетрациклин бояуы Tiстердің дұрыс емес жарып шыкпауы -Перекоронарит -Ісік Tiстердің орналасуынның ақауы . -Диастема -Трема -Ұры тіс Периодонтит – тіс түбінің және оған жақын жатқан тканьдердің қабынуы. Периодонтит көбіне тіс кариесінің салдарынан болады. Мұнда тіс тканіне инфекция өтіп, тіс түбірін бүлдіреді, сондай- ақ тістің зақымдауынан пайда болады. Периодонтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Периодонтиттің жедел түрінде тістің айналасы қатты ауырады, егер тіске бірдеңе тиіп кетсе одан да қатты қақсап ауырады, қызыл иек, ерін, жақ ісінеді. Тіс босайды, жақ асты безі шошиді, лимфа түйіні ұлғаяды, кейде дене қызуы көтеріледі, асқынса сепсис ауруына шалдықтыруы мүмкін. Созылмалы Периодонтит – жай уақытта онша мазаламағанымен тамқ шайнағанда қатты ауырады, ауыздан жағамсыз иіс шығады, кейде қызыл иекке іріңді бөртпе шығып жарылады. Периодонтиттің бұл түрі жақ сүйекті бүлдіріп, сары сулы ісік пайда болуы мүмкін. ЕМІ: Периодонтитке шалдыққан тістің түбін тазартып, шегендейді, кейде тісті жұлады, тіс түбі, қызыл иек іріңдесе антибиотиктер беріледі. Пародонтит— қанжел, пародонт тканьдерінің қабынуы. Нерв, қан тамыр, иммунды жүйелердің өзара реттеушілік қасиеттерінің бұзылып, микробтарының әсерінен қызыл иек ісіп, тіс түбірі босап, жақ сүйектері ұяшығының ернеуі іріңдеп, тістер қаусап түсетін, зардабы мол, ем қонуы қиын кесел. |