ОРТОДОНТИЯ 7 ТЕСТ ҚОСЫЛҒАН-1 (копия). Тіс жа ауытуларын диагностикалау дістері
Скачать 0.57 Mb.
|
88. Ұл бала 11 жаста. Ата-анасының тістесудің дұрыс емес болуы шағымданады. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, профилі - ойыс. Ауыз қуысында: бірінші азу тістердің түйісуі Энгль жіктемесі бойынша III топ, күрек тістер аймағында кері күрек тістік жабылумен бірге 3 мм-лік сагиттальды саңылау анықталды. Мезиальды тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады? А. Антропометриялық В. Фотометриялық С. Биометриялық Д. +Функциональды сынама Е. Миотонометрия 89. Ұл бала 9 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Сыртқы қарау кезінде беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендегені анықталды, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: кері күрек тістік терең жабылу, сагиттальды саңылау 3 мм. Мезиальды тістесу түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін қай функциональды сынама ЕҢ лайықты болып табылады? А. Ауызды кең ашқан кезінде бетті қарау В. Физиологиялық тыныштық кезінде бетті қарау С. Орталық окклюзия кезінде бетті қарау Д. +Төменгі жақты артқа ығыстыру Е. Үйреншікті окклюзия кезінде бетті қарау 90. Қыз бала 9 жаста, шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Объективті: профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 3 мм, кері күрек тістік терең жабылу. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қорытынды диагноз қоюда ЕҢ ақпаратты болып табылады? А. Ауызішілік рентгенография В. +Бүйір проекциядағы телерентгенография С. Тік проекциядағы телерентгенография Д. Ортопантомография Е. СТЖБ томографиясы 91. Ұл бала 7 жаста. Ата-анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Объективті: беті симметриялы, профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Тіс формуласы жасына сәйкес. Кешенді зерттеу негізінде төменгі жақтың бассүйегі негізіне қарағанда алдыда орналасқаны анықталған. Төменде көрсетілген емдеу нұсқаларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады? А. Жоғарғы жақтың өсуін шектеу В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру С. +Төменгі жақтың өсуін шектеу Д. Екі жақтың өсуін ынталандыру Е. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру 92. Ұл бала 5 жаста. Анамнезінде ата-анасының айтуы бойынша жоғарғы ернін соратын зиянды әдеті бар. Ауыз қуысын қарағанда: тіс формуласы жасына сәйкес келеді, тіс қатарларын түйістіргенде екінші уақытша азу тістерінің артында мезиальды баспалдақ анықталады. Фронтальды бөлімінде тік қатынас. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады? А. Төменгі тіс доғасының дистализациясы В. +Зиянды әдеттерін жою С. Екінші уақытша молярды жою Д. Жоғарғы жақтың өлшемін ұлғайту Е. Қатты тағамды қабылдау 93. Ұл бала 10 жаста, ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Ауыз қуысында: диастема, 1.2, 2.2 тістердің адентиясы, кері күрек тістік жабылу. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік? А. Диастеманы емдеу және 1.3, 2.3 тістерді мезиальды ығыстыру В. Жоқ 1.2, 2.2 тістердің дефектін протездеу С. +Кері күрек тістік жабылуды емдеу Д. Диастеманы емдеу және протездеу Е. 1.2, 2.1 тістерді дистальды ығыстыру 94. Ұл бала 11 жаста. Беті симметриялы, жоғарғы ерні ішке салбыраған, иегі алға жылжыған. Бүйір проекциядағы ТРГ-да бассүйегінің алдыңғы негізіне қарағанда жоғарғы жақтың артта орналасқаны анықталды. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады? А. Жоғарғы жақ өлшемін қысқарту В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру С. Төменгі жақ өлшемін қысқарту Д. +Жоғары жақтың өсуін ынталандыру Е. Екі жақтың өсуін ынталандыру 95. Қыз бала 11 жаста, шағымы эстетикалық көріністің бұзылуына. Объективті: төменгі ерін және иегі алға шығыңқы, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: төменгі жақта күрек тіс пішінінде комплектен артық екі тіс бар, кері күрек тістік жабылу, және 1.3, 2.3 тістерге орын жетіспеушілігі байқалады. Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады? А. Жоғарғы тіс қатарын алға жылжыту В. +Комплекттен артық тістерді жұлу С. 1.3, 2.3 тістерге орын дайындау Д. 3.4, 4.4 тістерді жұлу Е. 1.4, 2.4 тістерді жұлу 96. Бала 8 жаста. Мектеп стоматологы тарапынан бағытталған. Баланың аузын жабу кезінде бүйір тістерін түйістіру үшін төменгі жағын алға ығыстыратыны анықталды. Науқасты емдеудің қай нұсқасы ЕҢ бірінші реттік болып табылады? А. Жоғарғы жақ тіс қатарын кеңейту В. Төменгі жақ тіс қатарын кеңейту С. +Сүйір тістердің төмпешіктерін егеу Д. ЛОР- ағзаларды санациялау Е. Төменгі жақтың өсуін шектеу 97. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы тұрақты тістердің жарып шығуының кешігуі. Ауыз қуысында барлық уақытша тістер және 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістердің жарып шыққандығы байқалады. Тістерін түйістіргенде терең кері күрек тістік жабылумен бірге мезиальды окклюзия анықталды. Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады? А. Диагностикалық мүсінде биометриялық өлшеу жүргізу В. Тістердің шайнау тиімділігін анықтау С. Хирургтың кеңесі Д. +Ортопантомография Е. Бүйір проекциядағы телерентгенография 98. Терең тістесу кезінде тіс қатарларының қатынасы қандай жазықтық бойынша бұзылады? А. Сагиттальді В. Фронтальды С. +Вертикальді Д. Трансверзальді Е. Туберальді 99.Төменде көрсетілген тістесу ауытқуларының қайсысымен терең тістесу көбірек кездеседі? А.Мезиальді В.+Дистальды С.Ашық Д.Ортогнатиялық Е.Айқасқан 100.Төменде көрсетілген тістердің орналасу ауытқуларының қайсысы терең тістесудің қалыптасуына алып келеді? А.Төменгі жақсүйектік макродентия В.Жоғарғы жақсүйектік микродентия С.Алдыңғы тістердің инфроакклюзиясы Д.+Алдыңғы тістердің супраокклюзиясы Е.Бүйір тістердің супраокклюзиясы 101.Төменде көрсетілген қай этиологиялық фактор көп жағдайда терең тістесуді қалыптастырады? А.Уақытша күрек тістерді ерте жұлу В.+Бүйір тістерді ерте жұлу С.Саусақ пен тілді сору Д.Тілдің қысқа үзеңгісі Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі 102.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады? А.Макроглоссия В.Туа пайда болған қатты таңдай жырығы С.Жоғарғы күрек тістерді ерте жұлу Д.+Бүйір тістердің толығымен жарып шықпауы Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі 103.Терең тістесудің клинико-морфологиялық белгілеріне төмендегілердің бәрі жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А.Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі В.+Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы С.Иектік қатпардың айқындалуы Д.Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы Е.Тіс қатарларының тарылуы 104.Төменде көрсетілген тіс ауытқуларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады? А.Транспозиция В.1.2, 2.2 тістердің адентиясы С.Төменгі жақсүйектегі комплекттен артық тістер Д.Төменгі жақсүйектік макродентия Е.+Жоғарғы жақсүйектік макродентия 105. Төменде көрсетілген тіс қатарлары аномалияларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады? А.Жоғарғы тіс қатарының кішіреюі В.+Жоғарғы тіс қатарының үлкеюі С.Төменгі тіс қатарының үлкеюі Д.Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы Е.Алдыңғы бөліктегі тіс альвеоласының қысқаруы 106. Қалыптасып келе жатқан терең тістесудің ерте белгісі: А.Төменгі жақсүйегінің алдыңғы бөлігіндегі тіс альвеоласының ұзаруы В.Төменгі жақсүйектің бүйір бөлігіндегі тіс альвеоласының қысқаруы С.Фронтальды жабылу деңгейінің үлкеюі Д.Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің кішіреюі Е.+Күрек тістік жабылудың тереңдеуі 107.Терең тістесуге төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А.Шайнау эффективтілігінің төмендеуі В.Алдыңғы тістер парадонтының артық жүктелуі С.+Төменгі жақ бұрышының ұлғаюы Д.Шырышты қабаттың жарақаттануы Е.Самай төменгі жақтағы ауру сезімі 108.Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесуге тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады? А.Төменгі жақсүйектегі диастема В.Бүйір тістердің супраокклюзиясы С.Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы Д.+Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі Е.Сагиттальді кеңістіктің үлкеюі 109. Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады? А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі В.+Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі С.Төменгі жақсүйек бұрышының үлкеюі Д.Алдыңғы тістердің протрузиясы Е.Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі 110.Терең тістесуге төменде көрсетілген барлық клинико-морфологиялық белгілер тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А.Алдыңғы тістердің ретрузиясы В.Айқын Шпее қисығы С.Төменгі күрек тістердің шамадан тыс жарып шығуы Д.+Бүйір тістердің шамадан тыс жарып шығуы Е.Супраментальді жүлгенің тереңдеуі 111.Төменде көрсетілген беттік белгілердің қайсысы терең тістесуге ЕҢ тән болып табылады? А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі В.+ Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі С.Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, иектің алға ығысуы Д. Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі Е.Беттің жоғарғы бөлігінің үлкеюі, иектің алға ығысуы 112.Қаңқалық терең тістесуде жақтардың қандай өсу типі ЕҢ ықтималды? А.Вертикальді В.+Горизонтальды С.Нейтральды Д.Тік Е.Сызықтық 113.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесуге ЕҢ лайықты болып табылады? А.Жоғарғы бүйір тістердің дистальді ығысуы В. Төменгі бүйір тістердің мезиальді ығысуы С. Күрек тістік жабылудың кішіреюі Д. Төменгі алдынғы тістердің протрузиясы Е.+ Жоғарғы алдынғы тістердің ретрузиясы 114. Терең тістесудің беттік белгілері төмендегілердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А. +Иектің алға шығуы В. Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі С. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі Д. Супраментальді жүлгенің тереңдеуі Е. Төменгі еріннің қалыңдауы 115. Терең тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады? А. Антропометрия В. Фотометрия С. Биометрия Д.+Бүйір проекциядағы телерентгенография Е. Тік проекциядағы телерентгенография 116. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеу әдістері? А.+ Ауыз қуысын санациялау, зиянды әдеттерді жою, функциональді аппараттар В. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, механикалық аппараттар С. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, функциональді аппараттар Д. Зиянды әдеттерді жою, механикалық аппараттар Е. Миостатикалық рефлексті қайта қалыптастыру, компактоостеотомия 117. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А. Зиянды әдеттерді жою В. Қатты тағамдарды шайнату С. Протездеу Д.+ Механикалық әсер ететін аппараттар Е. Тынысалу және жұтыну функцияларын қалпына келтіру 118. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А. Зиянды әдеттерді жою В. Функциональді аппараттар С. Миогимнастика Д. Механикалық аппараттар Е.+ Рациональді протездеу 119. Терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А. Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру В. +Алдыңғы тістердің жарып шығуын ынталандыру С. Алдынғы тістердің кешігіп жарып шығуы Д. Тістердің орналасуы мен тіс доғасы формасын қалпына келтіру Е. Алдынғы тістердің ретрузиясы кезінде олардың вестибулярлы иілуін қалыптастыру 120. Тұрақты тістесу кезіндегі терең тістесудің емдеу әдістері? А. Қатты тағым шайнау В. Ауыз қуысын санациялау С. Массаж, миогимнастика Д. Зиянды әдеттерді жою Е.+Аппараттармен емдеу 121. Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттарлың қайсысы терең тістесуді емдеуде қолданады? А. Бынин каппасы В. +Тістелетін табақшасы бар Катц табақшасы С. Телебаева аппараты Д. Кеңейткіш бұрандасы бар табақша Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша 122. Терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ: А. Андрезен-Гойпл активаторы В. Френкельдің II тип қызмет реттеушісі С.+ Френкельдің III тип қызмет реттеушісі Д. Катц табақшасы Е. Вестибулярлы табақша 123. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы қолданылады? А. +Мюлеман пропульсоры В. Бұрандасы бар табақша С. Брюкль аппараты Д. Бынин каппасы Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша 124. Бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде: жоғарғы алдынғы тістердің кесу бұдырлық бетін сақтай отырып төменгі тістерді тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны анықталды. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия В. Күрек тістік вертикальді окклюзия С. Күрек тістік сагитальді окклюзия Д. Күрек тістік терең дизокклюзия Е. +Күрек тістік терең окклюзия 125. Қыз бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде жоғарғы алдынғы тістері төменгі тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны және кесу бұдырлық бетінің сақталмағаны анықталды. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия В. +Күрек тістік терең дизокклюзия С. Күрек тістік вертикальді окклюзия Д. Күрек тістік сагитальді окклюзия Е. Күрек тістік терең окклюзия 126. Ұл бала 12 жаста, сыртқы қарап тексеру кезінде еріндері түйіскен, төменгі ерні қалыңдаған, супраментальді қатпар айқындалған. Жоғарғы және төменгі алдынғы тістері ретрузиялы орналасқан. Бүйір бөлігінде сайлы төмпешікті түйісу байқалады. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. Мезиальді тістесу В. Дистальді тістесу С. Ашық тістесу Д. +Терең тістесу Е. Айқасқан тістесу 127. Боз бала 17 жаста. Сыртқы қарап тексеру кезінде: ауыздың айналмалы бұлшықеттері тырысулы күйде, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Тістерін түйістіргенде төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, бүйір бөліктерінде аттас тістердің түйісуі байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды? А. +Терең жарақаттаушы тістесу В. Прогнатиялық терең тістесу С. Терең шектеуші тістесу Д. Прогнатиялық тістесу Е. Терең тістесу 128. Бала 12 жаста. Сырттан карап тексергенде мұрын-ерін қатпарының тегістелгені, супарментальді қатпардың айқындығы анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістері төменгі тістерді толығымен жауып тұрғаны, 1.1, 2.1 тістердің артқа иілгендігі, 1.2 және 2.2 тістердің вестибулярлы бағытта орналасқандықтары анықталды. Бүйір бөлігінде сайлы бұдырлы түйісу байқалады. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. Вертикальді күрек тістік дизокклюзия В. Вертикальді күрек тістік окклюзия С. Терең күрек тістік дизокклюзия Д. +Терең күрек тістік окклюзия Е. Вестибулоокклюзия 129. Бала 6 жаста, тағамды тістеу қиындығына шағымданады. Сырттан қарап тексергенде беттің төменгі 1/3 бөлігі кішірейген, төменгі ерін сыртқа айналған, ерін астылық шұнқыр тырысқан. Тіс қатарларын түйістіргенде бүйір тістері дұрыс қатынасады, төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, алдынғы тістер оральді бағытта иілген. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. Вертикальді күрек тісті дизокклюзия В. +Терең күрек тістік дизокклюзия С. Вертикальді күрек тістік окклюзия Д. Терең күрек тістік окклюзия Е. Дистальді окклюзия 130. Қыз 25 жаста. Парадонтологтың нұсқауы бойынша ортодонтиялық ем үшін келген. Парадонт жағдайының нашарлауына шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде: азу тістердің түйісуі II класс бойынша, Шпее қисығы анық айқын білінеді, төменгі күрек тістер кесу қырларымен қатты таңдайдың шырышты қабатына тіреледі. Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды? А. +Терең жарақаттаушы тістесу В. Терең прогнатиялық тістесу С. Терең шектеуші тістесу Д. Терең фронтальді Е. Терең тістесу 131. Бала 11 жаста, диагностикалық модельдерді биометриялық өлшеу кезінде жоғарғы күрек тістер енінің өлшемі 36 мм, төменгі күрек тістердің енінің өлшемі 24 мм екені анықталған. Төмендегі тістесу түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтималды? А. Ортргнатиялық тістесу В. Прогениялық тістесу |