каррес 13. Тісжегі дамуыны микробиологиялы патогенездік механизмдері
Скачать 13.96 Kb.
|
13. Тісжегі дамуының микробиологиялық патогенездік механизмдері S.mutans тісжегілік процестің қоздырғышы ретінде тіс эмаліне адгезиялануы және тістің органикалық негізінің бұзылысында да маңызы бар Тісжегінің дамуындағы 2 белгі ерекше маңызды: S.mutans-тың тамақ сахарозасынан қатты беткейлерге (тіс эмалі және пломбалар) тұрақты колонизацияланатын ерімейтін полимерлерді түзу қабілеті; S.mutans-тың ауыз қуысының қалған көптеген микроорганизмдері үшін токсигенді болып табылатын қышқыл ортада тіршілік етуі. Қышқыл ортаға бейімделу қабілеті - S.mutans-тың патогендік потенциалының негізі. S.mutans органикалық қышқылдарды түзе отырып бірқатар қанттарды шығаруға қабілетті. Көмірсулардың жоғары концентрациясында тек сүт қышқылын түзеді, ол өз кезегінде жасушаның айналасындағы ортаны қышқылдайды. Бұл жасушаларды алып тастамаса тіс бляшкасы өсе бастайды (S.mutans-тың өсуі, басқа бактериялардың қосылуы, сілекей протеиндері, тамақ қалдықтары есебінен) және қышқыл түзуді арттырады. Тамақта қанттың көп болуы ауыз қуысындағы стрептококтардың сүт қышқылын түзуіне және олардың секрециясына септігін тигізеді. Оның иондану константасы (рК = 3,5) эмальға қарағанда төмен. Тіс бляшкасындағы рН критикалық нүктеге жеткенде (-5,5) эмальдің реминерализация/деминерализация процестері арасындағығы баланс бұзылып тісжегі басталады. Қышқылданудың ұзақ кезеңдері тістегі минералдардың еруіне және оның тұрақты түрде бұзылысына әкеледі. S.mutans сахарозадан гликанды және фруктанды тізбектерді құрайтын Gtf және Ftf ферменттерді және болжамды түрде оларды деградацияға ұшырататын басқа гендік өнімдерді түзеді. S.mutans-тың глюкозилтрансфераза синтезин кодтайтын 3 хромосомды гені бар. Глюкозилтрансфераза екі ерекше доменді құрайды: аминді ұшы гликан синтезіне, ал карбоксил ұшы – олармен байланысқа жауап береді. Карбоксил ұшы домені гликанмен байланысуға арналған спираль түзетін қайталанатын аминқышқылды бірізділік сериясынан тұрады. mutans глюкозилтрансферазаны өндіреді, ол тамақпен түсе отырып қанттардан суда ерімейтін гликандар өндіреді, олар тіс беткейіндегі микроорганизмдердің қайтымсыз байланысын қатамасыз етеді. Тіс беткейіне колонизацияланғаннан соң S.mutans көмірсулардың біртексіз түсуі, оттегі және оның метаболиттерінің болуы, көмірсулардың ыдырауынан органикалық қышқылдардың жиналуы сияқты әртүрлі стресс жағдайларында көбею керек және тіршілік етуі тиіс. ауыз қуысындағы стрептококктар аммиакты аргининдезаминазаның қатысуымен өндіреді, кейінгі зерттеулерде анықталғандай S.mutans (осы ферменті жоқ) аргининдезаминазаның қатысуымен аргининнің декарбоксилазалық метаболитінен аммиакты өндіреді. |