Главная страница
Навигация по странице:

  • Корпоративтік тәуекел

  • 6+Тәуекел+және+табыстылық. тысты барынша кбейту


    Скачать 15.6 Kb.
    Названиетысты барынша кбейту
    Дата24.05.2023
    Размер15.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6+Тәуекел+және+табыстылық.docx
    ТипДокументы
    #1157258



    «Тәуекел» түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Тұтастай алғанда, тәуекел – болжамдаған нұсқамен салыстырғанда залалдардың пайда болуы немесе табыстарды кемдеу алу мүмкіндігі. Кең мағынада тәуекелді басқару дегеніміз оларды жоюға немесе азайтуға бағытталған қызмет түрі.

    Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.

    Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

    Тәуекелдік менедждмент дегеніміз нарықтық қатынастар мен тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы енеді.

    Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:

    • ұтысты барынша көбейту;

    • нәтиженің оңтайлы ықтималдығы;

    • нәтиженің оңтайлы ауытқуы;

    • ұтыс пен тәукелдік көлемінің оңтайлы үйлесімділігі.

    Корпоративтік тәуекел – ол әр түрлі инвестициялардың іске асыруымен байланысты барлық тәуекелдердің сомасы. Корпоративтік тәуекелге әртараптандырылған қоржынмен жойылған және әртараптандырылмаған тәуекелдер кіреді. Компанияның қаржылық жағдайына тигізетін әсермен байланысты болжам тәуекелді болуы мүмкін. Тәуекелді болжам компания табыстарының толық жоғалуын көрсетеді. Ең қауіптісі – пайда түспеу қаупі. Ол банкроттыққа және мүліктен айрылуға әкеледі.

    Корпоративтік тәуекелдерді басқару стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу процесінде менеджменттің шешім қабылдауды қолдаудың жалпы жүйесінің бөлігі ретінде жұмыс істейді және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге әсер ететін оқиғалар мен факторларды анықтауға бағытталған.

    Тәуекел-менеджменттің түпкі мақсаты кәсіпкерлік қызметтің нысаналы функциясына сәйкес келеді, ол ең төменгі шығындармен және пайда мен тәуекелдің оңтайлы (кәсіпкер үшін қолайлы) арақатынасымен ең көп пайда табудан тұрады.


    написать администратору сайта