Главная страница

Тәжірибе жұмысы 1. Тәжірибе жұмысы1. Тжірибе жмысы 1 Электр монтажды жмыстарды йымдастыру


Скачать 23.6 Kb.
НазваниеТжірибе жмысы 1 Электр монтажды жмыстарды йымдастыру
АнкорТәжірибе жұмысы 1
Дата12.05.2022
Размер23.6 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТәжірибе жұмысы1.docx
ТипДокументы
#524310

Тәжірибе жұмысы №1

Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру

 

     Электр өткізгіштердің монтажын, өзге электр монтаждық жұмыстардың түрлері тәрізді екі сатыда орындайды. Бірінші сатыда электр монтаждық дайындаулар шеберханасындағы дайындау және міндетті түрде монтаждық обьектілердегі дайындық жұмыстары іске асырылады. Шеберханаларда (зонадан тыс және монтаждалушы обьектінің құрылысқа дайындығынан тәуелсіз) – шиналық, трубалық, жерге қосқыш құрылғысын, электр өткізгіштер, кабельдік желілер және т.с.с., ірілендірілген блоктарды дайындайды және жинайды. Тікелей монтаждау алаңында, құрылыс жұмыстарының белгілі дайындығында, келесі жұмыстарды атқарады: электр тораптарының және жерге қосқыш құрылғыларының жолдарының белгіленуін және дайындығын; бір мекемеден екіншісіне өту және сытқа шығу орындарында құбырларды ірге тасқа орналастыру және басқа да құрылыс негіздерін жүргізу; құрылысшылардың қондырғыларды бақылап тұруын ұйымдастырады; құрылыс үрдісінде электр жабдықтарды орнату және электр өткізгіштерді монтаждау үшін қажетті ойықтардың, кішкене тетіктердің, ұяшықтардың, бороздалардың жасалынуын қадағалауды іске асырады.

     Екінші сатысында монтаждық обьектінің өзіндегі монтаждау жұмыстарын орындайды. Бұл жұмыстарға дайындалған орындарға электр жабдықтарды және электр құрылыстарды орнату, дайындалған жолдарға электр өткізгіштің дайын элементтерін орналастыру, электр тораптарын электр жабдықтарға орнатылған аппараттар мен құралдарға қосу енеді.

     Электр жабдықтарды монтаждауға қабылдайтын мекемедегі құрылыс жұмыстары: электр монтаждық жұмыстарды, монтаждалушы құрылғыларды, кабельдік бұйымдарды және электрлік материалдардың атмосфералық жауын-шашыннан, тау сулары мен төмен температуралардан және шектес ұйымдармен жұмысты әрі қарай жалғастыру барысындағы кездейсоқ зақымданулар мен ластанулардан қорғауы, қалыпты және қалыпсыз жүргізілуін қамтамасыз ете алатындай болуы тиіс.

     Екінші сатыдағы жұмыстар басталмас бұрын электр техникалық мекемелердегі жинақтық-тарату қондырғыларындағы, қалқандардардағы, басқару станцияларындағы, трансформаторлардың камераларындағы, машина залдары және олардың төменгі бөлмелеріндегі құрылыс және өлдеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

     Құрылыс обьектілерінде, күштік электр жабдықтарын монтаждау мерзімін қысқарту, еңбек өнімділігін өсіру, материалды-техникалық ресурстардың үнемді шығындалуы, электр монтаждау жұмыстарының сапасын өсіру және өзіндік құндылығын төмендету мақсатымен шаруашылық есептерін енгізеді.

     Мұндай есептерді бригадалық тәртіп әдісімен жұмыс жасайтын шаруашылық есептеуші бригадалар енгізеді. Бригадалық тәртіп материалдардың, құрылымдардың және шеберхана бұйымдарының кешендік алып келуін іске асыратын типтік обьектілер немесе өндірістік құрылыстың типтік обьектілердің электр жабдықтарының монтаждалуында қолданылады.

     Бригадаларды шаруашылық есептеулерге көшіру алдында, жұмыс өндірісінің инженерлік дайындығы, материалдар, күнтізбелік жүктелу графигі, құрылымдық және шеберхана бұйымдарының әкелінуі, т.с.с. сияқты жұмыстар атқарылады.

     Еңбек өнімділігінің артуының, монтаждаудың өзіндік құнының төмендеуі, жұмыстардың сапасының жоғарылауы және олардың орындалу мерзімдерінің қысқаруының негізгі көзі жұмысты индустрализациялау болып табылады. Электр монтаждық индустрализациясы деп, өндірістік немесе монтаждық ұйымдардың зауыттарында сондай-ақ, монтаждық-дайындау бөлімдерінің шеберханаларында құрылыс жұмыстары алаңынан тыс жұмыстардың мүмкін болатын көлемін орындауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірлестігін түсінеді. Электр монтаждық өндірістің қажетті механизациялану деңгейі және еңбек механизация құралдарының дұрыс қолданылуы ЖӨЖ-дың құрамына кіретін жұмыс механизациясының көмегімен анықталады.

     Жұмыс өндірісі барысында ірі машиналар және механизмдермен қатар әсіресе тікелей құрылыс алаңында және шеберханаларда іске асырылатын майда қолмен жасалынатын жұмыстар үшін шағын механизациялау құралдары, сонымен қатар, әртүрлі, оның ішінде рационализаторлар жасаған икемделулер қолданылады.

     Қазіргі уақытта электр монтаждық жұмыстардың көлемдік механизациялануын, тәжірибелі түрде шеберханада сұрыптық болат шиналар, болат құбырларды, өңдеу бойынша  технологиялық желілерде, электр өткізгіштер мен кабельді желілерді, қауырсын құбырларды ажыратушыларды дайындау қалқандарында сондай-ақ, жоғары механизацияланған саптарды (колонналарды) ұйымдастыру жолымен электр жеткізу желілерінің құрылысында іске асырады.

     Монтаждау бөлімшелерінің орталық базадан айтарлықтай қашықтықта екенін ескере отырып және жұмысты басқаруды сондай-ақ, ірі механизмді (крандар, гидрокөтергіштер, шұңқыр ойғыштар және т.б.) жақсы басқаруды оперативтендіру мақсатымен, бөлімшелері, арнайы механизмдері, механизациялау базалары т.с.с., радиобайланыс жүйелері кеңінен қолданылады.

     Әрине, қазіргі нарықтық электр энергетика жағдайында, электр жабдықтарын немесе электр қондырғыларын монтаждау жұмыстарын біркелкі өзгеше болуы мүмкін. Ол туралы керекті материалдар жиналуда. Ол материалдар, осы оқу құралының келесі басылымында ескеріліп, ескеріліп толық жазылатын болады.

 


написать администратору сайта