Ашық сабақ Тақырыбы:«Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі»
Сыныбы: 1
Өткізген:
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары Оқу ісінің меңгерушісі:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғатқа саяхат»
|
Мұғалімнің аты-жөні :
| Күні:
Сынып: 1 « »
| Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:1
|
|
| Сабақ тақырыбы
| Жж дыбысы мен әрпі
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы
на сілтеме)
| 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар білу керек: Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.
Көпшілігі: Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды.
Кейбір оқушылар: Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.
| Жетістік критерийлері
| Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
| Тілдік
мақсаттар
| Боранды күн, аязды күн, ауа райы.
| Құндылықтарды
дарыту
| Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды дарыту.
| Пәнаралық байланыстар
| Дүниетану, математика
| АКТ қолдану
дағдылары
| Аудиожазба , таныстырылым.
| Бастапқы білім
| Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
| Алдыңғы меңгерілген білім
| Оқушылар қоршаған орта не екенін біледі, табиғат жайлы шығармаларды жанры бойынша ажырата алады.
| Сабақбарысы
|
|
| Сабақтың
Жоспарланған
кезеңдері
| Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
5 минут
5 минут
| (Ұ)Психологиялық ахуал
Жыл мезгілдеріне байланысты қима – қағаздар арқылы топқа бөліну. Алтында тұрған қағаздарға өз есімдерін жазу. Сол есімдерді алу сабақ барысында жүзеге асады.
І топ «Қыс» тобы
ІІ топ «Көктем» тобы
ІІІ топ «Жаз» тобы
IV топ «Күз» тобы.
«Сұрақтар жаңбыры»
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.
-Балалар біздің тобымыздың аттары қай мезгілде болатын табиғат құбылыстары атаулары?
-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше барлығымыз терезеге қарайық қазір қандай мезгілді көріп тұрмыз?
-Осы мезгілде біз табиғаттың қандай күйде болатынын білеміз солай ма?
-Ендеше маған айтыңдаршы осы қыс мезгілінде қандай ойындар ойнатылады?
-Шана, қар атысу, аққала жасау, шаңғы тебу.
Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.Балалар бұл ненің дыбысы?
-Көктем келді
-Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естіледі?
-Иә, балалар, көктем мезгілінде күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.
-Қәне, бәріміз бірге "Күн күркірейді" деп қайталайықшы.
Енді күн күркірегенде міндетті түрде не жауады?
Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.
Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?
-Кәне, ойланайықшы, ол "гу-гу" деген дыбыс шығарып, гуілдейді?
Кәне, балалар гуілдеп енді жел болайықшы.Балалар, біз жел, жаңбыр болдық.
Енді осы "жел", "жаңбыр" сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
-Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.
Балалар, бәріміз "ж-ж-ж" деп қайталайықшы
Қандай жәндік осындай дыбыс шығарады? (Қоңыздар).
Енді бәріміз аралар мен қоңыздар секілді қанатымызды жайып жіберіп, "ж-ж-ж" деп ұшайықшы.
-Балалар, жаңбыр жауғанда жердің несі басылады екен?Иә, жауғаннан кейін жердің шаңы басылады. Басылып, ауамыз тазарып, табиғат тамаша күйге енеді.
-Қар, жаңбыр, кемпірқосақ, найзағай,бұршақ- осының бәрін бір сөзбен қалай айтуға болады?
ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
-Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не істейміз, нені үйреніп-білеміз?Қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
| «Табиғат дыбыстары» аудиоматериал
https://www.youtube.com/watch?v=8pMV89OZxFY, суреттер.
| Сабақ ортасы
20 мин
| Артикуляциялық жаттығу
Ж – дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де тістер дыбысты жібермей тұрады. Тіл жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады. Бүйірлері азуға тиеді.
Піл,бақа,футбол, әткеншек жаттығулары айна алдында орындау.
Буындар баспалдағы: жа- жа-жа жапалақ жо-жо-жо- жолбарыс жә-жә-жә-жәшік жү-жү-жүгері жұ-жұ-жұмыртқа жу-жу-жусан жи-жи-жи-жидек жу-жу- жу-жусан
«Суретті әңгімеле» Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Ойыңды дәлеледе.
Сиыр мен ешкі
Адамдар жақсы,-деді сиыр. Адамдар жаман,-деді сыңар мүйіз ешкі.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Мәтін кім/не не туралы? Ешкінеліктенадамдаржамандеді?? Мәтін сізге ұнады/ұнамадыма?Неліктен? Балаларбарлығымызмәтінгеқарайықмәтінненмағынасықарсысөздердікөріпотырмыз ба? -Жақсы жаман
-Өте жақсы неге жақсы жаман деген сөздер бір біріне қарсы мәндес сөздер болады?
ТЖ. «Сұрақтар жаңбыры» ойыны.
Балалар алдындағы ресурстар арқылы қарама –қарсы сөздер ойлап табады.
ТЖ. «Сөзді тап» әдісі.
Ж дыбысы мен әрпі бар сөздерді тауып оларды атап, дыбыстық, буындық талдау жасап, сөйлемдер құраңыз.
Жүзім, жарқанат, жұлдыз, жылан, қонжық, жеті, жұмыртқа, жүзік.
«Сиқырлы қалам» әдісі. Дәптермен жұмыс: Ж ж дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу. Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
Дискриптор: 1.Жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды.Көркем жазады.
Сергіту сәті:«Оң қол, сол қол»
Екі қолым бар және саусақтарым,
Досты сүйемін және оның ... ТЖ. «Орындап көр!» ойыны
1-топ Түсіп қалған əріптерді табайық.
Қон...ық, ...алау ...рыс, ...ас...л, ...ті.
2-топ Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды
3-топ Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
4-топ Буындардан сөз құра.
| Айна, артикулияциялық жаттығуларға байланысты суреттер
Суреттер, карточкалар
Карточкалар, сызбалар, мағынасы қарама-қарсы суреттер
Көркем жазу үлгісі
| Сабақтың соңы
5 минут
5минут
| «Білім ағаштары» кері байланыс
Суретшінің салған жанды табиғатты бейнелеуін, оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірі арқылы білу. Жұлдызшалар арқылы бағалану.
Топтық жұмыс барысында жұлдызша көп жинаған топты,фокус топ ретінде алынады. Түртіп алу арқылы топтағы оқушылардың топта жұмыс орындауларын бақыладым. Келесі сабақтарда оқушыларға «Табиғатқа саяхат» тақырыбынада газет немесе кітапша әзірлеу тапсырылады.
| Кері байланыс жасайды.Төрт мезгілге байланысты суреттер, жұлдыздар
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Қабілетті балалареркін сөйлейді. Табиғат құбылысын анықтай алады.
| Қалыптастырушы бағалау арқылы
| Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Мен ашық сабағымда таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі және мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажырата алу мақсатын алдым.
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған.
Мақсатыма жету үшін менің таңдауым тіл дыбыстарындағы артикуляцияны дұрыс қоя білу, дыбыстық талдау жасай білу, сурет бойынша әңгіме жүргізге түсті.Мақсатқа жету үшін әр топқа әр-түрлі сұрақтар қоя білдім.Сабақ материалы үшін оқушыларға жеңіл, қызықты болды.Тапсырмалар балаларды дамытуға арналған.Оқушылардың есімдерін қағаз таяқшаларына жазып, ортаға қоюы, барлық баланың сабаққа қатысуына мүмкіндік берілді. Мен өз сабағымда мақсатыма жеттім.
Сабақтың уақыттылық кезеңдері сақталды.
Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады-деп ойлаймын.Үйткені, сабақ жоспары балалардың жас ерекшелігіне сай құрылған.
Ашық сабағым төмендегі жұмыс түрлерімен жүзеге асты.
1.Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық)
2.Жағдаяттық рөлге кіру. (сұрақ -жауап)
3.Дереккөздермен жұмыс жасау(қосымша кітаптан жұмбақтар)
4.Шығармашылық жұмыстар(текшелер, әріптерден қарама-қарсы сөздер құрау)
Дыбыс артикуляциясын дұрыс қоюға үйрету үшін «Айна» ойынын ұйымдастырдым. Оқушылардың бірі – айна болады. Ал екіншісі сол айнаға қарап, әріпті айтады. Мысалы, айнаға (оқушыға) қарап отырып, «Ж» деп айтқанда тіліміз қайтеді? – Дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де тістер дыбысты жібермей тұрады. Тіл жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады. Бүйірлері азуға тиеді.
Бұл жерде дыбыстың артикуляциясын бақылай отырып, айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасау болды.
«Суретті әңгімеле»
Бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суретті оқиғаның басын және соңын болжату арқылы әңгімелетуі, суретті оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқыздым. «Сөзді тап» тақырыбында төмендегі мақсат бойынша жұппен жұмыс ұйымдастырылды.Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыс кезінде
өзара қарым-қатынас кезінде оқушылардың
дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастады. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру,жоспарлау кезінде оқушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінді.
«Сұрақтар жаңбыры» ойыны.Оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында бердім.
«Сиқырлы қалам» әдісі. Көркем жазу ретінде бердім.
Сергіту сәті: «Оң қол, сол қол» қарама-қарсы сөздерді еске түсіру мақсатында бердім.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау кезінде мен белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастырдым. Оқушылар алдын ала жұлдызшамен бағаланатынын ескерттім.Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр
топтағы оқушылардың талқылауын тыңдап, қадағаладым:
бағалау жұлдызшалар арқылы бағаланып отырды.
Бірінші сыныптарда топтық жұмысын ұйымдастыру оңай жұмыс - деп айта алмаймын. Сыныпта оқушылардың көпшілігі мектеп жанындағы бала бақшада болғандықтан әріптерді танып,оқи алатын оқушылар.Бірақ берілген мәтінді оқып , жалғастыру оңайға түспеді -деп ойлаймын
«Орындап көр!» ойынында қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілгендігі байқалды.
Бағалау әр тапсырма соңында жүргізіліп отырды.
мұғалімнің мадақтауы арқылы бағалау;
тапсырмалар барысында жұлдызшалар арқылы; Топтық жұмыс барысында екіші топ фокус топ ретінде алынды. Түртіп алу арқылы топтағы оқушылардың топта жұмыс орындауларын бақыладым. Келесі көріністен оқушыларға «Табиғатқа саяхат» тақырыбынада газет немесе кітапша әзірлеу тапсырдым.
Кері байланыс «Білім ағашы» әдісі
Оөушылардың тақырыпты түсінгендігін , түсінбегендігін жыл мезгілдеріне байланысты қағаздарды ағаштарға жапсыру арқылы көрсетілді.
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылар топқа бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасай білді.
2: Оқушылар өз білімін басқалармен салыстыра отырып, өзін және өзгені бағалауды білді.
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Өз ойын еркін айтып, оны дәлелдей білді.
2: Әлі де оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Жекелеген оқушылардың жазуына көңіл бөлу керек екен деп ойладым.
| |