сыныпАЛГОРИТМ. Тланы таны Мхаммед лХорезми
Скачать 0.52 Mb.
|
Тұлғаны таныМұхаммед Әл-ХорезмиАбу Жафар Мұхаммед ибн Муса аль-Хорезми б.з. ІХ ғасырында сандарға қолданылатын төрт арифметикалық амалдардың орындалу ережесі туралы математикадан кітап жазған. Бұл ережелер сандардың қосындысын немесе көбейтіндісін алу үшін орындалу қажет іс-әрекеттер тізбегін анықтайды. Латын тіліне аударғанда автор атын Алгоритми деп жазған. Оның еңбектеріне сілтеме жасағанда “Алгоритм осылай айтқан ...” деген. Алгоритм және оның қасиеттеріАлгоритмАлгоритм – математиканың, программалаудың бастапқы ұғымдарының бірі. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешімін, яғни ізделініп жатқан нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатыніс-әрекеттер тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы. Алгоритмді адамдар және әртүрлі құрылғылар – компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы, роботтар орындайды. Атқарушылардан алгоритмді дәл орындау талап етіледі. Алгоритмдегі әрбір іс-әрекет команда, ал командалар жиынтығы атқарушы командала жүйесі деп аталады. Алгоритм қасиеттеріТүсініктілігі Дискреттілігі Анықтылығы Нәтижелілігі Жан-жақтылығы Алгоритм қасиеттері Алгоритм қасиеттеріТүсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс. Алгоритм қасиеттеріДискреттілігі– алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады. Алгоритм қасиеттеріАнықтылығы– алгоритмнің әрбір қадамы екіұшты болмай, дәл және бір мағыналы болуы қажет. Алгоритм қасиеттеріНәтижелілігі– алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешімге әкелуі тиіс. Мысалы, информатикадан бес деген баға алу үшін, алдымен теориялық мәліметтерді толық меңгеріп, тәжірибе жүзінде орындай алуыңыз қажет. Алгоритм қасиеттеріЖан-жақтылығы– алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылады.
|