Документ Microsoft Office Word (2). Тлен бдіков ке повесі (талдау)
Скачать 111.28 Kb.
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Төлен Әбдіков «Әке» повесі (талдау) Орындаған:Досан Гауқар қтә-23 тобы Тексерген:Өмірбекова Жамилия Қалдыбекқызы Астана 2022 жыл Т.Әбдіковтың Әке повесіндегі сөз мағынасының түрлері. Т .Әбдіковтың “Әке” повесіндегі сөздердің тура мағынада қолданылуы: Тағы бір есік... Орта үйдің есігі...(1б) Өз қиялымнан туған қайғылы көрініс тап бір болған оқиғадай көкірегімді күйінішке толтырып, көзіме жас әкеледі.(2б) Әкем тыныш ұйықтап жатыр екен.(4б) Молданың, ағамның қолын алдым .(3б) Қыздардың бәрі тұрмыс құрып кеткен.(9б) Сол екі арада ауыл адамдарының біразы бай үйінің маңына жиналып қалды. (18б) Сөздердің фразеологиялық байлаулы мағынасы-Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты кітабында: «Сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы,яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.Фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады.Мысалы: мидай дала, мысы басты,қыз-қырқын,жігіт-желең» [1.79 б.]. Т.Әбдіковтың“Әке”повесіндегі сөздердің фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылуы: Серәлінің үй-іші жылап-сықтап, мал сойлып, құран оқылып,ақыры не керек, жетісін бергелі жатқанда Серәлінің өзі келсін.... Сөйтіп бір масқара болған.(17б) Қыз-қырқындардың бәрін Шошқакөлдің қалың қопасына апарып, тығып тастадық.(24б) Мен әкемнің әңгімесінің соңында үн-түнсіз тұнжырап, қолының адырайған тамырларын сырғытып, мұрты жыбырлап, тұғжиып отыратын кезін көз алдыма елестетіп отырмын.(12б) Қамбар Дүйсеннен қаладағы жаңалықты сұрады, әлде бір татардың үйіне соққан-соқпағанын білді, сосын таяу күндері өзінің де сол жаққа жүргелі тұрғанын.айтты. (33б) Түс кезінде бір топ салт атты көрінді.(12б) Бестөрелердің даулары бәтуаға келіп айғай-сүргін басылған болатын.(12б) Мен кірген бетте киімімді де шешпестен, сәлем-сауқатсыз бірден әкеме ұмтылдым. Құдай-ау, қалай жүдеген! (1б) Жүрегім су ете қалды.(22б) Сөздердің синтаксистік шартты мағынасы- Сарекенова Қ.Қ «Қазіргі қазақ тілінің лексикология» кітабында: Сөздің қай мағынада қолданылып тұратындығы тек сөйлем ішінде анық болады.Жеке тұрғанда кей сөз басқа ұғым берсе, сөйлемде қолданылуына ,синтаксистік қызметіне қарай басқа мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы: Асанның басы бар бала. Бас-сөзі ақыл деген мағынада қолданылып тұр [2.27 б.]. Т.Әбдіковтың «Әке» повесіндегі сөздердің синтаксистік шартты мағынада қолданылуы: «Артыңда құдайға шүкір тұяқ бар»(3б) «Бес ұлының бесеуі де қасқыр, айтқаныңызды қағып алады».(23 бет) Мен әкемнің басынан кешкен ұзақ тарихқа ойша көз жібердім. «Әкең хал үстінде, тез жет» деген телеграмманы ала салысымен сол күні самолетке отырдым.(1б) Айдостан көзіңді жазба,- деген бірде маған Дүйсен.(22б) Таңертеңнен түске дейін Қожахметтің кемпірінен басқа көңіл сұрап келген ешкім болмады.(23б) Т.Әбдіковтың «Әке» повесіндегі сөз мағынасының өзгеруі Метафора- екі нәрсені,құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.Мысалы,өткір пышақ- өткір сөз, өткір жігіт, өткір ой. 1.“Метафора” терминін қазақ тіл білмінде алғаш қоданған-белгілі ғалым А.Байтұрсынов.Өзінің «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде метафора ұғымын «ауыстыру» деп атайды. А.Байтұрсынұлы: “көріктеу-бір нәрсені көптен айырып,көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз.”[3.117б]. 2.Қабдолов З. «Сөз өнері» - “Метафора (грекше metaphora – көшіру)- сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарлата түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.” [4.219 бет]. 3.Хасенов Ә. «Тіл білімі» - “Метафора (гректің metaphora – ауысу, ауыстыру мағыналы сөзі) – белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы.” [5.143 бет]. 4.Оралбаева Н.,Мадина Ғ., Әбілқаев А. «Қазақ тілі » - “Метафора – әр түрлі заттың түріне, түсіне және басқа да белгілерінің ұқсастықтарына қарап бір сөзбен аталуы.” [6.77 бет]. 5.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» -“Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.” [7.141 бет]. 6.Тіліміздің лексикологиясын зерттеген ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы” - «Метафора -сыртқы және ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы , қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б) ұқсастыққа қарап,бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады» дейді.Және Метафораны қолдану сипатына қарай екі түрге бөледі: а)тілдік(сөздік) метафора, ә)поэтикалық(сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафора. [1.96 бет]. Тілдік метафора- Сарекенова Қ.Қ «Қазіргі қазақ тілінің лексикология» -Тілдік метафоралар жалпы қазақ тілінде: сөйлеу, жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда да кең қолданылады.Бірақ олар әдебиетте көркем образ, суреттеу құралы ретінде емес, стиль аралық лексика түрінде қолданылады. Мысалы:таудың басы,өзеннің басы,шөп басы [2.32-33б]. Поэтикалық метафоралар- Сарекенова Қ.Қ «Қазіргі қазақ тілінің лексикология» - ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет.Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда кездеседі. Мысалы: сары алтын(бидай), қара алтын(көмір), жасыл алаң(футбол) [2.32-33 б]. Т.Әбдіковтың «Әке» повесіндегі метафоралар: Тілдік метафора «Е, е, заманның беті жаман боп барады». (9 бет) « - Айтып отырған сөзінің жаны бар екені рас, әке, - деді Дүйсен». (17 бет) «Еттің үстінде Кенжебек бізге тағы ішкізді». (28 бет) Поэтикалық метафора «Көктемнің аяқ кезінде тұңғыш қара қағаз Ақсары кемпірге келді». (40 бет). « - Қоян жылы азғантай малымыз қырылып қалды да, туыстары сағалап, жер аяғы құрғасымен Жылындыға көшіп кеттік, - деп бастар еді көп әңгімесінің бірін». (8 бет) Метонимия-(гр. 'метонyміа' – ауыстыру, қайтадан атау) – Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады. 1. Қабдолов З. «Сөз өнері»- ”Метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.” [4.225 бет]. 2.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері»- “Метонимия - бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып, ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы. ” [7.143 бет]. 3.Жүсіпова М. «Қазіргі қазақ тілі»- “Метонимия грек тілінің – metenymia атын өзгерту, қайта ат қою деген сөзінен, жасалған термин. ” [8.76 бет]. Т.Әбдіковтың «Әке» повесіндегі метонимиялар: «- Ойға барып кел, Қапсаттардың үй ішінің амандығын біл».(11 бет). Бұл жерде үйдің өзі емес, сол үйде тұратын адамдар жайлы. «Талып барып, ұйықтап кетсем керек, таңертеңгі шайды алдыға алып жатқан кезде тұрдым». (12 бет).Бұл жерде шайды ішіп жатқан кезде деген мағынаны үстеп тұр. « - Әне, әне, - деді Қаби басын шайқай күліп, - өзі өлейін деп жатып, тілімен біреуді шағып жатады». (14 бет) «Артынан тағы да қазан қайнады». (15 бет) «Күн еңкейген шақта жолдың шетінде шашылған адамның сүйегін көрдім». (30 бет) Түс кезінде Ошақтыда отырған өзіміздің назарымбет Жалғасбайлардан бір шай ішіп алып, бұлаң құйрықпен күн бата ойға құладым». ( 11 бет) «Атағы жер жарған Естөрені де көрдік».( 24 бет). Әпсаттардың өлігі көз алдыма келсе, осы күні де кейде екі қолымды төбеме қойып, безіп кеткім келеді».( 30 бет) Синекдоха-сөз мағынасын ауыстырып қолдануға жиі кездесетін тәсіл.Синекдоха деп бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны, немесе керісінше атау арқылы сөз мағынасының ауысуын айтады. 1.Қабдолов З. «Сөз өнері» -“ Синекдоха (грекше synecdoche – арақатынасын ашу) – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше. ” [4.226 бет]. 2.Хасенов Ә. «Тіл білімі» - “Синекдоха (гректің synecdoche – бірге жобалап, нобайлап, шамалап түсіну мағыналы сөзі) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні немесе, керісінше, жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. ” [5 .149 бет]. 3.Оралбаева Н.,Мадина Ғ., Әбілқаев А. «Қазақ тілі » -“ Синекдоха – белгілі бір затты оның бөлшегіне қойылған атаумен атау арқылы пайда болатын ауыспалы мағына. ” [6.78 бет]. Т.Әбдіковтың «Әке» повесіндегі синекдохалар: « - Біз кедей адамбыз. Мол жылқы болмайды. Азғантай үш үйлі жанға біткен бар тұяғымыз осы, - депті қазақшалап».( 11 бет) «Әпсаттар, Қапсаттар, Нұржан, Дүйсендерден айырылып, соқа басым қалғанда да жаны құрғыр бөлек болған соң ербиіп, тіршілік етіп жүре бердік қой, - дер еді әкем әңгімесіне кіріспей тұрып».( 24 бет) «- Олар патшаның әскерлері ғой, қызылдардан жеңілген соң қытайға ауып барады ». (12 бет) «Бір жылы екеуі ат қосамыз деп керейлердің асына барып, бір жұмадан кейін Құсайын жалғыз өзі қайтып келді». (14 бет) «Біз секілді қара халыққа жер қаздың не, шөп шаптың не - бәрібір». (19 бет) «Маңайдағылар енді әкеме басу айтып жатты». (7 бет) Біздің тұқымға тіл-көз тиді. Мінеки, сол тұқымына құт дарыған Жармағамбеттен жалғыз қалдым». (34 бет) |