160 буйрык. Тлімгерлікті йымдастыру аидаларын жне тлімгерлікті жзеге асыратын педагогтерге ойылатын талаптар
Скачать 14.92 Kb.
|
Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі; 2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам. 2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі 6. Тәлімгерлік процесін ұйымдастыру үш негізгі кезеңді қамтиды. Бірінші кезең (кіріспе): тәлімгер күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтің кәсіби дайындық деңгейін анықтайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша тәлімгер 5 (бес) жұмыс күні ішінде педагогтің дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін анықтау бойынша диагностика жүргізеді, сондай-ақ диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, бір оқу жылы кезеңіне арналған тәлімгерлік жоспарын (бұдан әрі – Тәлімгерлік жоспары) әзірлейді, ол басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Екінші кезең (негізгі): тәлімгер Тәлімгерлік жоспарын іске асырады және бір оқу жылы ішінде кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Үшінші кезең (қорытынды): тәлімгер оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысына тәлімгерлік нәтижелері туралы есеп дайындайды, онда Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру қорытындылары көрсетіледі және іс-әрекетте практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар береді. Тәлімгерлік жоспары мыналарды қамтиды: 1) кері байланыс беру арқылы педагогтің сабақтарына қатысу (айына 2 реттен кем емес); 2) педагогтердің жекелеген міндетті құжаттарды бірлесіп ресімдеу және толтыру; 3) кәсіби қалыптасу мәселелері бойынша педагогтің консультациясы: лауазымдық міндеттерін атқару кезінде пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге оқыту; педагог кәсібін, сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін меңгеру; білім беру процесін ұйымдастыруда оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін қолдану; 4) педагогпен кәсіби әңгімелесу және / немесе жеке коучинг; 5) сабақты, әдістемелік семинарларды, мастер-кластар мен тренингтерді зерттеу бойынша мектеп топтарына қатысу; 6) педагогтің кәсіби дамуына, моральдық және іскерлік қасиеттеріне, оның жұмысқа, ұжымға және білім алушыларға қарым-қатынасына мониторинг жүргізу; 7) орта білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің отырысында аралық есеп (оның ішінде электрондық) және бейнеролик (1-жартыжылдықта) ұсыну. |