Сайлау 2022. Тлкібас ауданды ауматы сайлау Комиссиясыны траасы
Скачать 17.72 Kb.
|
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау Комиссиясының төрағасы Е.Қаратаевқа №798 сайлау учаскесі комиссия мүшелері Д. Ниязымбетов А. Айкөзовтен Арыз Біздің арыз беру себебіміз 2022 жылы бесінші маусымда өткен республикалық референдум өткізу кезіндегі сайлауда біздерге жетпіс мың теңге көлемінде жалақы төленді. Сонымен қатар 2022 жылы жиырмасыншы қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізу кезінде біздерге тоқсан сегіз мың теңге жалақы төленді. Алайда бізге жеткен ақпарат бойынша референдум өткізу сайлауында біздің сайлау учаскесінің төрайымына үш жүз алпыс бес мың теңге, оның хатшысына үш жүз елу бес мың теңге сондай ақ Президент сайлауы кезінде төрайымға екі жүз алпыс бесмың теңге, хатшыға екі жүз алпыс мың теңге, орынбасарға екі жүз елу бес мың теңге еңбек жалақысы тағайындалып төленген екен. Өткен Президент сайлауы кезінде №798 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерімен өткен жиналыста осы жоғарыда аталып өткен бізге түсініксіз төленген жалақы жөнінде комиссия төрайымы Г. Сатымбековаға төленген еңбек жалақысындағы айырмашылық бойынша арнайы сұрақ қойылды. Бұл қойылған сұраққа комиссия төрайымы нақты жауап бере алмады. Г. Сатымбекова қойылған сұрақты жиналыс хаттамасына түсірмеді. Біздің сұраққа ол басшы ретінде заң аясында тексермей, Президент сайлауы кезінде комиссия мүшелеріне жиырма күнге ғана жалақы тағайындалатынын және Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына жалақы жөнінде арызданып, шағымдарыңды айтыңдар деп Бізге нақты заң талабына сәйкес жауап айтпастан, ауызша ескертті. Бұл жауапқа біздер комииссия төрайымы Г. Сатымбекова заң аясында сауатсыз екенін ескере отырып, бұл жауапқа қанағаттанбадық. Сол себепті біздер Сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа алып, зерделей келе жиырмасыншы баптың он біроінші тармағы өрескел бұзылуына байланысты, біздің жалақымыз заң талаптары бойынша нақты белгілінбеді деп есептейміз. Сол себепті біздер жоғарыда аталып өткен екі сайлау науқаны бойынша №798 сайлау учаскесінің барлық комиссия мүшелерінің жалақысы қандай заңдылық негізінде қай заңның бабы оның нешінші тармағы және қандай бұрыққа сәйкес тағайындалғаны туралы нақты дәлелді фактімен біздерге тиісті жауап беруіңіңізді сұраймыз. Арыз иелері: Д. Ниязымбетов А. Айкөзов |