Главная страница

психология эссе. эссе психология. Тобы 336 "Мейіргер ісі" Тексерген Сайжанова Г. А


Скачать 18.48 Kb.
НазваниеТобы 336 "Мейіргер ісі" Тексерген Сайжанова Г. А
Анкорпсихология эссе
Дата20.02.2021
Размер18.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе психология.docx
ТипДокументы
#178037

Атырау жоғары медициналық колледжі

Эссе

Тақырыбы: Менің мамандығым, менің болашағым

Орындаған:Сисенова Мөлдірім

Тобы:336 “Мейіргер ісі”

Тексерген:Сайжанова Г.А

Атырау 2020

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Осы сұрақтың жауабы- мейіргер еді.

Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Медицина саласында ерліктердің көпшілігін мейірбикелер жасайды десек артық айтпаймыз. «Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу». Бұл медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атақаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді.

Мейірбике мамандығы –бүгін

Медбике, мейірбике, мейіргер... қалай атаса да –ол науқасқа мейірмін төгуші болып қала береді. Бүгінгі күннің мақсаты мейіргер мамандығына ерекше көңіл бөлу, оның мәртебесін арттыру.

Мейіргер – арыстандай айбатты, икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ұлы да ұлағатты сөздері бар. Мейіргердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды болу керек.

Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік мейіргер атанады. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі бір мәртебе. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Мейіргерлердің мойнына үлкен жүк артылады.

Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал! Мейіргерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы мейіргер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек.

Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдадым. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!..


написать администратору сайта