Главная страница
Навигация по странице:

  • Тобы

  • Негізгі бөлім

  • 37,5 метр

  • Шырағдандар.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ясауи кесенесі және Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық әрлен. Тобы аиа 111 Орындаан Жамбыл Г. абылдаан


    Скачать 3.04 Mb.
    НазваниеТобы аиа 111 Орындаан Жамбыл Г. абылдаан
    Дата11.05.2023
    Размер3.04 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЯсауи кесенесі және Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық әрлен.docx
    ТипДокументы
    #1121776

    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

    ИНЖЕНЕРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

    КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР

    БӨЖ

    Тақырыбы: Ясауи кесенесі және Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық әрленуі

    Тобы: АИА – 111

    Орындаған: Жамбыл Г.

    Қабылдаған: Сатыбалдиева А.

    Кентау 2023 жыл

    ЖОСПАР

    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім

      1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тарихы

      2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сипаты

      3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жәдігерлер

      4. Кесене қабырғасындағы эпиграфиялық жазулар

    ІІІ. Қорытынды

    ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе

    Оңтүстік-Қазақстан облысы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады.

    Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. 

    Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды.

    Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. 

    Негізгі бөлім

      1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тарихы



    1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ Темір Қожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі. Кесене салынып жатқан кезде қайта-қайта құлап қала берген екен. Сонда Ұлы Билеушінің түсінде бір ақсақал аян беріп, "Қожа-Ахметтің Арыстан атты ұстазы болған. Сондықтан әуелі Арыстанға, сосын ғана шәкіртіне кесене салыңдар" депті. Бұл түсті көрген Әмір Темір көріпкелдерін шақыртып алып, түсін жорытады. "Арыстанның қабірін қалай табамын?" деп олардан ақыл сұрайды. Көріпкелдері "Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады, осылайша табасың" деп айтқан екен. Арыстанбабтың сүйегі жерленген жер осылайша табылғанға ұқсайды.

    Арыстанбабтың жерленген жері жөнінде тағы да бір қызық аңыз бар. Арыстанбаб қайтыс болмай тұрып, тірі кезінде Қожа Ахмет Ясауиге "Менің саған айтар аманатым, жасым келді, қартайдым. Қайтыс болсам жаназамды сен оқисың. Жас та болсаң сен тегін адам емессің. Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) аманат жіберген адамысың. Менің жаназамды оқысымен күн батыс жақтан бір ақ түйе келеді. Соған денемді артып, басын бос қоя сал. Түйе қайда барып шөксе, сол жерге сүйегімді жерле" деп айтыпты. Сол аманат бойынша Арыстанбабтың жаназасына жиылған адамдар ақ түйенің соңынан ереді де отырады. Түйе Отырар өңірінің батыс жағына келіп шөгеді де, сол жерге Арыстанбабтың сүйегі қойылады. Арыстанбаб Түркістанда қайтыс болғанымен Отырарда жерленген.

    Жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Әмір Темір Түркістаннан кірпіштерді тасытып, Арыстанбабтың басына үлкен күмбезді кесене салдырыпты. Содан кейін ғана Қожа-Ахметке арнап салынып жатқан кесене құламапты да, әміршінің тірлігі алға басыпты.

    ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды...

    Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қорық – мұражай алып жатырған жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда.

      1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сипаты

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

    • Қазандық;

    • Үлкен Ақсарай;

    • Кіші Ақсарай;

    • Құдықхана;

    • Кітапхана;

    • Асхана;

    • Көрхана;

    • Мешіт;

    Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.

    Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Бөлмелердің ішкі төбесі мен кіші күмбездеріненбастап, үйдің барлық бөлігі төрт бұрышты, сапалы күйдірілген 25х25х5 см және 26х26х6 см, қыштан қалаңған. Бұларды бір-бірімен байланыстыру үшін (ғаныш) ерітіндісі пайдаланылған. Аса мұқиятпен жасалған құрылым, ғимараттың жалпы схеманынң дәлдігі, құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапалалығы үйдің ғасырлар бойы тапжылмай мығым тұруын қамтамасыз еткен. Темір дәуірінің сәулет өнеріне сай ескерткіш геометриялық өсімдік іспеттес ою-өрнектермен және жазу-суреттермен безендірілген.

    Тепе-теңдіктің кемелденген сәтімен ерекше көз тартатын сол жақ қанат сол кездегі сәулетші-құрысшылар талғамының жоғары дәрежеде болғандығын танытқандай. Сол жақ қабырғанының үйлесім тапқан тұстары сұлу иіндер мен сүбеленіп, бояуы қанық өсімдік өрнектерімен безендіріліп алты қырлы майоликалы тақшалармен тысталған. Бүйір жазықтары (батыс және шығыс) түрлі түсті күйдірілген әшекейлі қыштармен көмкерілген. Көгілдір тақталармен өрілген геометриялық өрнектер (гирих) өте айқын, бояу ренінің үйлесімен айнла қоршаған нәзік сызықтар шашыратпай тұтас композицияға үндестіріп тұр. Ғимараттың оң жақ порталы бөлігінің басқа қабырғаларының биіктігі 13 метр келетін жоғары жағында екі 2,5 м келетін эпиграфикалық басқұр берілген. Ол құран сурелерінен тұратын сөздер геометриялық өрнектермен үйлесім тапқан. Қабырғалардың төменгі жағы бес-бұрышты қыш тақшаймен қаланып, жұлдыз іспеттес өрнектермен көмкерілген. Ескерткішті тұрғызған шеберлер өздері қарастырған архитектуралық және құрылымдық шешімдері күмбездің ішін сталактиттермен қабырға әшекеәлерімен үйлестіре білген. Ғимарат негізгі орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсатта бірнеше жайлардан тұрады.

    Бұл – Ахмет Яссауи бейіті немесе қабырғахана, асхана қызметшілер бөлмелері. Қазандық – комплекстегі ең сәулет зал. Бұл диаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезден жабылған. Яғни жобалық шешімдерге сай келеді. Қазандық қабырғаларының дәл төбесінен ұштары төмен төнген қатпар-қатпар сталактиттер биіктігі 39 метрлік ақ күмбезге барынша сұлу, мейлінше асқақтық көрік беріп тұр. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ қыстағында жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған. Ғимаратқа кірер бас қақпаға қарама-қарсы төргі бетте (Қазандықпен зиратханадан сон) қабірхана - Ахмет Яссауидің бейіті орналасқан. Бұл төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме.

    Орталығында ақ-жасыл тастармен (3,25х1,2х2,2) тысталған биік сағана тұр. Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген. Қабірханаға кірер босағада ғана құран оқылатын болған. Мешіт ғимараттағы құрылысы, нақыш безендерімен аса тартымды. Жоспардағы кейпі төрт бұрыштылау (6,4х9,4 м), жарық түсетін көздері мол күмбезден тұрады. Мешіттің ішкі интерьері де арнайы ізденістен туған. Кең иықтығ сүйір ұшты иіндермен тұтасқан, қырлы сталактиттермен жабылған, алты ұшты өрнектермен геометриялық дәлдікке өрілген. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт иіні) құбылаға қараған иіні негізінен көгілдір ренде оюланған. Мұнда тік-төрт бұрыштар мен үшкір иіндердің көгілдір өңіндегі жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Алтын түсті бояуларын шуда жіптей иірімі көзге шалынады. Міне, осындай өрнек қоюлығы мен ізденісінің сол архитектурамен жымдаса сүбеленуі тағы да Темір дәуірін заманына саяды. Үлкен және Кіші Ақсарай деп аталуына сай екі залдан тұрады. Кітапхана, құдықхана және өзге бөлмелері екі қабатты иіндер болып салынған да, өзара баспалдақтармен жалғасып жатыр.

      1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жәдігерлер

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.

    XIV ғасырға дейін кесене екі бөлмелі ғимарат ретінде, ел зиярат ететін орын бол- ды. Қабырхана мен Кіші мешіт бөлмесі Ясауи баба өмір сүрген Қарахан дәуірінің құрылыс материалдарының негізінде салынды. Кесененің солтүстік қабырғасында Қарахан дәуірінде салынған қабірхана бөлмесінің қабырғасын көруге болады. Қарахан дәуірінде кең қолданылған құрылыс матери- алдарын осы бояусыз өрнекті терракоталық тақтайшаларлан жасалған. Екі жүз жылдан соң Ақсақ Темір зиярат ете келе отырып, оның үстіне қалған бөлмелерін салдыр- ды. Бұл Әмір Темірдің Қожа Ахмет Ясауи бабаға, іліміне, өз қарамағындағы елдің рухани құндылығына деген көзқарасы бо- лар. Кесенеде отыз бестен аса бөлмелер бар. Оның ішінде сегіз үлкен бөлмелер әр түрлі қызмет атқаратын бөлмелердің бір кешенін құрайды. Қожа Ахмет Ясауи жер- ленген Қабырхана (Көрхана), Кіші мешіт бөлмесі, Үлкен Ақ сарай, Кіші Ақ сарай, Кітапхана, Асхана, Құдықхана, Қазандық бөлмелері кесенедегі үлкен бөлмелер. Ке- сене- күмбезді, қас бетті құрылыс. Қазіргі кезде үш күмбезді-Қабырхан, Қазандық бөлмесінің, Мешіт бөлмесінің күмбездерін көруге болады.

    Қазандық бөлмесінің күмбезінің ішкі бөлігі сталактиттермен әрленген. Кесененің іші, сырты ислам өнерінде дамыған әшекейлеу үлгілерімен әрленген. Бұлар көркем каллиграфиялық жазулар үлгісі геометрияланған куфи, сулс, насх жазуларымен түсірілген өрнектер кешені. Кесененің сыртқы қабырғалары, іші ислам дінінің ережелеріне сай Құран аятта- ры, хадистер мәтіндерімен әрленген. Бұл заттардың жасалуы, әрленуі ортағасырлық ислам өнерінің талаптары, елдің дәстүрімен үйлестіріліп орындалған. Ел «Сұлтаным» деп қастерлеген халқымыздың киелі орнында ғасырлар бойы жинақталған рухани құндылықтарын бойына жиып, айтар сыры мол құнды жәдігерлер бар. Уақыт тезінен, көптеген ғасырлардың саяси, мәдени, әлеуметтік өзгерістері мен жаңғыруларынан өте оты- рып осы кезеңге дейін сан ғасырлар сыр- лары мен дәстүрлерін бойына жинақтаған осы заттар туралы айтып өтейік. Бұлар Тайқазан, шырағдандар, кесененің керемет жәдігерлердің бірі-есіктер, діни-рәсімдік, ел дәстүрінде ежелден келе жатқан «халім асы» және т.б. жәдігерлер.

    Тайқазан. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің орталық бөлмесінде үлкен көлемді қола қазанды ел «Тайқазан» деп атайды. Тайқазанды ХІV ғ. екінші жарты- сында Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап, Қарнақ мекенінде құйдырған. Қазанның жаса- лу уақыты 1393-1399 жылдарды қамтиды, құйылып аяқталған мерзімі сыртында көрсетілгендей 1399 жылмен мерзімделген.

    Қ азан скиф-сақ, соңғы түрік тайпаларының отбасын, қазанды қадір тұтуын, түріктің «он оқ будун», қазақтың «он сан байтақ»- он тайпа елдің біртұтастығын бейнелейтін белгі. «Қазандық» деп қазанның аты- мен аталған бөлменің екінші бір аты “Жамағатхана” деп аталады. Осы бөлмеде тұрған Тайқазан сақ және ғұн-сармат дәуірінде өріс алған, конус сипаттағы тұғырлы, тұтқалары бар қоладан, мыстан жасалған қазандардың жалғасы. Cақтар мен үйсіндердің кезіндегі қазандардың көбі үлкен көлеммен ерекшеленіп, технологиялық күрделі “жоғалған модель” әдісімен құйылған екен. Тайқазан қалай құйылды деген сұраққа жа- уап беріп көрейік. Ертеде қазан құюшылар қазандардың саз балшықты-балауызды үлгісін қолданған. Алғашында қалыптаушы бұл заттың көшірмесін жасаған. Үлкен ме- талл заттарды құю үшін балауыз немесе тоң майдан заттың үлгісі дайындалып, ол арна- улы қоспамен, саз балшықпен сыланған. Ол қоспа отқа төзімділігімен ерекшеленуі қажет. Аталған саз балшық кепкен соң, ол қалып қыздырылып балауыз немесе тоң май ыстық температурадан еріп кететін болған. Сол еріп кеткен майдан немесе балауыз- дан бос қалған кеңістікке ерітілген металл құйылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазан осындай әдіспен құйылған деуге болады. Қазанның тайқазан аталуын түркі тілдес халықтардағы тайлган (тайлга, та- хил, тайх) сөздерін “құрбандық шалу” де- ген мағынадан өрбіген, «құрбандық ша- лып сыйыну қазаны» дегенмен түсінікпен ұштастыруға болады. Бұл қазанда ас пісірілмеген. Деректерге сүйенсек қазанға тәтті су құйылып жұма намаздан соң кел- ген адамдарға, зияратшыларға таратылып отырған.

    Қазанның ішкі бөлігінде ешқандай ою-өрнектің, жазу тағы да басқа белгілер жоқ. Сыртқы бөлігіне назар салып қарасақ, қазанның бірнеше бөліктен құйылып, құрастырылып, араб әріптерімен көркем сипатта сульс, куфи қолтаңбаларымен жазулар түсірілген, оны тайқазанның сыртындағы біріктірген сызат орындарынан байқауға болады. Тайқазанның салмағы 2 тонна, 3000 литр су сияды. Қазанның диаметрі – 242 см, тұғырының диаметрі –60,7 см. Биіктігі қазанның өзінің биіктігінен және тұғырының биіктігінің қосындысынан тұрады. Яғни, қазанның биіктігі – 162 см, ал тұғырының биіктігі – 54 см. Кесенені, ондағы заттарды жобалағанда шеберлер орта ғасырлық кездік (60,5 см) өлшем бірлігін қолданып отырған. Қазан - қазақ халқының қалыптасып, ел ретінде өмір сүрген мемлекет басқару жүйесінде өз орнын алып, Қасым хан, Есім хан, Тәуке ханның тұсындағы әдет-ғұрып заңдарында негізінде бейнеленген зат бол- ды. Қазан – ел бірлігінің, отбасының беріктігінің, ұрпақтың өрбуінің, өмірдің дамуының, Анаға деген қасиетті сезімнің, молшылық пен берекенің, жаңа өмірдің символына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап құйылған Тайқазан Қожа Ахмет Ясауидің көшпелі қоғамдағы алған орнын, қасиетті жер ретіндегі кесененің орнын, көлемі ұланғайыр ел – жұрттың бірлігі мен үлкен көлемін бейнелеген, рухани басшыға қойылған белгі деуге болады.

    Шырағдандар. Шырағдандардың жалпы саны алтау, олар 1397 жылы құйылған, үшеуінің резервуары цилиндр си- патында, үшеуінің резервуары шар түрінде жасалған. 1935 жылы қазіргі Санкт-Петербургте өткен Иран өнері мен археологиясы- на арналған ІІІ Халықаралық конгресте ұйымдастырылған тайқазанмен бірге көрмеге екі шырағдан қойылған болатын. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургтегі Эр- митаж музейінде тұр.

    Ш ырағдандар бірнеше бөліктерге бөлініп құйылып, құрастырылған. Сырттарына өрнектер өсімдік тектес сипат- та, жазу түрінде түсіріліп, өрнектердің сыр- ты, жазулары алтын, күміспен апталған. Қазіргі кезеңде көп жеріндегі алтын, күміс жалатылған бөлігі түсіп қалған. Резервуары цилиндр сипатындағы үш шырағданның бірі - Лувр музейінде, екіншісі-Эрмитаж музейінде, үшіншісі - “Әзірет Сұлтан” қорық музейінде сақтаулы тұр. Резервуары жарты шар сипатында жасалған шырағдандардың саны үшеу. Бұл шырағдандардың екеуі Мемлекеттік “Әзірет Сұлтан” тарихи-мәдени қорық музейінде сақтаулы. Осы аталған формадағы шырағдандардың бірі 1935 жылы Иран өнері мен археологиясының ІІІ – Халықаралық конгресіне арналған көрмеге қоюға Санкт-Петербургке алып кетілген болатын. Қазіргі кезде Эрмитаж музейінде сақтаулы. Аталған шырағдандардың сыртқы бөліктеріне түсірілген өрнектер шекімеленіп жазу түрінде және өсімдік сипатында бейнеленіп, алтын, күміспен апталған. Өю-өрнектері қазанның өрнектерін еске түсіреді. Әр түрлі иірімдерді қолдана оты- рып түсірген өрнектер құрылымы аса кере- мет үйлесіммен жасалған. Сонымен қатар қазанның сыртын әшекейлеудегі өрнектер үлгісі жаңаша бір сипатта қайталанылған. XІV ғасырдың 1397 жылы құйылған шырағдандардағы жазуларда Әмір Темірдің есімі, тарихи мазмұндағы, сәттілік тілеген жазулар, Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді келтірілген. Қазіргі кезеңде толық болмаса да, үш шырағдан Ахмет Ясауи кесенесіне кел- ген жұртшылықтың көріп, көз қуантуына мүмкіндік береді. Қабырхана, Қазандық есіктері. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық және көрхана бөлмелерінің ағаш есіктері қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары халық өнерінің інжумаржандарына жатады. XIV ғ. екінші жартысымен, 1397 жылмен мерзімделген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ағаш есіктері кезінде көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Қожа Ах- мет Ясауи кесенесіндегі көрхана және қазандық бөлмелерінің есіктеріндегі әрлеу түрлері исламдық сәулет өнерінің талап- тарына сай.

    Исламда есіктің қасиетті мәні, өрнектердің мазмұны мен сипаты тек діни ғимараттардағы есіктер т.б. бөліктерді әрлеуде ғана емес, барлық тұрғын үйлерді әрлеуде де қолданылды. Қолданбалы өнер шеберлері исламдағы белгілі бір исламдық ережеге сай қалыптасқан эпиграфикалық құрылымдарды көркем бейнелеу аумағынан шықпай жетілдіріп, түрі, құрылымы бойын- ша байыта түскені белгілі. Есіктерге жа- зулар сулс, гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген. Жамағатхана және қабірхана есіктерінің тұтқасында Алланың есімдері, Құран аяттары, хадистерден үзінді жазулар сулс, гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген.

    Есік халықтың дүниетанымында киелі болып қабылданады. Ол бір әлемнен екінші әлемге өту нүктесі деп есептеледі. Ислам діні арқылы санада берік орныққан, дін аша келген рухани тұлғалардың есімдеріне де «баб» сөзі қосылып аталуының да өзіндік осындай бір тұжырымы бар . Қабірхана есігінің сақталған, күміспен апталған пластиналарында сулс қолтаңбаларымен Жаратушы Алланың есімдері жазылған. Есік тұтқаларында насх үлгісінде Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді жазылған.

    И слам өнері әртүрлі ұлттың өнер ерекшеліктерімен бірге, ислам өнеріне ортақ ережелерге ие болды. Ислам өнеріндегі екі бағыт - сәулет өнері мен көркем қолөнер ерекше дамығаны белгілі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана, қазандық бөлмелерінің есіктерінің әрленуінде де осы екі бағыттың дамуының жетістіктері толық көрінеді. Өрнектерді жасауда ұсталар кере- мет шеберлік көрсетіп, жазулар мен әр түрлі өсімдік тектес, геометрияланған өрнектерді үйлестіре білген ол «арабеска» деп атал- ды. Орта ғасырлық діни ғимараттардағы жазулардың мәні, өрнектердің мазмұны Жаратушының шексіз сұлулығын бейне- леп, терең мәнге ие болды. Исламдағы жазулардың терең ру- хани және діни-көркем мағынасы бар. Есіктерде хадистер жазылған және ха- дистер сулс қолтаңбасымен түсірілген.

    Мұндай эпиграфикалық әрлеудің пайда бо- луы түркі тектес илханидтер, қараханидтер, селжұқтар дәуірінде қалыптасқан және Орталық Азияның көшпенділерінің дүниетанымының көшірмесі болды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана, қазандық есіктерінің өрнектелуі осы дүниетанымдарға негізделген. Кезінде Асхана бөлмесінде келген зияратшыларға, жетім-жесірлерге т.б. ар- нап «Хәлім» ботқасы әзірлеген. Бұл ас аптаның дүйсенбі, жұма күндері дайында- лып, таратылып отырған. Сол хәлім асы салынған ХІХ ғ. астауларды кесененің Ас- хана бөлмесінен көруге болады.

    Кесененің сыртында батыс тұсында 60 метр жерде жер асты мешіті - Қылует орналасқан. 63 жасқа келген- де оңашаланып, қалған ғұмырын өткізген жері - Қылует жер бетінен 4 м. тереңдікте орналасқан. XVI ғасырдың құнды тарихи мұра ретінде «Әзірет Сұлтан» тарихимәдени қорық мұражайындағы «Шығыс моншасының» сәулет өнері туындысы ретінде, елдің сол кезеңдегі, одан ілгерідегі мәдени өмірін танудағы орны ерекше. Монша 1975 жылға дейін жұмыс істеп келді. Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген, бес күмбезді құрылыс. Ортағасырлық мұсылман моншасына тән белгі ыстық су, суық су, булау бөлмесінің болуымен қатар, өте жайлы, ерекше көркем ойықтар, отыратын жерлері, ерекше әшекейленген бөлмелерінің, ұстындарының болуы еді. Осы белгілер Түркістан монша- сында ортағасырлық құрылыстың ішкі және сыртқы бейнесін сақтап қалған. «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында тарихи мәні зор осындай ке- ремет жәдігерлер бар.

      1. Кесене қабырғасындағы эпиграфиялық жазулар

    Эпиграфика дегеніміз – қандай да бір қатты материалдардан, мейлі тас болсын, мейлі қыш, ағаш темір сияқты материалдардан жазылған ежелгі және орта ғасырлық жазуларды зерттейтін үлкен ғылым. Араб эпиграфикасы бірнеше араб стилінен: насх, куфи, сулюс тұрады. Стильдердің барлығы дерлік Қ.А. Ясауи кесенесіндегі жазуларда кездеседі. Көптеген зияратшылар кесенеге келген кезде оның сыртындағы жазуларды ою-өрнек деп түсініп жатады. Шын мәнінде олардың әрқайсысының өзінің берер мән-мағынасы бар.

    Кесененің кірпіштері Түркістаннан солтүстік батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан Сауран қаласында жасалған. Кесене салу барысында бұл кірпіштерді адамдар қолма-қол тұрып таратқан екен. Бұл кесене 10 жыл тұрғызылғанымен Әмір Темірдің қайтыс болуына байланысты жұмыстары толық аяқталмайды. Қабырғасындағы насх, сулюс, дивани стиліндегі жазулар. Қарасаңыздар мұның барлығы араб жазулары. Құрылыстың ені 46,5 метр, ұзындығы 65 метр, барлығы 35 бөлмеден тұрады. Кесененің жұмысы бітпей қалған жер – алдыңғы порталы. Қасбеті оңтүстік порталы деп атаймыз. Оңтүстік портал екі биік мұнарадан және олардың арасын біріктіретін зәулім аркадан тұрады. Ішінің ұзындығы 18,5 метр, биіктігі 37,5 метр. Оңтүстік портал бітпей қалған. Бірақ болжам бойынша, 1583-1590 жылыдары Абдулла хан осы портал құрылысын аяқтайды. Сол заманнан қалған жөндеу жұмыстарына арналған, ертеректе кранның қызметін атқарған ағаштар да сол күйі сақталған. Ал эпиграфикамыз батыс қабырғасынан басталады. Кесененің сыртқы қабырғаларының әрқайсысы өзіндік әралуан әшкейлермен ерекшелене отырып, кесене бойын-да біртұтас үйлесімдерді көркем композициялық шешімін тапқан. Кесене қабырғаларындағы жазулар 3 бөлікке бөлінген. Төменгі бөліктің биіктігі 1 метр 80 см әшекеймен көмкерілген. Ал қабырғаның ұзындығы 10,5 метр. Бұл жерде кесененің негізгі өрнектері құралған. Яғни арабтың куфи стилінде жазылған жазулар. Жоғары жағындағы үшінші бөлігінің ұзындығы 2 метр 60 см.

    Кесененің батыс қабырғасындағы жазулар. Бұл жазулар батыс мұнара жағынан басталып, сол түстік және шығыс жағын да тұтас қамтиды. Түгелімен арабша жазылған. Жоғары бөлігінде көркем жазулар көп түсті бояулы қаптама кірпішпен құрастырылып жазылған.

    Б ұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің алтыншы сүресі Әнам сүресінің 59, 60, 61, 62 және 63-аятының бас жағы келтірілген. Содан кейін құрылысшының аты жөні және де құрылыстың қай кезде қашан аяқталғаны жазылған. «Аса мәртебелі, құт берекенің иесі Алла айтты. Көрместің, ғайыптың кілттері оның жанында. Алла Тағала ғана біледі. Оларды одан өзге ешкім білмейді. Ол құрлықта да теңізде де не бар, не жоқ бәрін біледі. Оған тіпті, бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жағдайы мәлім. Жердің тас қараңғы қойнауындағы бір тал дөңбек болсын, тіпті дымқыл болсын, құрғақ болсын оның бәрі бір Аллаға айқын, Алланың шексіз іліміне сүйенген тағдыр кітабында жазылған» деген жазу бар. Бұл жерде 59-аят келтірілген.

    Ал, кесененің ортаңғы бөлігі мавзолейдің негізгі өрнектерін құрайды. Батыс қабырғаға сән беріп тұрған да осы орталық бөліктің өрнектері. Бұл жерде Куфи Махалле қолтаңбасымен жазылған араб жазуларының бас әріптері қою түсті қапталмалы кірпішпен басталып, негізгі жазу көгілдір бояулы қаптама кірпішпен қаланған. Ортасында шексіздіктің белгісі бар. Соның ішінде қою көк түсті кірпішпен «Алла Раббым, Мұхаммед пайғамбарымыз» деген сөз жазылған. Осылайша батыс қабырғадағы сөздер жұрт ойлағандай ою-өрнек емес, керісінше мән-мағынасы зор Құран сөздері екенін түсіндірген маман кесененің келесі эпиграфиялық жазуы солтүстік қас бетіндегі батыс қабырғасымен жалғасып тұр.

    Солтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар 3 бөліктен тұрады. олтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар екі бұрышындағы көлденең қою түсті сызықтармен 3 бөлікке бөлінген. Төменгі және жоғарғы бөліктерінде көгілдір түсті қаттама кірпіштерімен қаланып жазылған. Әрбір жазудың ішінде екі бірдей латынша «Z» әрпін көруге болады. Бұл жоғары және төменгі жақтағы жазуларға қатысы бар. Бұл «Z» әрпі араб тілінде көмекші сөз болып келеді.

    Я ғни «Я» деген мағынаны береді. Бұл жерде «Я Алла, Я Рахман, Я Рахим,» деген сөздер жазылған. Енді кесененің солтүстік қасбетінде жоғары жақтағы Әнам сүресінің 60 және 61-аяты келтірілген. «Алла Тағала сендерді түнде ұйқыға жатқызып, уақытша өлтіреді. Және күндіз не істегендеріңнің бәрін біліп тұрады. Содан соң сендерді ұйқыларыңнан оятып, қайта тірілтеді. Күнделікті тіршілік осылай жалғаса береді. Ақыр соңында бәрің Аллаға қайтасыңдар, Одан кейін ол сендердің не істеп не қойғандарыңнан толық хабардар етеді» деген аят жазылған. Енді ерекше айтар бір дүние солтүстік фасад өте керемет жасалған. Бұл жұмыс шебердің нағыз мықты шеберлігін көрсетеді. Себебі солтүстікте орналасқан арканың оң және сол жағында араб жазулары бар. Оң қанаттағы жазу мен сол қанаттағы жазудың мағыналары бір-бірін толықтырып тұрады. Сол қанаттың орта тұсында «Пенде жос-парлайды, Алланың дегені болады» деген жазу жазылған. Ашық көгілрдір түспен қапталған кірпіштермен «Бүкіл жаратылыстың иесі Алла екенін, бағыт көрсетуші тек Алла екендігі көрсетілген. Ал солтүстік фасадтың порталына назар аударсақ, бұл жерде де өте керемет жазылған жазулар бар. Бұл жұмыс та осыны жасаған шебердің асқан шеберлігін әспеттейді. Назар салсаңыз, мұндағы жазудың ерекшелігі үлкен әріптермен, куфи қолтаңбасымен жазылып, «Алланың елшісі айтты, кім өзін таныса, сол өз Раббысын таниды» деген хадис келтірілген. Назар аударып қарасаңыз, бұл жерде екінші мәтін де бар. Куфи қолтаңбасымен ашық көктүсті кірпіш арқылы парсы тілінде жазылған. Бұл жерде пайғамбарымыздың әулеті жайлы дерек берілген.

    « Мұхаммедтің жанұясы Мұхаммед, Әли, қызы Фатима және немерелері Хасан, Хусейн екеуінің анасы» деген жазу жазылған. Бұл солтүстік порталдың ойығындағы жазулар үштен бір бөлігіндегі жазулар. Бұл жазулардың ұзындығы 3 метрді құраса, ені үш кірпішке пара-пар келеді. Ортаңғы жазу ақ кірпішпен жазылса, екі жанындағы кірпіштер қою көк түсті кірпішпен қапталған. Енді екі жиегіндегі жазулар да көз жауын алатын сондай шеберлікпен жасалып, көп еңбекті қажет еткені көрініп тұрады. Қарасаңыздар 4 рет медальондар кездеседі. Қою көк түсті кірпішке құралған медальондар арабтың насх стилінде жазылған жазу. Бұл жерде 54 рет қайталанып, Аллаға айтылған мадақ сөздер көрсетілген. Яғни «Құрметтеуге Алла ғана лайықты. Және де бүкіл жаратылыстың иесі Алла Тағала» деген сөздер.

    Қорытынды

    Өркениеттердің және мәдениеттердің қарымқатынастарын қарастыруда олардың өзгешеліктерін зерттеу өте маңызды болып табылады. Ол үшін сәулет өнерін зерттеудің маңыздылығы жоғары орын алатыны белгілі.«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылып, қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып халыққы музей ретінде қызметін атқаруда.Орталық Азияның Ислам өнерінің тарихи дәуірленуі бірнеше кезеңге бөлінеді.

    Мұсылман архитектурасының маңызды бір кезеңі — Әмір Темір дәуірі.Қазіргі заманда Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындылары көп жерлерде сақталған. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің ескерткіштері – өте бай Ислам өнерінің елеулі бөлігі болып табылады. Ал Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындыларының алғашқы үлгілері Орталық Азияда пайда болғанын ескерсек [1, 3 бет], осы аймақта орналасқан сәулет ескерткіштерін зерттеп қарастырудың орны ерекше екені анық. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнер өз көркем үрдісі дамуының негізін қалайтын көптеген мәдениеттердің қарымқатынастарының негізінде қалыптасты.

    Әмір Темір негізін қалаған орасан зор мемлекетте әр-түрлі өнер салаларының қалыптасуы мен дамуына көп көңіл бөлгені белгілі. Әсіресе, қазіргі Орта Азия, Ауғанстан және Иран аймақтарындағы сәулет өнеріне ерекше көңіл бөлінгені анық.Орта Азия сәулет өнері тарихында Әмір Темір дәуірі тұсында мұсылмандық сәулет өнері дамуының жаңа кезеңінің басталатынын айқындайтын маңызды да сапалы өзгерістер қалыптасты.

    Бұл кезең ХІҮ ғасырдың соңы мен ХҮ ғасырды қамтиды. ХІҮ ғасырдың соңынан Мәуераннахр шығармашылық ойлардың орталығына айнала бастайды. Осыған байланысты сәулет өнерінде жаңа стилдер пайда болады. Сол кезде өмір сүрген Ибн-Арабшах Әмір Темірдің сәулет сарайларына сипаттама берген кезде «олар жаңа тұрпатта салынған» деп жазады

    Сол заманға жататын түпнұсқалар Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің тұтастығы, оның қоғамдық көзқарасының негізін көрсетеді.Қалалық сәулет өнері Әмір Темір дәуірінде гүлденгені туралы Кастилия мен Лион патшасының елшісі Клавихо былай деп жазады: «Әмір Темір және оның ұрпақтары қалыптастырған дүние экономикалық өркендеуді ынталандырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты Иран мен Орта Азияда сансыз ғимараттардың салынуы сәулетшілерді шабыттандыра түсті. Аруақ қонған жерлер ерекше көңілге алынды: бар ғимараттар қайта жаңғыртылды және әшекейлендірілді, көптеген жаңа кесенелер салынды».

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Ф.Көпрүлү, Түркі әдебиетіндегі алғашқы сопылар. Түркістан 2017, - 173 б.

    2. Малғажұлы, Е. Дін мен дәстүр. - Алматы: Ғибрат, 2015. - 192б

    3. Оңғаров Е.Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары.-Алматы: Баспалар 2014.-352 бет
    4. Фуат Көпірұлы. Түркі әдебиетінде алғашқы сопы ақындар. Оқулық.-Түркістан, 2016.


    написать администратору сайта