2 практикалық тапсырма. Тобы Т 303
Скачать 14.63 Kb.
|
Аты-жөні: Бекбол Март Тобы: ҚТӘ- 303 №2 практикалық тапсырма «Сөйлемді қосымша қабылдап, түрлендіріп қолданылатын, арнайы түрлендіру парадигмі бар сөз таптары бар, олар- зат есім, сын есім, етістік. Сөйлемде сөз түрленуші қосымша жалғанбайтын, түрленбейтін сөз таптары бар, олар- үстеу(кейбір сапалық үстеулердің шырай тұлғаларынын қабылдайтынын ескермегенде. Мысалы, төменірек, өте ақырын, т.б), еліктеу сөздер. Ал, сын есім, сан есім, есімдіктер жеке өздеріне тән түрлену жүйесі болмағанымен, зат есімше түрлене алады: көптеледі түрленеді, септеледі. Бұл қатарға дәл осылай түрлене алатын есімше мен қимыл есімі (тұйық етістік) түрлерін қосуға болады». Ғылыми мәтінге пікір білдіріңіз. Келтірілген ғылыми пайымдаулардың конверсияға қатысты саралаңыз. Бұл ғылыми мәтінге алып қосарым жоқ, толықтай қосыламын деп айта аламын. Себебі, сөзге жалғанып тұрған сөз түрлендіруші қосымшаның қай қосымша екенін білу үшін осы ғылыми мәтіндегі заңдылықты міндеттері түрде есте сақтауымыз керек. Түрлендіретін сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән қандайда бір сөөз түрлендіретін қосымшалары міндетті түрде болады. Сонымен қатар, бір сөзге бірнеше сөз түрлендіруші қосымша қосылғанда, олардың сөзге жалғану тәртібі мен өзіндік реті болады. Конверсия тәсілі, негізінен, тілдегі сөз таптарының арасында болатын сан алуан сөз алмасуларды білдіретін процесс болып табылады, сонымен қатар, жалпыламалық қасиетке ие бола алады. Ал, оның жекелеген сөз таптарындағы көрінісі жеке термин сөзбен аталады. Морфологиялық конверсия процестері, сонымен бірге, тілдің грамматикалық жүйесіндегі сіңісу, жылысу сияқты құбылыстармен де тығыз байланысты болып келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі "байырғы" сын есімдер тобына жататын қызыл, жасыл, сары, үлкен, кіші, ұзын, ұзақ және т. б. негізгі сын есімі, жылысуынан қалыптасқан сөздер болып шығады. Бұлардың тарихи тұрғыдан "туынды" сөздер екендігіне оларды өзімен түбірлес сөздермен салыстыру арқылы көз жеткізе аламыз. |