Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқу пәні

  • Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Ресурстар, дамытушы орта

  • Жоспарлау ҰОҚ кезеңдері Оқу қызметінің барысы

  • Топтық жұмыс. Мазмұн және қарқын арқылы саралау.

  • Бақылау. Тікелей бақылау.

  • Бала үні.

  • Оқу қызметінің мақсатымен таныстыру.

  • (сыни ойлау)

  • Жағдаяттық тапсырма. 4 К, өнім арқылы саралау. 1-жағдаят

  • Бақылау. -балалардың жауабын мадақтау, толықтыру. Рефлексия (

  • Графикалық кері байланыс. «смайликтер»

  • Тазабекова Назым. Тобысыныбы мад білім беру саласы


    Скачать 50.9 Kb.
    НазваниеТобысыныбы мад білім беру саласы
    Дата25.01.2023
    Размер50.9 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТазабекова Назым.docx
    ТипДокументы
    #905275

    Тобы/сыныбы: МАД

    Білім беру саласы: Денсаулық

    Оқу пәні: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

    Тақырыбы: Сезім мүшелері


    ҰОҚ мақсаты:

    Сезім мүшелерін атайды және маңызын түсінеді (көру мүшесі - көз, есту мүшесі - құлақ, дәм сезу мүшесі - тіл, иіс сезу мүшесі - мұрын, сипап сезу мүшесі - тері). Сезім мүшелерін күту жолдарымпен танысады.

    Күтілетін нәтиже

    • адамның дене мүшелерін атайды;

    • сезім мүшелерінің атқаратын қызметін біледі.

    Қалыптасатын дағды

    Сезім мүшелері туралы түсінік қалыптасады.

    Сезім мүшелерін қалай күту керек екенін меңгереді

    Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды.

    Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

    4К моделі, бала үні, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ашық сұрақтар, бақылау

    Ресурстар, дамытушы орта:

    Сезім мүшелерінің суреті, бейнеролик

    https://youtu.be/xjbdyzC-mF4


    Жоспарлау

    ҰОҚ кезеңдері

    Оқу қызметінің барысы

    Уақыт

    Сабақтың басталуы


    Балалардың қызығушылығын ояту

    Сезім мүшелерін пазл арқылы құрастыру.

    Топтық жұмыс. Мазмұн және қарқын арқылы саралау.

    • Қима суреттер арқылы балалар сезім мүшелерін құрастырады.

    • Әр топқа бірнеше сезім мүшелерінің қималары беріледі. Бірлесіп, тез әрі дұрыс құрастыру ұсыналады.

    Бақылау. Тікелей бақылау.

    Жылдам әрі барлық суреттерді құрастырған топты мадақтау.

    (Баяу қимылдайтын топқа сурет қималарын 2-3 ке ғана бөліп ұсыну. Қабілетті балаларға бірнеше бөліктерге бөліп ұсыну. )
    Бала үні.

    -балалар, құрастырған суреттерді бір сөзбен қалай атаймыз? (сезім мүшелері)

    -сезім мүшелер туралы не білеміз?

    -сезім мүшелерінің адам тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

    Оқу қызметінің мақсатымен таныстыру.

    Бүгінгі оқу іс-әрекетінде сезім мүшелерінің қызметін анықтап, оларды күту жолдарын білетін боламыз.


    12 мин


    Сабақтың негізгі бөлігі

    Тыңдалым. Видеоролик «Сезім мүшелері»

    https://youtu.be/xjbdyzC-mF4

    Бала үні.

    • Қанша сезім мүшесі бар екен? Оларды ата?

    • Неге бізге сезім мүшелері қажет?

    • Бұл сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңызы қандай? (сыни ойлау)


    Сергіту сәті.

    • Екі көзің не үшін? Жақсыларды көру үшін.

    • Екі құлағың не үшін? Ақыл кеңес тыңдау үшін.

    • Мұрның сенің не үшін? Керемет иіс сезу үшін.

    • Тілің сенің не үшін? Ең дәмдіні тату үшін.


    Топтық жұмыс:

    1-топ: Көру қабілетін қалай күту керек?

    2-топ: Құлақты қалай күтеміз?

    3-топ: Иіс сезу мүшесін қалай күту керек?

    4-топ: Дәм сезу мүшесінің қандай маңызы бар?

    (сын тұрғысынан ойлау, ашық сұрақтар, бала үні)

    Бақылау. Балалар, топтардың жауабына кері байланыс береді. Толықтыру қажет болса пікір қосады. Педагогтың мадақтау және толықтыруы жүзеге асады.


    8 мин



    Сабақтың қорытынды бөлімі

    Жағдаяттық тапсырма. 4 К, өнім арқылы саралау.

    1-жағдаят. Алинұр күні бойы планшеттен мультфильм көреді және ойын ойнайды. Далаға ойнағысы келмейді. Бұл балаға қандай кеңес бересіңдер. Оның қандай сезім мүшесіне зиян келуі мүмкін?

    2-жағдаят. Күн суық болып тұрса да Балжан далаға бас киімін кимей ойнауға шықты. Анасы ескертсе де тыңдағысы келмеді. Балжанға қандай кеңес бересіңдер? Оның қандай сезім мүшесіне зиын келуі мүмкін?

    Бақылау.

    -балалардың жауабын мадақтау, толықтыру.


    Рефлексия (Бала үні)

    - Бүгінгі сабақта нені білдім?

    - Көңіл күйім қандай?

    - Қандай тапсырма қызық болды?

    - Тағы нені білгім келеді?
    Графикалық кері байланыс.

    «смайликтер»



    Әрі қарай қосымша дамытуға бағыттау

    • Ата-анасының көмегімен денсаулық туралы мақал-мәтел жаттау



    5 мин




    написать администратору сайта