Главная страница
Навигация по странице:

  • КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

  • Барлығы-34сағат. Аптасына 1рет

  • Теориялық сабақтары Тәжірибе сабақта ры

  • Тақырыбы: Тоғызқұмалақ (

  • ұлттық ойын. тоғызқұмалақ (Автосохраненный). Тоызмала азата ке тараан, те ызыты, ойлы ойын. аратау


    Скачать 27.28 Kb.
    НазваниеТоызмала азата ке тараан, те ызыты, ойлы ойын. аратау
    Анкорұлттық ойын
    Дата04.02.2021
    Размер27.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатоғызқұмалақ (Автосохраненный).docx
    ТипДокументы
    #174000

    Түсінік хат


    Тоғызқұмалақ – қазақта кең тараған, өте қызықты, ойлы ойын. Қаратау

    қазбаларының арасынан табылған тас «қазан» осы тоғызқұмалақты еске салады. Бұл ойын Қызғызстанда, Монголияда, қарақалпақстанда, Өзбекстан қазақтарның арасында, алыс шетел қазақстанның арасында қатты дамыған.

    Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик-жазушы Мұхтар Әуезов, халық артисі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М. Ибраев пен шахматшы Е.Браундардың сіңірген еңбектері өте зор.

    Тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 жылы өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов (Семей), Аңдамас Жөкеев (Қарағанды), Оспан Қаржауов (Семей), Шорман Өтегенов (Жамбыл) сияқты тоғызқұмалақшылар қатысты.

    Республиканың тұңғыш чемпионы Ш.Өтегенов болды. 1948-1960 жылдар аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан алты жыл бойы Жамбыл облысының өкілі Рахымбай Ахмамбетов бірінші орынды жеңіп алып отырды. Кейін көп жылдар бойы бірінші орынды В. Поляков пен Қасымов алма кезек жеңіп алып отырды.

    Халқымыздың кемеңгер ақыны Абай кезінде тоғызқұмалақтың аса шебер ойыншысы болған.



    МАҚСАТЫ:


    • Тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау және оқушылардың қызығушылығын арттыру;

    • Тәжірибе алмасу барысында ойын шеберліктерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту және дамыту;

    • Достық пен Отансүйгіштікке, ізгілікке, шыдамдылыққа баулу;

    • Оқушыларды логикалық ойлауға, математикалық есептеу әдістерін үйренуге.


    МІНДЕТІ:


    • Оқушылардың білімімен іскерлікке қойылатын, негізгі талаптардың көрсеткіштерін көру;

    • Теориялық білімдерін өз беттерінше практика жүзінде асыра білуіне жағдай жасау;

    • Оқушыларды «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне тарту.


    КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:


    • Тоғызқұмалақ ойыны ұлттық ойын түрі ретінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылады.

    • Үйірме мүшелері тоғызқұмалақ ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды.

    • Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.

    • Дарынды оқушылар іріктеледі.

    • Аудандық байқауларға қатысу арқылы бұл ойын бұқаралық сипатқа ие болады.


    Барлығы-34сағат. Аптасына 1рет


    Рет саны

    Сабақтың тақырыбы

    Оқу-жаттығу үйірмесі

    Теориялық сабақтары

    Тәжірибе сабақтары

    Өтетін күндері

    1.

    Қазақстандағы тоғызқұмалақ ойынының дамуы.

    1







    2.

    Тоғызқұмалақ ойынының тарихы

    1







    3.

    Тоғызқұмалақ ойыны туралы түсініктеме

    1







    4.

    Ойын кезінде жүріс жасау бағыттары

    1







    5.

    Тоғызқұмалақ  отауларының аттары

    1







    6.

    Ойын ережерелі

    1







    7.

    Жүрістерге түсініктеме беру (жай және табысты жүріс)

    1







    8.

    Тұздық алу




    1




    9.

    Ойынды жазып ойнау тәртібі




    1




    10.

    Жүрістердің санын есептеу




    1




    11.

    Отаудағы құмалақтарды көрсете білу




    1




    12.

    Отаудағы құмалақтарды өрістете білу




    1




    13.

    Байлап ойнау тәсілдері




    2




    14.

    Айырбасқа шығару




    2




    15.

    Құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру




    2




    16.

    Тұзақ құру




    2




    17.

    Комбинация тәсілі арқылы тұздық алу




    2




    18.

    «Қанды қақпан» бастамасы. Арт отауынан жүріп қорғау жүйесі




    2




    19.

    Тоғызыншы отаудан жүріп қорғану жүйесі




    2




    20.

    «Атсырау» жағдайынан шығатын әдіс-тәсілдер




    2




    21.

    Этюдтерді шешу




    2




    22.

    Тұздықтардың атқаратын қызметі




    1




    23.

    «Атсұрау» жағдайынынан шығатын кейбір әдістерді, немесе қосымша жүрістерді табу




    1




    24.

    Тұздықтардың атқаратын міндеті




    1




    25.

    Жарыс өткізу жүйелері




    1










    7

    27







    Барлығы

    34 сағат

    Аудандық эксперттік Бекітемін:

    комиссия шешімі Шұбаршы орта мектебінің

    __________________ директоры А.М.Нуржанова

    ______________________

    Тақырыбы: Тоғызқұмалақ

    (Үйірме) 3 «б» класс

    Мұғалімі: А.Т.Курмангазина

    2017-2018оқу жылы


    написать администратору сайта