Фтизиопульмонология(СӨЖ)-1. Топ жм190161к орындаан Батырбек А. А.,ділбек . С. Тексерген
Скачать 7.28 Mb.
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті» «Казахский Национальный Медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова» «Өкпе туберкулемасы» Топ:ЖМ19-016-1К Орындаған:Батырбек А.А.,Әділбек Ә.С. Тексерген:Рахышева А.А. Жоспар 1)Өкпе туберкулемасы дегеніміз не? 2)Жіктелуі,патогенезі және патологиялық анатомиясы. 3)Диагностикасы,емдеу жолдары. 4)Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер. Өкпе туберкулемасы Туберкулема деп созылмалы және баяу ағымы бар диаметрі 1 см,фиброзды қабықты казеозды фокусты айтамыз. Эпидемиологиясы:
Өкпесінде дөңгелек түзілістер бар науқастар арасында өкпе туберкулемасы екінші орынды алады. Себептері Балалар мен жасөспірімдерде туберкулема біріншілік туберкулездік кешеннің өкпелік компонентінің инволюциясының нәтижесі болуы мүмкін. Көпшілігі туберкулездің екіншілік түрлерінің (инфильтративті, ошақты, диссеминирленген, кавернозды) эволюциясы нәтижесінде қалыптасады. 80% -ы өкпе туберкулезін жеткіліксіз емдеудің нәтижесі болып табылады және тек 20% -ы ешқандай терапиясыз пайда болады. Ықпал ететін факторларға метаболикалық бұзылыстарды жатқызуға болады.Әсіресе,қант диабеті бар адамдарда жиі кездеседі. Жіктелуі I.Клиникалық ағымына байланысты: 1.Үдемелі туберкулема; 2.Регрессиялы туберкулема; 3.Тұрақты туберкулема. II.Орналасуы мен санына байланысты: 1.Жеке дара(солитарлы); 2.Топталған(конгломератты); 3.Бір немесе екі өкпеде де көптеп орналасқан туберкулемалар. III.Казеоздың сипаты бойынша: 1.Біркелкі(гомогенді туберкулема); 2.Көп қабатты(қабатты туберкулема). IV.Өлшеміне байланысты: 1.Ұсақ(1-2 см); 2.Орташа(2-4 см); 3.Ірі(4 см-ден артық). Патогенезі Туберкулез ошағының(казоезды-экссудатты,казеозды-пролиферативті) қабынуы. Қабықтанған ошақтар(бронх, лимфа,қан арқылы таралған). Үш қабатты дәнекер тінді қабығы бар каверна ТМБ қарқынды өсіп-өнуі,Тс индукциясы,ЖСБТ және Тх басылуы(супрессия). Перифокальды казеозды-экссудатты қабыну. Каверна қабығының толық тазармауы. Кавернаға келетін бронхтың бітелуі(облитерация). Патогенезі Жергілікті иммунды реакциялардың күшеюі,ТМБ белсенді түрлерінің әжептәуір азаюы. Казеозды ошақтың айналасындағы қабынудың жартылай сорылуы. ЖСБТ және жергілікті иммунды реакциялардың күшеюі.ТМБ-ның көп уақыт өмір сүретін түрлеріне ауысуы. Казеоздың грануляциялық қабатпен және талшықты қабықпен қоршалуы.ТМБ популяциясының L-түрінде қалыптасуы. Каверна қуысының грануляциямен,лимфамен,казеозбен толуы. Өкпе туберкулемасы Патогенезі Патогенезі Көбінесе туберкулема I,II және V1 сегменттерінде локализацияланған,субплевральды орналасқан.
Патологиялық анатомиясы Казеозда бұзылмаған альвеолярлы перделер,бітелген бронхтар мен қан тамырлардың қабырғалары сақталған.Активті туберкулеманың қабығы екі қабаттан тұрады:казеозға тікелей жабысқан спецификалық грануляция қабаты(эпителиоидты,бірен-сараң алып жасушалар) және сыртқы коллагенді талшықты қабат,ол меншікті фиброзды қабатты құрайды. Активті емес туберкулемада грануляциялық қабат жоқ,капсула-бір қабатты фиброзды болады,оның қалыңдығы 1-1,5мм. Диагностика. Клиникалық көрінісі Туберкулемамен ауыратын адамдарды тек флюорографияда өткенде ғана анықтауға болады,бұларда аурудың белгілері байқалмайды.Туберкулемамен ауыратын адамдардың дәрігерлерге қаралғанда негізгі айтатын шағымдары:
Клиникалық көрінісі Химиотерапияны алып жүргенде туберкулемамен ауыратын адамдарда шағым болмайды.Туберкулема плевраның астында жатқанда физикалық тексерулерде өкпе дыбысы қысқарады.Туберкулема ыдыраған кезде дымқыл сырылдар естиміз. Туберкулема өзіндік емес кеңірдек тамыры қабынуымен асқынғанда құрғақ сырылдар естиміз. Зертханалық зерттеулер.
Туберкулеманың ыдырау фазасында ТМБ-сы, көбінесе қақырықтан табылады. Бактериялардың бөлінуі аз болғандықтан, қақырықты зерттеуді өте сезімтал әдістерді қолданып бірнеше рет қайта жүргізу керек. Микобактерияның вирулентілігі өте жоғары, туберкулезге қарсы қолданылатың дәрілерге сезімталдығы сақталған,бұл жағдай казеозды туберкулемаға дәрілердің өте нашар түсетінін көрсетеді. Зертханалық зерттеулер.
Алғаш анықталған туберкулемада ЭТЖ-ғы 20 мм/сағатқа дейін жоғарлайды,ал таяқша ядролы нейтрофильдер 8-10 болады. Соматотропты гормон секрециясы жоғарылайды,гидрокортизон/кортикостерон қатынасы төмендейді. Туберкулин диагностикасы. Туберкулемамен ауыратын науқастардың көпшілігінде туберкулинге жоғары сезімталдық байқалады.
Аспаптық зерттеулер. Рентгенологиялық зерттеу. Туберкулеманы рентгенмен тексергенде көретініміз диаметрі 1 см-ден үлкен шар тәріздес немесе формасы дұрыс емес және жақсы шектелген қарайған дақ. Туберкулеманың көленкесі біркелкі емес,оның ішінен қарайған және әктенген ошақтарды көруге болады. Аспаптық зерттеулер. Бронхоскопиялық зерттеу. Бұл тәсіл туберкулемаға операция жасарда және оның ішінде каверна болғанда қолданылады.Туберкулеманың ыдырау фазасында аурулардың 3-4-де кеңірдек тамырының шырышты қабықтарының қабынулары кездеседі. Туберкулеманы патоморфологиялық әдіспен тексергенде оның ішінде орналасқан кеңірдек тамырларынан спецификалық өзгерістерді анықтайды. Туберкулема ескірген сайын кеңірдек тамырларындағы өзіндік емес өзрегістер басым болып созылмалы продуктивті немесе атрофиялық бронхиттер түзіледі. Емі.
Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер
Назарларыңызға рахмет! |