Главная страница
Навигация по странице:

  • -Алақай, алақай ертегілер әлеміне барамыз ба Бүгін қандай ертегі тыңдаймыз

  • -Гульназ Сауырбайқызы, бауырсақ неге қашып кетті

  • Ары қарай оқыту - Бауырсақ неге терезеден домалап кетті деп ойлайсындар - Бауырсақ үшбұрыш пішінді болса, терезенің алдынанда домалап кете алады ма

  • - Бауырсаққа орманнан қандай жануарлар кездесті

  • - Дильназ, бауырсақ басқа қандай жануарларға кездеседі деп ойлайсын

  • Танымдық оқиға жазу үлгісі. Танымдық оқиға. Топты атауы Ортаы Жас кезеі 34 жас Ертегілер леміне саяхат


    Скачать 33.08 Kb.
    НазваниеТопты атауы Ортаы Жас кезеі 34 жас Ертегілер леміне саяхат
    АнкорТанымдық оқиға жазу үлгіс
    Дата17.02.2023
    Размер33.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТанымдық оқиға.docx
    ТипДокументы
    #942721

    Топтың атауы: Ортаңғы

    Жас кезеңі: 3-4 жас

    «Ертегілер әлеміне саяхат»

    Тәрбиешінің «Балалар, қазір бәріміз бірге ертегілер әлеміне саяхатқа» барамыз! Ойыншықтарынды жинастрып, орындыққа келіп отырындар» деген сөзін естіген балалардың бәрі де бір сәтке тыныштала қалды. Бәрі бірден зейіндерін тәрбиешіге аударып, ойыншықтарын жинастыра бастады. Әсіресе, топтағы Дильназ ойнап отырған қуыршағын орынына жинамастан, тәрбиешінің қасына жүгіріп келді. Дильназ қуанып, күлімдеп:


    -Алақай, алақай ертегілер әлеміне барамыз ба? Бүгін қандай ертегі тыңдаймыз?

    Тәрбиеші: -Ия, Дильназ қызықты ертегілер әлеміне барамыз. Саяхатқа бармастан бұрын, ойыншықтарымзыды жинастырумыз керек» - деп Дильназға ескерту жасады. Дильназ топтағы басқа балалардан қарағанда, ертегігі тыңдағанды өте қатты жақсы көреді. Әр бір ертегінің сюжетін эмоционалды қабылдап, ертегінінің мазмұнын түсініп және кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіре алады.

    Балалардың бәрі ойыншықтарын жинастырып, тәрбиешінің алдына-ала дайындап қойған орындықтарына келіп отырды. Балалар ертегіні мұқият тыңдады, зейіндері мен қызғушылықтары жақсы болды. Дильназ «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің дыбыстарына және мінез-құлықтарына ерекше эмоционалдық көңіл-күй танытты. Ертегі аяқталысымен, ертегі кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдре бастады:


    -Гульназ Сауырбайқызы, бауырсақ неге қашып кетті?

    -Бауырсақ орманда не бар екенін көргісі келді. Бауырсаққа орманда қандай ағаштар мен гүлдердің өсетіні мен жануарлардың өмір сүретіні өте қызық болды. Балалар, ертегіде бауырсаққа кездескен аю, қоян, қасқыр және түлкі бәрі де жабайы аңдар, сондықтанда орманға ешқашанда жалғыз баруға болмайды. Дильназ ертегі желісіне қызыққаны соншалықты, Гульназ Сауырбайқызы ата мен әже бауырсақты неге орманнан іздемеді?

    -Ата мен әже ормандағы жолдарды білмейді, сондықтан да олар бауырсақты іздей алмады.

    Ары қарай оқыту


    - Бауырсақ неге терезеден домалап кетті деп ойлайсындар?


    - Бауырсақ үшбұрыш пішінді болса, терезенің алдынанда домалап кете алады ма?


    - Бауырсаққа орманнан қандай жануарлар кездесті?

    - Балалар, бауырсаққа кездескен жануарлары ретімен орналастырайық


    - Орманда өмір сүретін қандай жабайы жануарларды білесіндер?


    - Дильназ бауырсақты түлкі жеп қоймаса, не болушы еді?


    - Дильназ, бауырсақ басқа қандай жануарларға кездеседі деп ойлайсын?

    - Дильназ, сен орманда бауырсақты кездестірсен не істеуші едін?


    написать администратору сайта