ҚБ 8 сынып. қалыптастырушы бағалау 7. Тоса
Скачать 2.09 Mb.
|
Дескриптор Білім алушы - ара траекториясын сипаттайды; - араның орын ауыстыруын сызады; - араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады; - материялық нүктені сипаттайды. Тапсырма 3 Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз. Дескриптор Білім алушы - қозғалыс траекториясын сызады; - жүрілген жолды анықтайды; - орын ауыстыруды анықтайды. Тақырып «Қозғалыстың салыстырмалылығы» Оқу мақсаттары 7.2.1.2 Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейлері Білім алушы Қозғалыстың салыстырмалылық принципі негізінде денелер қозғалысы туралы қорытынды жасайды Қолдану Тапсырма 1 Суретте берілген денелердің қозғалыста не тыныштықта екенін берілген санақ денелеріне қатысты анықтап, жауап беріңіз. Қозғалыс басталған кезде Қозғалыс аяқталған кезде a) 1-бала ағашқа қатысты ________________________ b) 1-бала шыршаға қатысты ________________________ c) 2-бала 1-балаға қатысты ________________________ d) 2-бала арбаға қатысты ________________________ e) 2-бала шыршаға қатысты ________________________ f) 1-бала 2-балаға қатысты ________________________ Дескриптор Білім алушы - берілген санақ денесіне қатысты қозғалыстағы денелерді анықтайды - берілген санақ денесіне қатысты тыныштықтағы денелерді анықтайды Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар» Оқу мақсаттары 7.2.1.3 Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейлері Білім алушы Денелер қозғалысының түрлерін ажыратады Білу және түсіну Тапсырма 1 Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін анықтаңыз. Дескриптор: Білім алушы - бірқалыпты қозғалатын автомобилді анықтайды; - бірқалыпсыз қозғалатын автомобилді анықтайды. Тақырып «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу» Оқу мақсаттары 7.2.1.4 Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу Бағалау критерийі Білім алушы Білім алушы Дененің жылдамдығын есептейді Орташа жылдамдықты анықтайды Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану Тапсырма 1 ТУ-104 реактивті жолаушылар ұшағы бірқалыпты қозғалып 30 с-та 8250 м арақашықтықты ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын м/с және км/сағ-пен анықтаңыз. Дескриптор Білім алушы - жылдамдық формуласын қолданады - жылдамдықтың мәнін анықтайды - жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіреді Тапсырма 2 м Жаяу адам барлық жолдың алғашқы 30 м бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін 1,45 /с жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңіз. Дескриптор Білім алушы - барлық жүрілген жолды есептейді - барлық қозғалыс уақытын анықтайды - орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады - орташа жылдамдық мәнін анықтайды |