Трансформаторлар
Скачать 187 Kb.
|
ТРАНСФОРМАТОРЛАРТрансформатор деп кернеуі бір шамалы айнымалы тоқ электр энергиясын кернеуі басқа шамалы жиілігі сондай айнымалы тоқтың электр энергиясына түрлендіруге арналған статикалық электр магнитті кондырғы Пайдалану мақсатына қарай трансформаторлар келесі топтарға бөлінедіКүштік жалпы пайдаланатын трансформаторлар (электр энергия тарату және берілу тораптарында және керек кернеуді орнату үшін әр түрлі қондырғыларда) 2. Арнайы трансформаторлар, әр түрлі конструкциясымен және жұмыс сипаттамалармен сипатталады. Бұларға пештік және дәнекерлегіш трансформаторлар, автоматика құрылғыларының трансформаторлары, өлшеуіш және сынақ трансформаторлар және т.б. Трансформатордың жұмыс істеу принціпіАйнымалы ток электр энергия көзіне қосылатын орама бірінші реттік, ал электр энергиясының жүктемелер қосылатын орама екінші реттік деп аталады. Трансформатордың бірінші және екінші реттік орамалар арасында электр байланысы жоқ, қуат бір орамадан екінші орамаға электр магнит жолымен беріледі Трансформатордың әрекет ету принціпі электр магниттік индукция заңына негізделген. Орамалардың бірін айнымалы кернеудің электр энергиясы көзіне қосқанда, орамада электр тоғы i1 пайда болады. Бұл токтың негізгі бөлігі магнит өткізгіште тұйықталатып (негізгі магнит ағыны Ф0) магнит ағынын қоздырады. Бұл магнит ағыны орамалардың орамдарына тіркесіп орамаларда ЭҚК қоздырады: Бірінші реттік орамада өзіндік индукция э.қ.к-ң е1 индукциялайды (1.1) екінші реттік орамада өзара индукция э.қ.к-ң е2 индукциялайды (1.2) мұнда w1, w2 — трансформатордың бірінші және екінші реттік орамаларының орам сандары Кернеуді жоғарлатқыш трансформаторларда U2 > U1, ал төмендеткіш U2 < U1. Жоғары кернеуге қосылған ораманы жоғары кернеулі (ЖК) орама деп атайды, төмен кернеулі желіге қосылған ораманы төмен кернеулі (ТК) орама деп атайды Кез келген трансформатор әрі жоғарлатқыш әрі төмендеткіш ретінде қолдануға мүмкін Трансформаторлардың классификациясын келесі түрге бөлуге болады: Атқаратын міндетіне қарай – жалпы күштік және арнайы; Салқындату түріне қарай – ауамен және маймен салқындататын; Трансформацияланатын фазалар санына қарай– бір фазалы және үш фазалы; Магнитопроводтың пішініне қарай — стерженьді (оқтаулы), сауыттты, сауытты-оқтаулы, тороидалды; Бір фазаға келетін орам санына қарай – екі орамалы, көп орамалы. Трансформатордың номиналды параметрлері: 1) бірінші реттік номиналды желілік кернеу U1ном, В или кВ; 2) екінші реттік номиналды желілік кернеу U2ном, В или кВ; 3) орамалардағы бірінші реттік I1ном және екінші реттік I2ном номиналды желілік токтар, А; 4) номиналды толық қуат Sном, кВ·А - бір фазалы трансформатор үшін Sном =U1ном I1ном, Үш фазалы трансформатор үшінҮш фазалы трансформатор үшін Номиналды желілік токтар трансформатордың номиналды қуаты арқылы анықталады: Үш фазалы трансформатор үшін (1.3) Трансформатордың кернеу өрнектеріТрансформатордың магнитопроводындағы негізгі магнит ағыны Ф орамалардың орамдарына w1 және w2 тіркесіп орамаларда ЭҚК қоздырады: Ф магнит ағынын синусоидалды уақыт функциясы деп алсақ
Онда, (1.4) өрнегін ЭҚК өрнегіне қойып, дифференциалдап ЭҚК е1 келесі өрнекпен анықтаймыз (1.5) болғандықтан (1.6)(1.6) Аналогия бойынша (1.7) (1.6) және (1.7) өрнектерден, ЭҚК-тер е1 және е2 магнит ағыннан Ф π/2 бұрушына қалып отырады. ЭҚК максималды мәні: (1.8) E1max√2 бөліп және ω = 2πf теңғыпалып, бірінші реттік ЭҚК әсер етуші мәнін анықтаймыз (В): (1.9)(1.9) Аналогия бойынша екінші реттік ЭҚК үшін (1.10) Орамалардағы орам сандарының қатынасына тең болатын, жоғарғы кернеулі орама э.қ.к.–нің Ежк төмен кернеулі орама э.қ.к. Етк – ге қатынасы трансформатордың транформация коэффициенті деп аталады. (1.11) Практикалық есептерде трансформация коэффициентін ЖК және ТК орамалардың номиналды кернеулерінің қатынасына теңғып : Бірінші және екінші реттік орамдарының сейілетін ЭҚК: мұнда және - сейілу индуктивтіктер Сейілу ЭҚК әсер ету мәні бірінші және екінші реттік орамдардың токтарына пропорционалды: мұнда x1 және x2 — бірінші және екінші реттік орамдардың индуктивті сейілу кедергісі, Ом Трансформатордың әр бір орамдарында екі ЭҚК индуцияланады: ЭДС от основного потока Ф негізгі ағынның ЭҚК және сейілу ағынның ЭҚК. Кирхгофтың екінші заңы бойынша желіге U1 кернеуіге қосылып активті кедергідегі r1 түскен кернеуін ескертіп трансформатордың бірінші реттік тізбегіне келесі өрнегін жазуға болады: (1.12) ЭҚК E1 жіне Eσ1 өрнектің оң жағына ауыстырып, ал сейілу ЭҚК индуктивті сейілу кедергі арқылы x1 көрсетіп, трансформаторматордың бірінші реттік тізбегінің кернеулер өрнегін анықтаймыз (1.13) (1.14) Zн кедергісі бар жүктемеге қосылған трансформатордың екінші реттік орамасы үшін кернеулер өрнегі келесі түрде жазуға болады (1.15) Жүктемедегі кернеудің төмендеуі трансформатордың екінші реттік орамдарының шықпасындағы кернеу боп табылады: (1.16) Трансформатордың екінші реттік тізбегінің кернеу өрнегі : (1.17) |