Тұрар Әбіл БӨЖ 2. Трар біл Смайллы пфия 212 топ
Скачать 13.49 Kb.
|
Тұрар Әбіл Смайлұлы ПФИЯ 212 топ 1-тапсырма. Сіз жақында кадрлар жөніндегі менеджер болып тағайындалдыңыз. Сіз фирманың қызметкерлерін әлі де дұрыс таныс емессіз, қызметкерлер де сізді әлі біле бермейді. Сіз бас директорға кеңеске барасыз. Шылым шегу бөлмесінен өтіп бара жатып, екі қызметкердің шылым шегіп тұрып қызу әңгімелесіп тұрғанын байқадыңыз. Бір сағат созылған мәжілістен қайтып оралғанда, сіз тағы да сол қызметкерлерді шылым шегу бөлмесінде тағы да әңгімелесіп тұрғанын көресіз. Шешу жолы: Шылым шегетін орын әңгіме айтуға арналмағанын түсіндірер едім және жұмыс орындарына қайтуларын сұраймын. 3-тапсырма Бір қызметкер екінші қызметкерге жұмыс бабында көптеген және жиі қайталанатын қателер жіберетіндігін айтады, екінші қызметкер бұл наразылықты қорлау ретінде қабылдайды. Олардың арасында жанжал туындайды. Шешім: Менің бастапқы іс-әрекетім жанжалға қатысушы екі қызметкерді жеке шақыру. Жанжалдың себебі-бір қызметкер екінші қызметкер зардап шегетін, оларды түзетуге тура келетін тым көп қателер жасайтындығында. Ол нақты қандай қателіктер жасайтының сұрап білер едім. Ол қателіктерді тәжірибесінің жеткіліксіздігінен жасайды ма сол жайлы ақпарат алуға тырысар едім. Егер қателіктердің басты себебі тәжірибенің жеткіліксіздігі болатын болса қызметкерге 2 апта қадағалауда болатының ескертер едім.Егер де сол уақыт аралығында қателіктер тағы қайталанатын болса жұмыс орынын босатуға тура келетінің айтамын. Бірақ жанжал әрқашан екі жақтан болатындықтан басқа қызметкерлерден жанжалға қатысушы екі қызметкерлер қандай қарым қатынаста екендігін сұрастырар едім. Себебі жанжал екі қызметкер арасындағы ұнатпаушылыққа да байланысты болуы мүмкін. Осынын барлығын қарастырып нақты шешімді екі аптадан кейін қабылдайтынымды айтар едім. |