Главная страница

Рахмет. тәрбие жоспары. Трбие жоспары 20202021 оу жылы 6 Б сыныбы Сынып жетекшісі Боранбай А. Е. Таырыбы


Скачать 33.97 Kb.
НазваниеТрбие жоспары 20202021 оу жылы 6 Б сыныбы Сынып жетекшісі Боранбай А. Е. Таырыбы
АнкорРахмет
Дата10.11.2021
Размер33.97 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатәрбие жоспары.docx
ТипДокументы
#268205



Бекітемін Келісемін

№40 шағын орталықты Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

мектеп-лицейінің директоры _____________ М.К.Молжанова

____________ Г. Тұрлыбек «__» _________ 2020 жыл

«__» __________ 2020 жыл

Тәрбие жоспары

2020-2021 оқу жылы

6 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі: Боранбай А.Е.

Тақырыбы:

«Жеке тұлғаны қалыптастыруда жан – жақты білім және саналы тәрбие беру»

Мақсаты:

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

  • Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  • Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

  • Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  • Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басiылыққа алуына ықпал ету.

  • Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

  • Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

  • Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.



Күтілетін нәтиже:

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриот қалыптасады.

  • Ана тілі мен қазақ халқын, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтейтін тұлға қалыптасады.

  • Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгереді

Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жұмысына талдау

  1. Өткен оқу жылындағы сыныптың тәрбие жүйесін жоспарлауы мен тиімді мақсаттың талдауы:

  • Өткен жылдың тәрбие міндеттерінің нәтижесі, олардың қойылу мақсатқа дайындығы;

  • Оқушылардың іс-әрекет пен қарым-қатынасқа түскен кезде негізгі бағыттың дұрыс таңдалуы, мазмұны, жұмыс түрі, педагогикалық құралдардың әсері, тәсілдері;

  1. Оқушылардың дамуына әлеуметтік жағдайының динамикасының талдауы:

  • Оқушылардың дамуына әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі, өткен жылдағы өзгерістер. Осы жағдайдың өзгеруіне қандай факторлар әсерін тигізді?

  • Оқушы тұлғасының дамуына, мінезінің қалыптасуына, шығармашылық дарындық пен физикалық қабілеттілігіне жақын қоршаған әлеуметтік орта қандай әсер тигізді?


  1. Сынып ұжымы дамуына талдау:

  • Сыныптың ұжымдық қарым - қатынасы;

  • Сыныптағы рухани – психологиялық ауа – райының ерекшелігі: оқушылардың қарым қатынастық мінезі сыпайылық, бір – біріне сыйластық, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым – қатынасының басымдылығы;

  1. Мектеп өміріне сынып оқушыларының қатысуын талдау:

  • Мектеп шараларында сынып оқушыларының негізгі қатысу түрткісі, мектеп өміріне оқушыларды жұмылдыру мен қызығушылық деңгейі, белсенділік пен нәтижелігі, мектеп істерінде сынып ұжымы мүшелерінің қатысуы;

  • Өткен жылы өткізілген қандай шаралар мен ұжымдық шығармашылық істер, сынып ұжымының ұйымшыл болуына ықпалын тигізді

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті, көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық тәрбие

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі

Рухани жаңғыру – патриотизмге тәрбиелеудің негізі

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласының 4 кіші бағдарламасы: «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны».

«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың критерийлері: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құру, қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

«Бәсекелік қабілет» бағытына енгізілген бағдарламалар: «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім».

«Бәсекелік қабілет» бағытының міндеті – компьютерлік сауаттылық, шетел тілдерін білу, мәдени ашықтық.

«Прагматизм» бағытының міндеті – өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай білу.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытының міндеті – ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз жоралғыларымыз – ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі сақтаулы.

«Білімнің салтанат құруы» бағытының міндеті – технологиялық революцияның беталысымен таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Сондықтан кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

«Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» бағытының міндеті – Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

«Сананың ашықтығы» бағытының міндеті – Жер шарының өзіне қатысты аумағында және өзінің елінің айналасында не болып жатқанын түсіну; жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу; өзгелердің тәжірибесін ең озық жетістіктерін меңгеру.

Тәрбие жұмысының жоспары



Белгіленген мақсаттарға жету деңгейін өлшеудің критерийлері

Тақырыбы

Қызметтің бағыттары

Педагогикалық мақсаттар

Мерзімі

Жұмыс түрі

Күтілетін нәтиже және оны талдау

1

Прагматизм

Саналы ұрпақ -жарқын болашақ

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие


Оқушыларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту

02.09.19

Білім сабағы

Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар елін, жерін қорғар азамат болып өсуіне ықпал етеді

2

Бәсекелік қабілет

Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа белесі

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие


Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

09.09.19

Білім сабағы

Латын әріптерін білу, ой-өрісін кеңейту

3

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Тіл-халықтар достығының кепілі

Ұлттық тәрбие


Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу

16.09.19

Тәрбие сағаты

Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті байлық екендігін ұғынадыы

4

Сананың ашықтығы

Біздің қала (кент), аудан

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

Оқушыларды жолда жүру ережелерін түсіндіру

23.09.19

Тәрбие сағаты дебат

Жолда жүру ережесін біледі

5

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Отбасы – өмір аясы


Отбасы тәрбиесі


Отбасы арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын түсіндіру

30.09.19

Тәрбие сағаты әңгіме

Отбасы құндылықтарын сақтауға үйренеді

6

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Мен үшін қымбат нәрсе

Отбасы тәрбиесі


Білім беру кеңестігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру

07.10.19

Тәрбие сағаты

Елін, халқын, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастырады

7

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Табиғат-тіршілік көзі

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие


Экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

14.10.19

Тәрбие сағаты дебат

Ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге тәрбиеленеді

8

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Әдеп және әдет

Көпмәдениетті, көркем-эстетикалық тәрбие


Рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

21.10.19

Тәрбие сағаты әңгіме

Дамытушылық тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттырады

9

Сананың ашықтығы

Ақша және өмірдің мәні

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат – мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылығының адам өміріндегі маңызы туралы өсуге тәрбиелеу.

04.11.19

Тәрбие сағаты

Оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйренеді

10

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Батаменен ел көгерер

Ұлттық тәрбие

Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру

11.11.19

Тәрбие сағаты

Батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулиды

11

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Менің тұңғыш президентім


Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне назар аудару, отансүйгіштікке тәрбиелеу

18.11.19

Тәрбие сағаты

Елбасыға өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстыру. Ой-өрісін кеңейту

12

Прагматизм

Менің атамекенім (тәуелсіздік күніне

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

Тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, ел рәміздерін тарихын білуге үйрету

25.11.19

Тәрбие сағаты

Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу

13

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Мен және менің достарым

Рухани-адамгершілік тәрбие

Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

05.12.19

Тәрбие сағаты әңгіме

Оқушыларды сыйластыққа,әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиеленеді

14

Прагматизм

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі

Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу

09.12.19

Білім сабағы

Гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсінеді

15

Прагматизм

Жақсы сөз - көңіл құлпын ашатын кілт

Рухани-адамгершілік тәрбие

Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат боларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

19.12.19

Білім сабағы

Оқушылар сөз құдіретін ұғынады, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйренеді,бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсінеді

16

Ұлттық бірегейлікті сақтау

"Кел, Жаңа жыл!"

Отбасы тәрбиесі

Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы білімдерін кеңейту.

23.12.19

Тәрбие сағаты

Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйренеді. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсінеді.

17

Сананың ашықтығы

Отан алдындағы борыш сезімі, оны қалай тәрбиелеуге болады?

Рухани-адамгершілік тәрбие

Туған елін, жерін шексіз сүюге, Отанын, тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу.

10.01.20

Тәрбие сағаты

Оқушының өз - өзіне деген сенімділігін арттырады, шыншылдыққа және антқа деген беріктігін нығайтады

18

Сананың ашықтығы

Абайдың қара сөздерінің мәні

Ұлттық тәрбие

Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну

13.01.20

Білім сабағы

Адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйренеді

19

Сананың ашықтығы

Табиғат және біз

Ұлттық тәрбие

Тірі және өлі табиғат туралы түсінік бекіту.

20.01.20

Тәрбие сағаты

Табиғат құндылығы,өсімдік тіршілігі туралы ұғымдарын қалыптастырады

20

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Әдептілік –тәрбие бастау

Рухани-адамгершілік тәрбие

Өз мүмкіндіктерін дұрыс қолдана отырып, мақсатына жету жолында табандылық танытуға үйрету

27.01.19

Тәрбие сағаты

Дамытушылық тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттырады

21

Прагматизм

Нашақорлық-тұйыққа апарар жол

Ұлттық тәрбие

Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту

03.02.20

Білім сабағы

Денсаулық қымбаттылығы өмір сүру үшін бағалы байлық екендігін ұғынады

22

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Жол белгілері және олардың мақсаттары

Отбасы тәрбиесі

Жол ережесін жасына сай меңгерту. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру

10.02.20

Тәрбие сағаты

Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін қалыптастыру

23

Сананың ашықтығы

"Алғашқы көмек көрсете аламыз ба?

Ұлттық тәрбие

Алғашқы көмек көрсете білц

17.02.20

Білім сабағы

Алғашқы көмек көрсете біледі

24

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Мен және менің отбасым

Отбасы тәрбиесі

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру

24.02.20

Тәрбие сағаты

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

25

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Жақсылық жолмен жүреміз

Көпмәдениетті көркем-эстетикалық тәрбие

Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу

02.03.20

Тәрбие сағаты

Оқушылар ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйренеді

26

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ер есімі - ел есінде

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Халқымыздың батыр қызы Мәншүк Мәметова туралы мағлұмат беру Отанды сүюге, Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу

12.03.20

Тәрбие сағаты

Батыл да, батыр болуға үйрету, жерін қорғай білуге тәрбиелеу

27

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Ұлттың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету

16.03.20

Тәрбие сағаты

Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиеленеді

28

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Алғыс айту күні!

Көпмәдениеттікөркем-эстетикалық тәрбие

Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

06.04.20

Тәрбие сағаты

Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамытады

29

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Аналарға мың алғыс!

Рухани-адамгершілік тәрбие

Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу

13.04.20

Тәрбие сағаты

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан,

ананың мейірімінен тарайтынын ұғынады. Жалпы барлық

аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиеленеді

30

Сананың ашықтығы

Бірлік - түбі тірлік

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие

Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін,салт- дәстүрін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру

20.04.20

Тәрбие сағаты

Оқушылар мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тегін, тарихын білуге тәрбиеленеді

31

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлы Жеңіс жасасын

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру.

27.04.20

Тәрбие сағаты

Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиеленеді

32

Сананың ашықтығы

Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі

Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;

04.05.20

Білім сабағы

Оқушылардың ой-өрісін дамытады, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптейді

33

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Өртке қарсы күрес және міндет

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық тәрбие

Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырады

18.05.20

Білім сабағы

Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

34

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Қорытынды сабақ

Рухани-адамгершілік тәрбие

Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

25.05.20

Қорытынды сабақ

Ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамытады


написать администратору сайта