Ашық тәрбие сағаты _Алаш қайраткерлері_Внеурочная деятельность 1. Трбие сааты Кні Тобы 3мдт17 Таырыбы
Скачать 5.6 Mb.
|
Тәрбие сағаты Күні: Тобы: 3МДТ-17 Тақырыбы: Алаш қайраткерлері Мақсаты: Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш зиялылары туралы мәліметтер және олардың тарихта алатын орны туралы баяндау. Тәрбиелік: Халқының тарихын қадірлеуге, ұмытпауға, елін, туған жерін сүюге, ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Дағдысын, танымын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау. Түрі: Іздену-зерттеу сабағы. Көрнекілігі: Зиялылардың суреттері, слайдтар, «Алаш» бағдарламасының кестесі. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Жоспар: Қазақ зиялыларының қызметі. Алаш партиясының құрылуы. Қазақ газеті. Алашорда үкіметі. Жаппай қуғын сүргіннің басталуы. Алаш азаматтарының ақталуы. Кіріспе сөз. Мұғалімнің сөзі. Еліміз егемен болып, елдігіміз танылып, атымыз шартарапқа таралып жатқан кезімізд, еліміздің өткені, өткенін жаңғырту әр азаматтың қасиетті борышы болса керек. Қазақ халқының күрделі тарихы әр түрлі ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де әр кезеңнің әлі де жазылмаған «ақтандықтары» көп. «Алашорда» тақырыбы да – осы «ақтандықтың» бірі. Қазағым өркендесе екен, өз алдына ел болып, отау тігіп, тәуелсіз өмір сүрсе екен деп, қиын қыстау заманда, елім деп өткен қазақ зиялыларының есімдерін, атқарған игі істерін бүгінгі ұрпағымыз білуге тиіс. Ендеше «Алаш қайраткерлері» атты іздену тәрбие сағатын бастайық. Жыл сайын 31 мамыр күні «30-жылдардағы аштық құрбандарын және саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күні деп жариялап, азалы күн ретінде мемлекеттік дәрежеде атап өту. Соған байланысты бәріміз тұрып бір минут үнсіздіктікпен еске алайық Оқушы: Қазақ зиялыларының қызметі. Оқушы: Алаш партиясының құрылуы. «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. 1917 жылғы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сьезінде құрылды. Көп ұзамай 10 тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды. Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; Халықтар арасында тең құқықтық орнату; Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; Елдегі билік және сот туралы; Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; Халықтың табысына қарай садық салу; Жұмысшылар туралы; Ғылым және білім туралы; Жер мәселесі; Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш париясының негізгі мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды. Оқушы: Қазақ газеті. «Қазақ» газеті – қоғамдық, саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 1913 жылғы 2 ақпан-1918 жылғы 26 қыркүйек аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылы екі рет) шығып тұрған барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы 3000 –нан- 8000 данаға жеткен. Бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, екінші жазушы М.Дулатов. Абайдың өмірі мен ақындығы туралы алғашқы мақала («Қызықтың бас ақыны») осында жарияланған. А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың шығармалары басылып тұрды. Оқушы: Алашорда үкіметі. 1917 жылы Орынборда 5-13 желтоқсан аралығында ІІ Бүкіл қазақ құрылтайын өткізді. Құрылтайдың негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Ә.Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы-Семей қаласы болды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы – большевизммен күресу тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Оқушы: Жаппай қуғын сүргіннің басталуы. 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Президент жарлығымен 1937-1938 жылдары жазықсыз жазаланғандар ақталды. 1997 жыл Президент жарлығымен Жалпы ұлттық татулық және саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналды Қорытынды: Ә. Бөкейханов: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». |