Главная страница

Трбие сааты Мектеп


Скачать 60.34 Kb.
НазваниеТрбие сааты Мектеп
Дата04.05.2023
Размер60.34 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1558502344.docx
ТипДокументы
#1107561




Тәрбие сағаты

Мектеп: №36 мектеп

Күні: 26.04.2019ж

Мұғалім: Нурмаханбетова А.Д.

Тақырыбы

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

Сынып: 9 «Ә»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар

Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Тәрбие бағыты

Ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Рухани – адамгершілік тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

  • Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:

  • Алған білімді өмірде қолдана алады.

  • Өз ойын толық жеткізе алады.

Күтілетін нәтиже

Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани-адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Құндылыққа баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

-өмір бойы оқуға дайын болу;.

Тілдік

мақсаттар

Ассамблея, этностар

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Тұжырым картасы» әдісі, «Шеңберлі ақпарат» әдісі.

түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сурет, нақыл сөздер

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

интерактивті тақта, маркер

қима қағаз, А3 формат, стикер


Сабақтың барысы:

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекет

Оқушылардың

іс- әрекеті

Жағымды көңіл -күйтуғызу.

«Ой  шақыру»



4 ұлт өкілдері бойынша топқа бөлу.

І топ: орыс ұлты ІІ топ: неміс ұлты

ІІІ топ: түрік ұлты IV топ: корея ұлты

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі оқушылар! 1мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Шаттық шеңбер жасау

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық
.

Жүргізуші: Мерекелік ашық сабағымызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады

Зимбабада – арқасымен амандасады

Македонияда – шынтақпен

Никаракуада – иықпен тіреседі

Австралияда шапалақ, секіру, бөксе түйістіреді.

Жүргізуші:

Гимн- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғайды.
Қазақстан Республикасының гимн орындалады.



Білу


Жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні мерекесі қарсаңында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты ашық тәрбие сағаты өткізіліп отыр. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Жүргізуші: Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.

 Біздің алдымызға бүгін 4 түрлі ұлт өкілдері келіп отыр. Олар орыстар, немістер, түріктер және корея.



Қолдану

Жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, 
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қонаққа келген ұлттарға сөз кезегін берсек.

Таныстыру. Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.

Құттықтау. Бүкіл қазақ елін ұлттар өз тілдерінде құттықтап өтеді.

Ас – адамның арқауы.  Әр ұлтттың ұлттық тағамдарын таныстыру.

Сән үлгісі.Әр ұлт өздерінің ұлттық киімдерін таныстырады.

Өнерлі ұлт.  Ұлттардың өнерін тамашалаймыз. Әр ұлттық өнері ән, би, өлең т.б.

жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!


Әр топ өз тілінде құттықтауларын айтады, өнерлерін көрсетеді.


Талдау

«Сергіту сәті»
-Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық

Хормен: 
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

«Дәйек сөз»

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық, достық,бірілік
Жер бетіндегі халық бір- бірімен дос,туыс, бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.



ойларын ортаға салады.


Жинақтау



«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін және шаңырақ суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы және ризашылықтарын білдіреді.



Әр топ алған суреттері туралы ойларын айтады.


Рефлексия



жүргізуші:

Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.
жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білім менен аспанға жол салынар.
Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Осыменен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.


Қызыл мен мынаны білдім. Көк маған қызық болғаны. Сары маған қажетті тұстары.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


написать администратору сайта