Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғыс

  • «Мәңгілік Ел»

  • Проблемалық сұрақ

  • Алғыс. Трбие саатыны таырыбы 1 наурыз Алыс айту кніне орай Алыс айту парызым!


    Скачать 17.26 Kb.
    НазваниеТрбие саатыны таырыбы 1 наурыз Алыс айту кніне орай Алыс айту парызым!
    Дата14.06.2022
    Размер17.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАлғыс.docx
    ТипДокументы
    #589928


    Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!»

    Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту 
    Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; 
    - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; 
    - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу 
    Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. 
    Барысы: 
    Блиц сұрақтар:

    - "Алғыс айту - парызым!" атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
    2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні

    1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

    Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
    Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

    Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

    Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

    Проблемалық сұрақ:

    «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?

    Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

    Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
    1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
    2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
    3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
    4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
    5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
    6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
    7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
    8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
    9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
    10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
    11. Отқа – жылулығы үшін..

    Бірге: Рахмет айтамыз!
    Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!



    написать администратору сайта