Главная страница
Навигация по странице:

  • Өткізілетін сыныптар: 9-10-11сыныптар. Тәрбие сағатының көрнекілігі

  • Тәрбие сағатының жоспары

  • Тәрбие сағатының барысы: Кіріспе сөз мұғалім

  • Олай болса келесі кезекті экрандағы слайдқа назар аударайық. Сөз «Табиғат жанашырларына »

  • Улы затпен күреспейміз біз неге 3-оқушы

  • «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын!»

  • Олай болса қорыта келе қандай ой түйдіңдер

  • Семей полигонының жабылғанына биыл – 25 жыл Айымгүл ӘБІЛЕВА

  • Тестовая работа по теме «Наречие

  • Өмірде болған.... Тәрбие сағаты -Өмірде болған-. Трбие саатыны таырыбы мірде болан Трбие саатыны масаты


    Скачать 2.82 Mb.
    НазваниеТрбие саатыны таырыбы мірде болан Трбие саатыны масаты
    АнкорӨмірде болған..
    Дата31.08.2022
    Размер2.82 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТәрбие сағаты -Өмірде болған- .docx
    ТипПрезентация
    #657869

    Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өмірде болған»
    Тәрбие сағатының мақсаты: Семей полигонының жабылуының 25-жылдығы, «Неведа -Семей» қозғалысына 27 жыл толуына байланысты Семей тағдыры, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.

    Өткізілетін сыныптар: 9-10-11сыныптар.

    Тәрбие сағатының көрнекілігі: Презентация слайд, ұлағатты сөздер, суреттер.

    Тәрбие сағатының түрі: Конференция сабақ

    Тәрбие сағатының жоспары:

    а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

    ә) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі

    б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

    в) Суарылған ядролық темірмен

    г) « Невада Семей » қозғалысы

    д) Қорытынды бөлім

    Тәрбие сағатының барысы:

    Кіріспе сөз мұғалім: Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толады. Бұл полигонның жабылуына ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған “Невада- Семей” қозғалысы үлес қосқаны мәлім.Баршамызға белгілі ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы күннен –күнге нашарлап барады. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 500 шаршы шақырым жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

    1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

    Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

    Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

    Олай болса келесі кезекті экрандағы слайдқа назар аударайық.

    Сөз «Табиғат жанашырларына » беріледі.

    1-оқушы:Ей адамдар,

    Күн мен гүлден жаралған

    Тіршілік иесі-

    Жер анаға қараңдар!

    Зор қайғыдан күрсінгенде

    «Аһ» ұрады дүние.

    Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

    Сонда болар кім ие?

    2-оқушы:Уланса ауа

    Уланамыз бәріміз.

    Уланса су

    Уланатын тағы біз.

    Уланса жер

    Уланады өсімдік.

    Уланса мал

    У тарайды бізге де.

    Улы затпен күреспейміз біз неге?

    3-оқушы:Аз ба мынау жер бетінің

    жарасы,

    Семей менен Сарыөзекке қарашы.

    Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,

    Ыңырсиды қазағымның даласы.
    4-оқушы:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

    Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

    Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,

    Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

    Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,

    Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың!

    а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

    Невада – Семей полигонының инфрақұрылымы ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы – 18 500 шаршы шақырым, периметр - 600 км - ге жуық. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО - да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық - шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми - зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.

    ә) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі.

    Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

    1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

    Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

    Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

    Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.

    б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

    Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

    Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

    Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

    Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

    1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

    Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Көптеген адамдар қатты қиналып ,белгісіз аурулардан көз жұмды.Отбасыларында құбыжық сәбилер пайда болды.

    Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

    Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

    Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

    в) Суарылған ядролық темірмен

    Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.

    1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

    Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршілес аймақтарында сезілді.

    1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.

    г) « Невада Семей » қозғалысы

    Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан болғандығы ма?

    1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Бұл еріктілік негізінде құрылған ұйым.Қозғалыстың негізгі мақсаты-ядролық құралды және соғысты адамзат өркениетінен аластау,ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау,табиғатты,адамзатты,мәдениетті қайта туындату.Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық. Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын!» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында,телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады.Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

    Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 29 тамызы.

    Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

    Олай болса қорыта келе қандай ой түйдіңдер?

    Табиғаттың панасымыз-

    Түйіп айтар сөзіміз.

    Табиғаттың панасы-

    Біздің мына өзіміз.

    -Табиғатты қорғауға, өсімдікті жұлмауға, Ант етеміз!

    -Құстарды атпауға, балапанын сатпауға, Ант етеміз!

    -Білім ордасын аялап,мектеп мүлкін қорғауға,тазалықты сүюге,санамызға түюге, Ант етеміз!

    -Жер біздің алтын бесігіміз,асыраушы анамыз.Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да,тұрған ортамызды да солай аялай, сүйе білейік.Бір ағаш сынса,он ағаш отырғызайық.

    -Табиғаттың тағдыры өз қолымызда.Табиғатты аялайық,жас достар!

    Қорытынды мұғалім сөзі: Бүгінгі шағын болғанымен, құнды мәліметтерге толы конференциямыздан біраз мағлұматтар алды деген ойдамыз: Қазақ ежелден бәріне үлкен жүрегін айқара ашып, ауырды арқалап, қиыншылықпен күресе білген, өз бетіне малын бағып, тіршілігін көріп, бейбіт ғұмыр кешкен қонақжай халық.Ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен, қан мен терді бұл дарқан сары далаға төгіп, жерді аман – есен сақтап қалу үшін ата бабаларымыз өз жандарын пида еткен. Қазақстан жерінің әр топырағы қасиетті. Ал жерде жатқан қайсар батырларымыздың асыл сүйектерінің үстінен 40 жыл бойы сынақ жүргізу ол өте үлкен күнә болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев « дамыған, қуатты, 50 алпауыт елдің қатарына кіреміз » - деген жоспарын іске қалай асырамыз, егер артымызды түгендеп, жамай алмай жатсақ. Бұл тек біздің мәселе емес, бұл жаһандық мәселе болып отыр.

    Семей полигонының жабылғанына биыл – 25 жыл

    Айымгүл ӘБІЛЕВА,24 тамыз 2016 ж 13:22

    Осыдан 25 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі бұл.
    Семей сынақ полигоны – әлемдік қарулану бәсекесінің салдары.  Жапонияда алғаш рет атом бомбасын жарған АҚШ-тың күштілігін мойындағысы келмеген КСРО өз бомбасын жасап, оны сынау үшін қазақ жерінде полигон ашады. Сынақ алаңы бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды.

    Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы шақырым «тәжірибе алаңын» дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. Салынған пана-жайлардың көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар – қойлар, шошқалар, иттер кіргізілді. Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық – үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанармай құйылған вагондар мен цистерналар тұрды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын зерттеу үшін дайындалды.



    Сонымен, 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын алғашқы жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда атом бомбасын ұшақтан тастап жару, ал 1953 жылғы 12 тамызда термоядролық құрылғы сыналды. 1955 жылы 22 қарашада сутегі бомбасы жарылды. 1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сыналды, 1963–1988 жылдары жыл сайын 14–18 сынақ өткізіліп, жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Жалпы, 1949 жыл мен 1989 жыл арасында 456 ядролық сынақ (616 жарылыс) жүргізілген. Осылайша, Семей аймағында 40 жыл бойы сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Сондағы зардабын ойлана беріңіз...





    Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластады. Ядролық сынақтардың салдары сол жерде тұратын адамдарға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Жарылыстан радиация алған мыңдаған адам қатерлі ісік, иммунды жүйе мен қан құрамының бұзылуына байланысты  ауруға шалдығып, көптеген сәби дүниеге жарымжан болып келді.  Жалпы, бұл радиациядан зардап шеккендердің саны 2 млн адамнан асады.



    Қазаққа орасан қайғы-қасірет әкелген полигон Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 1991 жылы жабылды. Осылайша полигонда 40 жылдан астам жүргізілген жарылыстың үні мәңгіге өшті.

    «29 тамыз күні адамзаттың игілігі үшін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жапты. Бұл, әрине, ең алдымен Қазақстан халқы мен оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі әрі ерлігі. Осы күн - ең алғаш рет бейбіт атомды дамытуға негіз салынған күн», - дейді Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков сұхбаттарының бірінде.

    Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ойлаған Мемлекет басшысы АҚШ, Ресей, Франция елдерінің басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Ядролық державалар (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы күш көрсетпеу жауапкершілігін мойнына алып, экономикалық қысым жасамайтынына сендірді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ жерінен шығарылды. Осылайша, Қазақстан адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде белгілі болды.



    1992 жылы мамырда Семей полигонының базасында Курчатов қаласында ұлттық ядролық орталық құрылды. Орталық мамандары бейбіт атомды дамытуды, ал ядролық қаруды таратпауды насихаттап келеді.



    

    Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.

    BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

    BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

    - басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.

    - Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

    Тестовая работа по теме «Наречие»


    1 вариант
    1. Какие слова являются наречиями?
    А) завтрак; Б) завтра; 
    В) завтрашний; Г) позавтракав.
    2. Отметьте словосочетания с наречиями в сравнительной степени.
    А) она красивее всех Б) говорил более ярко
    В) прыгай выше всех Г) можно поступить 
    Проще
    3. Укажите слово, в котором необходимо поставить мягкий знак:
    А) училищ… Б) невтерпеж….
    В) кирпич… Г) сплош….
    4. В каких наречиях пишется одна буква Н?
    А) излиш…е раскован Б) рискова…о поступил
    В) испуга…о вздрогнул Г) безвкус…о одет
    5. В каком словосочетании есть существительное с предлогом?
    А) сдуть пылинку(с)плеча Б)говорить (на)чистоту
    В) быть (за)мужем В) опустить вуаль (на) лицо
    6. В каком из данных слов дефисное написание?
    А) (по)больше принести
    Б) (по)прежнему жить
    В) (по)красивее написать
    Г) (по)немногу сделать
    7. В каком случае НЕ с наречиями пишется раздельно?
    А) (не)выносимо жарко
    Б) говорил вовсе (не)ласково
    Г) (не)высоко взлететь
    Г) рассчитать (не)точно
    8. В каком слове ударение падает на второй слог?
    А) досыта Б) привезена
    В) донельзя Г) поднятый 
    9. В каких наречиях есть дефис между частями слова?
    А) бок(о)бок Б) (в)перемежку
    В) точь(в)точь Г) (благо)получно


    2 вариант
    1. Какие слова являются наречиями?
    А) вчера; Б) вчерашний; 
    В) вечерело; Г) вечерний.
    2. Отметьте словосочетания с наречиями в сравнительной степени.
    А) стало легче Б) действовал увереннее
    В) брат сильнее меня Г) сделал лучше всех
    3. Укажите слово, в котором необходимо поставить мягкий знак:
    А) наотмаш… Б) горяч….
    В) замуж… Г) зрелищ….
    4. В каких наречиях пишется одна буква Н?
    А) облегче..о вздохнул Б) вниматель..о читал
    В) сделать естестве..о Г) медле..о идти
    5. В каком словосочетании есть существительное с предлогом?
    А) факты (на) лицо Б) рубит (с)плеча
    В) стоять (за)мужем В) повернуться (на)бок
    6. В каком из данных слов дефисное написание?
    А) сделать (по)своему
    Б) (по)весеннему снегу
    В) (по)летнему наряду
    Г) сделать (по)старинке
    7. В каком случае НЕ с наречиями пишется раздельно?
    А) (не)истово защищался
    Б) говорил (не)многословно, а кратко
    Г) (не)обдуманно поступил
    Г) прочитал (не)громко
    8. В каком слове ударение падает на второй слог?
    А) досуха Б) красивее
    В) сослепу Г) понятый
    9. В каких наречиях есть дефис между частями слова?
    А) (давным)давно Б) (в)попыхах
    В) (по)утреннему звонку Г) кое(с)кем



    написать администратору сайта