ата анамен треннинг. Трбиені е тамаша ортасы Отбасы тренинг. Масаты
Скачать 17.01 Kb.
|
«Тәрбиенің ең тамаша ортасы – Отбасы» - тренинг. Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру. Тәрбиеші мен отбасы арасындағы қарым-қатынас стратегиясын арттыру. Әдістері: Пікір алмасу, сұрақ жауап, психологиялық жаттығулар, ойындар. Тренинг бағдарламасы: 1. Танысу жаттығуы: «Есімдер аллитерациясы» 2. Ой жинақтау 3. Қызықты сұрақтар 4. Ойын «Жұбыңды тап» 5. Тест «Жұмыртқа» 6. Мүсінді құрастыр 7. Жүректен жүрекке! Тренинг барысы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Тәрбиенің ең тамаша ортасы - отбасы» атты тренингке қош келдіңіздер! Ата – ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал осы ұл - қызымызды тәрбиелеуге үлес қосып отырған тәрбиешілерді түсіне аламыз ба? Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырып демеуші ата - ана. Олай болса, сіздер мен біздер бірлесіп бір ауыздан жұмылып жұмыс жасасақ, біз алмайтын қамал жоқ, - деп ойлаймын. Ал, Іске сәт! 1. «Есімдер аллитерациясы» Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен ақкөңіл – Ақмаралмын. Мен гүлдей - Гүлнармын Мен көңілді – Көркеммін. -Осы қасиеттеріңіз әрқашан өздеріңізге жолдас болып, тек жақсы қасиеттерімізді қабылдап жүрейік! 2. Ой жинақтау Үш топқа тақырып беріледі. Ата - аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I. Бала – білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата - ана қандай жағдай жасауы керек? II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе? III. Тәрбиеші мен ата – ана байланысының тиімділігі бар ма? 3. «Қызықты сұрақтар» 1. Балаңыздың сүйікті түсі? 2. Тәрбиешілерінің толық аты жөні? 3. Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай? 4. Қандай жануарды жақсы көреді? 5. Балаңызды қалай еркелетесіз? 6. Балаңыз сізге қалай еркелейді? 4. Ойын: «Жұбыңды тап» Мақсаты: Сөзсіз қарым - қатынасқа шақыру, ауызбіршілікке бірлесіп жұмыс істеуге шақыру. Қатысушыларға бүктелген қағаздар таратылады. Ол қағаздың ішінде 2 данадан аңдардың аты жазылған. Кімге қандай аң келсе, сол аңның іс - әрекетін іс - қимылмен салып өзінің жұбын тауып алуы керек. 5. Тест «Жұмыртқа» - Балаға жақсы тәлім-тәрбие бере отырып, олардың шығармашыл, жеке тұлға ретінде рухани құндылықтарды бойына сіңірген адам ретінде тәрбиелеу – сіздер мен біздердің басты міндетіміз. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының ұйтқысы, баланы өсіріп-тәрбиелеу – ата-ананың тікелей міндеті, әке мен шеше - отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. Олай болса, мен сіздермен «Жұмыртқа» тақырыбында тест жұмысын жүргізгім келеді. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар. Сіздер экраннан динозавр, жылан, тауық және тасбақаның жұмыртқасын көріп отырсыздар. Қазір әйқайсыңыз өз қалауларыңыз бойынша бір жұмыртқаға таңдау жасайсыздар, осы таңдау бойынша сіздердің бойларыңыздағы ерекше қасиеттерді танып білеміз. Жылан – ақыл мен жасырын байлықтың символы және осындай қасиеттерге ие болуды армандайды. Айналасына қарапайым махаббат пен сезім шуағын таратады. Тасбақа – байлық пен ұзақ өмір сүрудің символы. Сіздің қалауыңыз – отбасы мүшелерінің денсаулығының мықтылығы. Динозавр – сіз ерекше тұлға болуды қалайсыз, қоғамның бір қалыпты тәртіпке бағынғаны дұрыс деп ойлайсыз. Қоғамға қарсы пікірді ашық айтасыз. Тауық – сізде ертеңгі күнге сенімділік және қарапайым қуаныш жеткілікті. Балапандарыңыздың еңбек етіп, табыс тапқанын қалайсыз. 6. «Мүсінді құрастыр» «Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру бағыттары» - ата-анаға тапсырма. Ойын шарты: Таңертеңгілік балаңыз балабақшаға қуанышты көңіл-күйде келу үшін, балабақша ауласында балаға ерекше әсер ететін қандай мүсін болғанын қалар едіңіз? (ата-аналарға әртүрлі мүсін бейнесін жасату). 7. «Жүректен-жүрекке!» (Ата-аналардың бала тәрбиесі туралы ойы) Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Ал тәрбиеші мен ата - ананың психологиялық үйлесімділігі бақытты өмірге апарар ізгі жол... КМҚК «Әсем» ясли бақшасы Ата-анамен тренинг: «Тәрбиенің ең тамаша ортасы - Отбасы» Психолог: Төребекова А.Қ. Құлсары қаласы 2017-2018 оқу жылы |