Главная страница
Навигация по странице:

  • Ахан

  • Хор: «Күз тамаша»

  • Рамадан

  • Хор: «Кап кап, тук тук тук» әні

  • «Күз жомарт» әні. Орындайтын: Елтай Айым

  • Айзере

  • Айым

  • Хор: «Бала бала балапан» әні

  • Аянат

  • Тәрбиеші

  • Ойын: «Күн мен Жаңбыр»

  • Балалар және күз. Трбиеші Армысыдар, ардаты онатар, ата аналар, ріптестер жне бізді кішкентай блдіршіндер! Табиатты бізге берер байлыы мен берекесін сыйлауа сары алтын кзіміз таы келді.


    Скачать 14.95 Kb.
    НазваниеТрбиеші Армысыдар, ардаты онатар, ата аналар, ріптестер жне бізді кішкентай блдіршіндер! Табиатты бізге берер байлыы мен берекесін сыйлауа сары алтын кзіміз таы келді.
    Дата24.01.2022
    Размер14.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБалалар және күз.docx
    ТипДокументы
    #340480

    КМҚК «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы



    Орындаған тәрбиешілер: Шапиева Б.Е

    Рысқалиева Г.Р

    2021-2022 оқу жылы

    Тәрбиеші: Армысыңдар, ардақты қонақтар, ата аналар, әріптестер және біздің кішкентай бүлдіршіндер!

    Табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлауға сары алтын күзіміз тағы келді. Мерекеміз құтты болсын! Бүгін біздің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасындағы «Балалар және күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

    «Алтын күз» мерекесіне арналған тақпақтардан шашу шашайық:

    Ахан: Берекесін сыйлауға

    Өлкемізге күз келді

    Жемістерін жинауға

    Шақырады біздерді

    Айбибі: Алма пісіп алмұрт түсіп

    Күзгі бақтар жайнайды.

    Хор: «Күз тамаша»

    Алинұр: Құстар қайтып, хош айтысып

    Қимас үнмен сайрайды.

    Айсана: Сарғайды тоғай

    Сап сары маңай

    Соңғы әнін айтып

    Құс кетті қайтып

    Рамадан: Күздің қазан айында

    Алма, алмұрт піседі

    Жапырақтар сарғайып

    Сыбдыр сыбдыр түседі

    Ботакөз: Күзгі бақта күлімдеп

    Көз тартады атырап

    Хор: «Кап кап, тук тук тук» әні

    Әлиәскер: Алтын сары қызыл көк

    Алуан алуан жапырақ

    Ақтілек: Жарқыраған сәулелі

    Күз әуені төгілді.

    «Күз жомарт» әні. Орындайтын: Елтай Айым

    Аңсарбек: Сап сары қып даланы

    Бояптығой күз деген

    Құстар қанат қағады

    Қоштасқандай бізбенен

    Айзере: Думан толы асқарлы

    Күз мезгілі басталды

    Биші қыздарымызбен «Жапырақтар» биі. Тамашалаңыздар!

    Қайсар: Келді көшіп комбайн

    Алтын дария егінді

    Жинап маржан бидайын

    Күзіміз неткен көңілді

    Айым: Жетті желмен алтын күз

    Жеміс жинау салтымыз

    Жиып теріп болған соң

    Той жасайды халқымыз

    Аяулым: Келді міне Алтын күз

    Айнала сары түс

    Хор: «Бала бала балапан» әні

    Азат: Керемет тамаша

    Қандай әсем күз

    Раяна: Жеміс жидек пісті

    Қамбаға астық түсті

    Аянат: Жүзім алма жинаймыз

    Алтын мақта тереміз

    Айжан: Күз мезгілі тамаша

    Көз тоймайды қараса

    Бір топ қыздар: «Ұзын құлақ сұр қоян» әні

    Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің білімін тексерейік. Сұрақ жауап беру керек.

    Тәрбиеші: Балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.

    Балалар (хормен): Келші келші алтын күз

    Келші келші жарқын жүз

    Мерекені жалғастырып

    Ойнап күлші алтын күз

    Мерекелік көңіл күймен залға «Күз ханшайымы» себетін арқалап келеді. Себетінде күзге арналған базарлық жемістер, көкөністер салынған.

    Күз ханшайымы: Армысыңдар ма бүлдіршіндер! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріңе әкелдім күздің сыйын көз тартар!

    Бұл сыйды балалар еңбек етіп тер төгіп алулары керек. Өйткені күздің сыйлары жемістер де көкөністер де тек адамдардың еңбегінің арқасында болады.

    Тәрбиеші: Ендеше балалармен ойын ойнап жіберейік.

    Ойын: «Тез жина»

    «Құлыншақ» әні Елтай Айым

    Балалар Күз ханшайыммен бірге бір ойын онып жіберейік.

    Ойын: «Күн мен Жаңбыр»

    Тәрбиеші: Дала қандай керемет

    Сары түске боянды

    Қызыл жасыл жапырақтар

    Бір ұшып бір қонады

    Күзде жаңбыр жауады

    Күзде желде тұрады

    Жапырақтар жерге қарай

    Жел мен бірге ұшады

    Балалар құрметті қонақтар «Балалар және күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі күз мерекесін бірге амандықта қарсы алайық!


    написать администратору сайта