|
тарбие сагат. Трбиеші Тасимова . А білім беру саласы Таным йымдастырылан оу ызметі оршаан ортамен таныстыру
Тәрбиеші:Тасимова Ә.А
Білім беру саласы « Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Су- тіршілік көзі»
Мақсаты: Балалардың су туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Тәжіриебе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: иіссіз, түссіз, мөлдір мұз.
Тәрбиелілігі: суды үнемдеуге, ластамауға тәрбиелеу.
Методикалық әдіс – тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын, тәжірибе жасату, топтастыру,венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: суреттер(мұз, су, қасық тәжірибеге) слайд, видео.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
| Тәрбиешінің іс - әрекеті
| Балалардың іс – әрекеті
| Себептің туғызушылығын ояту кезеңдері
Ұйымдастыру-шылық кезеңі
Іздену барлау
Рефлэксивті түзетуші
Сергіту сәті
Венн диаграммасы арқылы «не дұрыс, не бұрыс» дидактикалық ойын.
Іс – әркетті бағалау кезеңі
| - Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің оқу іс –әрекетімізге балбақшаның апайлары қатысып отыр.
- Ендеше орнымыздан тұрып, апайларға амандасып алайық.
- Ал, енді балалар барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық.
«Шаттық шеңбері»
Күндей жарқырып,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырып,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі оқу іс –әрекетін бастаймыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қане кім айтады? Дұрыс айтасыңдар қазір қыс мезгілі. Ал маған қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші? Дұрыс, қыста қар жауады, аяз болып боран соғады. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер сол жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.
Дәміде жоқ,
түсіде жоқ,
пайдаланбас кісі жоқ ол не балалар?
Дұрыс балалар, әрине су. Ал, ендеше бүгінгі оқу іс- әрекетінің тақырыбы « Су - тіршілік көзі»деп аталады. Бүгін судың пайдасы туралы білетін боламыз. Балалар су дегеніміз не? Ал, балалар сендер сумен не істейсіңдер?
Дұрыс айтасыңдар балалар бізге судың пайдасы өте көп.
Қане бәріміз тақтаға назар аударайық? ( су туралы қысқа видео көрсетем)
Нені көріп тұрсыңдар? Ағып жатқан суды көрдік, судың дыбысын естідік. Су барлық жерде болады өзенде, көлде болады. Балалар біз сусыз өмір сүре алмаймыз. Судың пайдасы өте көп Балалар бәріміз тақтадағы суретке қарап, судың адамға не үшін қажет екенін айтайық?
Сурет
Кім айтады? Суреттегі кім? Айнұр не істеп жатыр? Дұрыс балалар,
Айнұр суды ішіп жатыр, суды біз шөлдегенде ішеміз.
2 сурет.
Ал мына суретте кімдер? Ал, балалар Айнұр мен Гүлназ не істеп жатыр? Дұрыс балалар суды біздер жуынуға, шомылуға пайдаланамыз. 3 сурет Балалар мына суретте кімді көріп тұрмыз? Дұрыс балалар, бұл суретте өзіміздің Роза Серікқызын көріп тұрмыз. Роза апай не істеп жатыр? Балалар өте тамаша дұрыс айтасыңдар, суды біз күнделікті ыдыс жууғада пайдаланады екенбіз. 4 Сурет Ал енді балалар сурттен тағы кімді көріп тұрсыңдар? Жанар апай не істеп жатыр деп ойлайсыңдар? Дұрыс балалар суды біз кір жуғанда да пайдаланады екенбіз. 5- сурет Балалар суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? Айназ бен Бану не істеп жатыр? Дұрыс балалар судың пайдасы көп, суды біз гүлдергеде де құямыз екен. 6 –сурет Ал, балалар мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар? Иә, дұрыс балалар бұл біздің аспазшы апайымыз. Аспазшы апай не істеп жатыр? Дұрыс балалар, тамақ пісіріп жатыр екен. Ал енді тамақты немен пісіреді деп ойлайсыңдар? Дұрыс, тамақ пісіргендеде суды пайдаланамыз. Ал енді, судың кімге не үшін қажет екенін білесіңдерме? 7- сурет.
Сурет бойынша жеке- жеке әңгімелетемін.
Көрдіңдерме балалар судың пайдасы өте көп. Суды біздер ішеміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз, кір жуамыз,өсімдіктерге құямыз, тамақ пісіреміз. (слайд) Сусыз адам тіршілік ете алмайды, сондықтан « су – тірршілік көзі» деп атаймыз. Балалар су өмір бойы айналымда жүреді. Ол жаңбыр мен қармен жерге түседі, сосын буға айналып, арық болып өзенді құрайды, бу болып аспанға ұшып жерге қайта оралыды екен. Ал енді балалар біздер су туралы суреттер арқылы әңгімеледік. Ал , енді осы судың қасиеттерімен танысайық. Ал енді балалар, менің қолымдағы стақандағы не ? Стақандағы су қандай? Су мөлдір, таза ,исі жоқ, дәмі жоқ. Ал енді көзімізді жұмайық. (стаканға қасық саламын) Балалар стаканда қасық көрінеме? Су мөлдір екен. балалар менің қолымда мұз бар. Осы мұздан су алуға болады. Мына мұзды алақандарыма салып уқалаймын. Сонда мұз суға айналады. Ал, енді балалар шеңберге тұрып, ортадағы мұздан қалай су алуға болады, ол үшін бәріміз келіп мұзыды алақанымызбен сипайық. Не сезіндік балалар? Алақанымыз су болдыма? Дұрыс, демек мұзды жылы жерге әкелсек, ол еріп суға айналады екен.
Балалар бір сергіту сәтін орындап жіберейік.
( сергіту сәті видеомен көрсетіледі)
Дидактикалық ойын:
Балалармен сурет арқылы « не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнаймыз.
Сонымен балалар бүгін біз немен таныстық? Сусыз адам өмір сүре алама? Дұрыс балалар, сусыз өмір сүре алмайды, судың пайдасын білдік,су табиғаттың бізге берген сыйы. Сондықтан да, суды төгіп – шашуға болмайды, суды үнемдеп төкпей –шашпай пайдаланайық. Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Сендерге рахмет, менің сендерге арналған сыйлығым бар. Осымен оқу іс- әркетіміз аяқталды.
| Балалар онынан тұрып амандасады.
Балалар шаттық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын бірге қосылып айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қыс мезгілі. Қар жауады, күн аяз болады.
Жұмбақ шешеді:
Әр бала бір – бірден жауап береді. Иә. Суды ішеміз, Сумен жуынамыз
Балалар судың пайдасын тыңдап отырады.
Айнұр Айнұр су ішіп жатыр.
Айнұр мен Гүлназ Роза апай
Айназ, Бану Гүлге су құйып жатыр
Аспазшы апай Тамақ пісіріп
мұздың суға айналатынын түсінеді.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар сурет арқылы не «не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнайды.
Балалар жауап береді
| Күтілетін нәтиже:
Нені білді: судың пайдасын білді. Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз білді.
Нені меңгерді: ойын арқылы судың пайдасын мегерді.
Нені орындады: тәжірибе арқылы судың қасиеттерін анықтап, орындады.
|
|
|