Триггер. Триггерлер. Триггерлер
Скачать 152.78 Kb.
|
Триггерлер Триггер – жұмысы екі күйге негізделген және ақпаратты 0 немесе 1 бірлік ретінде сақтауға болатын, компьютер жадының негізгі элементі. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, компьютердегі жадлы регистрлері, тұрақты және жедел есте сақтау құрылғылары осы триггерлерден тұрады. Триггерді қарапайым логикалық элементтерден құруға болады. Қазіргі заманғы электроникада триггерлер логикалық элемент негізінде құрылған микросхема түрінде орындалады. Триггерлерді функционалды белгісі және басқару әдісі бойынша топтауға болады. Функциональды белгісі бойынша триггерлер RS, Т, D, JK болып бөлінеді. Басқару әдісі бойынша – асинхронды және синхронды. Синхронды триггерлерде ақпарат тек синхросигнал болғанда жазылады. ал асинхрондыды – кез-келген уақытта. Одан басқа, триггерлер бір тактты және екі тактты болады. Бір тактты тригерлерде жазба сигнал жазбасының алдыңғы фронтымен жүргізіледі, ал екітактты – артқы фронтымен жүргізіледі. Бір тактты асинхронды RS-триггер. Біртактты асинхронды RS-триггердің қарапайым сұлбасы: RS-триггердің шартты бейнесі Бұл триггер S=1; R=0 ақпараттық сигналдарымен 1 (Q=1) жағдайына және S=0, R=1 сигналдарымен О (Q=0) жағдайына орнайды. R=S=1 сигналдар комбинациясы тиым салынған, яғни триггер жағдайы анықталмаған. 1-Таблицада триггердің бір жағдайдан басқа жағдайға өтуін көрсетеді. Бұнда Rt, St, Qt -сигналдардың ағымдағы жағдайы, Qt+1 – R және S ақпараттық сигналдары түскеннен кейінгі шығыс сигналы. Таблица 1 Бір тактты синхронды RS-триггер. Асинхрондыға қарағанда бұл триггер әрбір ақпараттық кірісте қосымша ұқсастық сұлбасына ие, бірінші кірістер біріккен және оларға синхронды сигналдар түседі. Екінші кірістер ұқсастық сұлбасы ақпараттық болып табылады. Шартты бейнесі Т-ТИПТІ ТРИГГЕР Т-типті триггер(ағылш. Tumble- аударылу ), немесе сандық триггер. Бұл триггерде бір ақпараттық кірісі бар және қарама – қарсы жағдайға, оның әрбір кезектегі сигнал кірісіне әсер етуі нәтижесінде өтеді. 5.2 Суретте екітактты асинхронды Т-триггердің сұлбасы көрсетілген. 6.2 суретте оның шартты бейнесі. T=1 болғанда инвертор шығысында сигнал 0-ге тең және Т-2 триггер жағдайы өзгермейді, өйткені Q-1, Q-1 шығыстарынан Т-2-ге сигналдар өтпейді. JK- триггер Бұл әмбебап триггер, J және К ақпараттық кіріс және С синхронды кіріске ие. JK триггер екібаспалы Т триггерден үшкірістік элементті қолдану жолымен алады. Теориялық мәліметтер осымен аяқталды, енді практикаға көшіп, бір тактты синхронды RS-триггердің жұмысын зерттеп көрейік: Жұмыстың орындалу барысы: 1. Ол үшін ELECTRONIC WORKBENCH схемотехникалық моделдеу бағдарламасын жүктеп аламыз. Electronic Workbench (EWB) жұмыс ортасында триггердің сұлбасын жинаймыз. Триггердің жағдайын бақылау үшін Probe индикаторлық элементін қолданамыз. Ақпараттық сигналдарды беру үшін Сөздер генераторын (Word Generator) қолданамыз. Уақытша диаграммаларды түсіру үшін Сигналдар анализаторын(Logic Analyzer) пайдаланамыз. 2. Сөздер генераторына ақпаратық сигналдар тізбегін 2-таблицаға сәйкес жазамыз. Таблица-2 Ол үшін: А) Сөздер генераторының пиктограммасын тышқан батырмасымен екі рет шертеміз. Ашылған терезеде баптау элементтері бар басқару панелі ашылады. Жоғарғы нольдік қатар он алты ақпараттық сигналдардың тізбегін көрсетеді. Әрбір горизонтальды қатарға, генератордың төмен жағында орналасқан, өзінің шығысы сәйкес келеді. Б) Нолінші және бірінші қатарды алып, сәйкесінше S және R кіріске ақпараттық сигналдар тізбегін қоямыз. 3. Статикалық режимде триггерді зерттеуді орындаймыз. Ол үшін: А) генераторда STEP батырмасын шертеміз; Б) RUN батырмасын шертеміз. Триггер кірісіне ақпараттық сигналдар түседі. Триггердің шығысына қосылған индикаторлық элементтер оның жағдайын көрсетеді. STEP батырмасын кайталап шерту арқылы шығыс сигналдарын алып тұрамыз. С) Шыққан шығыстарға сәйкес таблицаны толтырамыз. Енді Т-триггердің жұмысын зерттесек: 1. Т – триггер сұлбасын жұмыс үстелінде құрамыз. Триггердің уақытша диаграммасын түсіреміз. 2. Шығыстарға сәйкес кестені толтырамыз. |