презент7сынып - Әуезхан А.Ж. Трлендіру. здік сбр мектепшілік байуы Саба таырыбы Эстафеталы ойындарды
Скачать 2.02 Mb.
|
7 сынып Сабақ тақырыбы: Эстафеталық ойындарды түрлендіру. Үздік СБР мектепшілік байқуы Сабақ тақырыбы: «Эстафеталық ойындарды түрлендіру» 7 сынып Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Әуезхан А.Ж. Арқалык қаласы - 2021 жыл Сынып: 7 сынып Мұғалімнің аты-жөні: Әуезхан А.Ж Сабақ тақырыбы: Эстафеталық ойындарды түрлендіру. Оқу мақсаттары: Уақыт: 45 минут Өткізілу орны: Спорт зал Инвентарь: баскетбол добы,волейбол добы,фишкалар,конустар,секіртпе(скакалка),проектор. 7.3.5.5. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу. Сабақ мақсаттары: Дене жаттығуларының түрлерін жасай алады,эстафеталық ойын түрлерін біледі эстафеталық ойындар арқылы дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды біледі. Күні:19.10.2021 1. Арқалық қаласы. «Кім жылдам» ойынының шарты: Жолдағы кедергілерден ирек жүгіру әдісі бойынша шарлармен жылдам жүгіріп келу. Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналып, сөреге жеткенше ойын шартын толық орындау қажет. Команда ойыншылары қарсыласын жеткенше күтуі қажет. 2. Амангелді ауданы. «Допты жерге соқ» ойынының шарты: Допты (баскетбол добы) жерге соғып, кедергілер арасынан ирек жүру әдісімен жылдам жүгіріп апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жылдам жүгіру. Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын дәл сол жерден жалғасын табу керек. 3. Торғай селосы.Кім жылдам,әрі епті. Секіртпе жіппен секіру.(скакалка) Сөре сызығының бойында тұрған 3 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады. Қай команда көп баскетбол добын жинайды сол команда алда болады. 4.Қостанай қаласы.Секір де,жүгіре жөнел. «Қосаяқ» ойынының шарты: Допты (волейбол добы) аяқ ортасына қыстырып, қос аяқпен секіріп апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жүгіру. Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын дәл сол жерден жалғасын табу керек. 5. Нұр-Сұлтан қаласы. ойынының шарты: Команда капитандары шеңбердің ортасында тұрады.Шеңбердің сыртындағы топ мүшелері допты түсірмей қағып алу қажет.Допты бірінші болып көтерген команда жеңіске жетеді. Қай команда көп баскетбол добын жинайды сол команда алда болады. 6. Арқалық қаласы.«Допты қағып түсір». « Команда тізбегі» ойынының шарты: Команда мүшелері тізбек бойынша қатарласып тұрады. Топ басшысы берілген допты (волейбол добы) келесі ойыншыға жоғарыдан береді. Ойын тізбек толық тізбек орындалғанша жалғасады. Ескерту: Допты жерге түсіруге болмайды. Доп жерге түскен сайын ұпай саны шегеріледі.
|