ЕРЕЖЕ. Тртіпсіз ел болмайды, тртіпке бас иген л болмайды Бауыржан Момышлы! Ереже
Скачать 15.56 Kb.
|
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» Бауыржан Момышұлы! ЕРЕЖЕ «Бақты» кеден бекетіне кезекпен біржолғы талонмен кіру тәртібі туралы 1. Талон - Бахты ауылдық округ әкімшілігінде жүк көлігінің жүргізушісінің жүргізу куәлігімен жүк көлігін тіркеу куәлігі ұсынған және жүк көлігінің келіп тұрғанына көз жеткізген кезде ғана беріледі. 2. Талонды Бахты ауылдық округ әкімі немесе онымен белгіленген уәкілетті тұлға тегін береді. 3. Күнделікті берілген талонның есебі негізінде тізім жасалып, оған Бақты ауылдық округ әкімі, учаскілік полиция инспекторы және елдің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар (брокерлерлер) өкілімен немесе өкілдерімен қол қойылып, бекітіледі. 4. Тізім күнделікті бір күн бұрын №2086 әскери бөлімінің шекаралық бақылау бөлімшесіне жолданып отырады және олар жүк көліктерін Тізім бойынша өткізуі тиіс, Тізімде көрсетілмеген жүк көліктері кезекті сақтамай, өтуге талпынған жағдайда оларды өткізбей, орнатылған тәртіпті бұзғаны туралы полицияға хабарлауы тиіс. 5. Күнделікті талон 70 жүк автокөлігіне беріліп отырады және олар тізімде көрсетілген орны бойынша сағат 08:00-12:00 аралығында 1-35 номерлер, сағат 13:00-17:00 аралығында 35-70 номерлер бойынша өтеді. 6.Талонда көрсетілген уақытта жүк автокөлігінің келмеген жағдайда келесі кезектегі жүк автокөлігі өтеді, ал талондағы уақыты бойынша бақылау пунктінен кезегі бойынша өтуі керек, бірақ кеден бекетінің жұмыс істеу уақыты аяқталуына байланысты болса, ол келесі күні кезектен тыс Тізімдегі орны бойынша алғашқы қатарда өткізілуге жатады. Аталған, яғни өте алмай қалған жүк көліктерінің тізімін №2086 әскери бөлімінің шекаралық бақылау бөлімшесі Бақты ауылдық округіне хабарлап отырады. 7. Тізімде көрсетілмеген жүк көліктерінің, арнайы тұрақжайды қоспағанда Бақты ауылының ішінде, көше бойларында, мектеп, әскери бөлім алдарында тұруына болмайды. 8. «Бақты» кеден бекеті жұмыс істемейтін жексенбі күні ДЭУ-24 мекемесімен жол жөндеу және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін «Бақты» кеден бекетімен көпір арасында жүк көліктерінің тұруына жол берілмейді. 9. Осы Ереженің сақталуын және оны сақтамаудан туындаған дауларды Бақты ауылдық округ әкімінің, учаскілік полиция инспекторының және елдің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың (брокерлерлер) қатысуымен шешілуі тиіс. 10.Аталған Ереже барлық жақтардың талап-тілектерін ескеріп жасалды және Ереженің сақталуын олар бір-бірінен талап ете алады. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» Абай Құнанбайұлы Анықтама: «Таскескен-Бахты» республикалық маңызы бар тас жолының 5 км қашықтығы Бахты ауылының орталық көшесі болып табылады, оның 517 метр жері бақылау пунктінен көпірге дейінгі арақашықтық. Бахты ауылындағы халық саны 2378 адам, 656 үй. Ауылда сыйымдылығы 500 машина арналған 5 тұрақ бар. |