олимпиада тапсырмасы. Химия пәнінен олимпиада тапсырмалары (7-сынып). Тсінік хат Химия
Скачать 239.13 Kb.
|
Түсінік хат «Химия» пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары берілген. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға жол ашады деген ойдамын. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалған жұмыс. Әртүрлі тақырыптар қамтылған, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалды. Өзгертіп қолдануға болады деген ұсыныс білдіремін. Жауаптары, бағалау критерийлері және орындар беру балы көрсетілген. «Химия» пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған олимпиада тапсырмалары (Уақыт-60 минут) Сәттілік тілеймін! Тапсырма 1. (4 балл) Жай зат, көптеген изотоптары бар элемент. Ол жалын және түтін шығармай жанады. Оттекпен шатырлап жану тән болып табылатын металл. Элементтің атауы, таңбасы және жанғаннан кейін түзілетін заттың атауын немесе формуласын табыңдар. Тапсырма 2. (5 балл) Бір жағынан пайдалы, екінші жағынан зиянды болып табылатын күрделі зат. Бұл залалсыздандырғыш, ол затты ашыту арқылы да алуға болады. Агрегаттық күйі сұйық, көкшіл жалынмен жанады. Салыстырмалы молекулалық массасы 46-ға тең. Заттың формуласын, атауын және салыстырмалы молекулалық массасын шығаруға тырысыңдар. Тапсырма 3. (6 балл) Күрделі реагенттер химиялық реакцияға қатысқанда 2 өнім түзіледі. Бірақ, сырт көзге біртекті қоспа тәрізді болып көрінеді. Ерітіндіні кристалдандыруға болады. Фенолфтолеин индикаторын қолдануға болады деген ұсыныс жасалады. Өнімнің бірі оксид болып табылады, бірақ оны ешкім олай атамайды. Ол ең қарапайым сұйықтық. Түзілген өнімдерді және реакция атауын таба аласыңдар деген ойдамын. 7-сынып химия пәнінен олимпиада тапсырмаларының жауаптары: Тапсырма 1. Элементтің атауы: Темір Элементтің таңбасы: Fe Жанғаннан кейін түзілетін заттың атауы: Темір қағы немесе темір оксиді (оксидтері) Жанғаннан кейін түзілген заттың формуласы: Fe3O4 (Fe2O3*FeO) Тапсырма 2. Заттың формуласы: C2H5OH Заттың атауы: этил спирті немесе этанол Салыстырмалы молекулалық массасы: Mr(C2H5OH) = 12*2+1*5+16+1=46 Тапсырма 3. Түзілген өнімдер: натрий хлориді және су (немесе NaCl + H2O) Реакция атауы: бейтараптану 7-сынып химия пәнінен олимпиада тапсырмаларының бағалау критерийі:
Орын беруге ұсыныс (өзгертулер енгізуге болады) 0-6 балл - орын берілмейді 7-9 балл - 3-орын 10-12 балл -2-орын 13-15 балл – 1-орын |