Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Сұйықтар мен газдардың механикасы
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып: 10
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 10.2.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;
| Сабақтың мақсаты
| Тұтқыр сұйықтардың аққыштығын салыстыру. Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану Торричелли мен Стокс формуласы арасындағы байланысты көрсете отырып, есептерді шығару.Қатты денелердің сұйықтықтардағы қозғалысын зерттеу. Торричелли мен Стокс формулаларын экспериметтік, сандық және сапалық формуланы түрлендіріп, деңгейлік есептерді шығаруда қолдану.
| Бағалау критерийі
| Тұтқыр сұйықтардың аққыштығын салыстырады. Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолданады Торричелли мен Стокс формуласы арасындағы байланысты көрседі, қатты денелердің сұйықтықтардағы қозғалысын анықтайды. Торричелли мен Стокс формулаларын экспериметтік, сандық және сапалық формуланы түрлендіріп, деңгейлік есептерді шығаруда қолданады.
| Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология
тұтқырлық, соңғы жылдамдық, сұйықтық түрлері, Стокс формуласы
Диaлог және жазу үшін пaйдалы фразaлаp:
Оқушылар шариктің тұтқыр ортадағы қозғалысын ауызша сипаттай алады. Оқушылар Стокс және Торричелли формулаларының практикалық қолданылуын талқылай алады
| Құндылықтарға баулу
| Мәңгілік eлдің «Жaлпыға opтақ еңбек қоғамы» құндылығын негізге ала отырып оқушылардың бойынан cыни ойлататын тапсырмалар арқылы eңбекке, мәдениеттілікке, ынтымақтастыққа бaулу.
| Пәнаралық байланыс
| Биология, география, математика
| Алдыңғы білім
| қозғалыс теңдеулері, оны графиктік түрде кескіндеу.
масса, салмақ, тығыздық; инерция;
энергияның сақталу заңы.
Ньютонның заңдары; қолдану: F = ma
сұйықтағы қысым; Архимед заңы.
|
Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
8 мин
| Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал туғызу «жүректен жүрекке»
Оқушылар өздерінің аттарына байланысты жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеруге негіз болады және сабаққа қызығушылығын оятады «Мозайка» әдісімен үш топқа бөлемін.
Мақсаты: топпен отырып, өзгенің пікірін тыңдауға, бір-бірінен үйренуге, үйретуге, еркін өз пікірін айтуға сөздік қорын толықтыруға дағдыланады. Үй тапсырмасын сұрау
Жұмыс формасы - жұптық
«Фуршет» әдісі. жұптық бойынша алдын ала дайындалған сұрақтарға талқылау жүргізеді.
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сергітеді, ойлау қабілетін дамытады
Саралау:. Оқушыларға диалог және қолдау көрсету арқылы жұптық талқылауға қатысып, жұбының пікірін тыңдай білуге мүмкіндік береді, барлық оқушылар мен кейбір оқушылардың арасында көпіршелер қалыптасып, ойлау дағдыларының білу, түсіну деңгейінде болады.
Сұрақтар:
Үзіліссіздік теңдеуін тұжырымдаңдар. Ол қандай сұйықтар мен газдар үшін орындалады? Түтіктегі сұйықтың қысымы сұйық ағынының жылдамдығына қалай тәуелді? Бернулли теңдеуі қандай шамалардың қатынасын орнатады? Қандай күшті маңдайлық кедергі күші деп атайды?
Жұмыс формасы: Талқыланған сұрақтарға оқушылар жеке жауап http://classtools.net/ көрсетілген аттарына сәкес жауаптарын береді.
Дескриптор:
- Үзіліссіздік теңдеуін тұжырымдайды;
- Түтіктегі сұйықтың қысымы сұйық ағынының жылдамдығына тәуелді екенін айтады;
- Бернули теңдеуіндегі шамаларды қатынасын орнатады;
- Маңдайлық кедергі күшін айтады. Қалыптастырушы бағалау:«Мадақтау әдісі» бойынша мұғалім: "Бұл - жақсы жауап",
"Сен жетістіктерге жетудесің!"
| Интербелсенді тақтада таныстырылым
https://www.classtools.net/random-name-picker/88_L6ff73
| Сабақтың ортасы
27 мин
| «Миға шабуыл» әдісі: Жеке жұмыс
Мақсаты: Оқушылардың назарын аудару арқылы сыны ойлауын дамытады, пікірін қалыптастырады, шапшандыққа уйретеді.
Саралау: Диолог және қолдау көрсете отырып оқушылардың сабақ тақырыбына кіретін жалпы түсініктері қай деңгейде екнeдігін және білімдерін анықтау.
Қандай сұйықтық тез ағады? Неліктен сұйық желім төменгі температурада созылмалы болып қалады? Неліктен май тамшысы шыны бетімен су тамшысына қарағанда ақырын ағады?
ҚБ: «Мадақтама» әдісі (кері байланыс) арқылы бағалаймын «кереметсің», «жарайсың», «Жұлдызша» тарату арқылы бағалау Жаңа сабақ:
Ойлау деңгейі - білу және түсіну
Белсенді оқу әдісі – «Ойлан, жұптас, бөліс»МАҚСАТЫ :Оқушылардың ойлау қабілетін арттырады, еркін сойлеуге дағдыландырады
Жұмыс формасы - жеке,жұптық, топтық.
Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, тындалым, айтылым.
Саралау– қосымша дереккөздерге сүйене отырып, үлгерімі төмен оқушылар тақырыпқа сай мәтін, әдебиеттер тараттым, оқушылар арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды және оқылым, айтылым дағдылары қалыптасады.
1 топ: Тұтқыр сұйықтың қозғалысы..
2 топ: Стокс формуласы
3топ: Денелерді қапталдай ағуы
Критерий
| Дескриптор
| Белгі
| 1.Тұтқыр сұйықтардың аққыштығын салыстыру
| Тұтқыр сұйықтың қозғалысын анықтайды; Денелердің қапталдай ағуына мысалдар келтіреді.
|
| 2. Торричелли мен Стокс формуласы арасындағы байланысты көрседі, қатты денелердің сұйықтықтардағы қозғалысын анықтайды.
|
|
| Бағалауды ұйымдастыру формасы:
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды, мұғалімнің бағалауы «Жұлдызшалар»және қолдау көрсету мадақтау сөздері Торричелли мен Стокус формуласын қолданып сандық және сапалық есептер шығару
Ойлау деңгейі - білу және түсіну,қолдану
Белсенді оқу әдісі – « Логикалық ойлауды дамытуға арналған есеп » әдісі
МАҚСАТЫ: Оқушылардың алған білімін дағдыландырады,ойлауын дамытады, физика пәніне деген қызығушылығын арттырады.
Жұмыс формасы - жеке
Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, айтылым
Деңгейлік тапсырмалар (АВСдеңгейі )
Мақсаты: тиянақты білім қиалдау мен шығармашылық белсенді өмірлік көзқарас іс –әрекетке ерекше назар аудару дағдылары дамиды
Саралау: «тапсырма» мен «қарқын» тәсілі бойынша оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтап, қарқыны жоғары оқушылар есептерді жылдам шығарғанын тексере отырып, тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларға көмек беруіне ықпал жасаймын.
«А» деңгейі:
Сұйықтың тұрақты ағысы қимасы өзермелі түтіктің бойымен ағады. Түтіктің 1 және 2 нүктелердің арасындағы А бөлігіне F күшпен әсер етеді.Неліктен 2 аймақтағы ағын жылдамдығы 1 аймақтағы жылдамдыққа қарағанда көбірек? Жауабыңызды негіздеңіз. Сумен жабдықтау станциясы тұрғын үйдің бірінші қабатында судың қысымының 5 атм теңдігін қамтамасыз етеді. Кедергіні ескермеңіз. Краннан ағатын судың 1-, 2-, 3- қабаттарындағы жылдамдықтарын есептеңіз. Көршілес қабаттардың ара қашықтығы 4 м. Қандай қабатқа су көтеріле алмайды? [Жауабы 28,0; 27,3; 26,5 м/с. 12-қабат] 20 м тереңдікте орналасқан крандағы судың гидростатикалық қысымын анықтаңыз. Кран ашылған кезде судың бастапқы жылдамдығы қандай болады?
«В» деңгейі:
Май тамшысына тұтқыр күші 4,5 *10-4 м/с жылдамдықпен тамшының құлауы кезінде 3,0 х 10-15 H тең болды. Егер тамшының диаметрі 5,0 х 10-6 м болса, онда ауаның тұтқырлығы қандай? Су түтіктің кең аймағымен 0.5 м/с жылдамдықпен ағады. Егер түтіктің екі жағының қысымдарының айырмасы 1.33 кПа болса, судың тығыздығын 103 кг/м3 деп есептеп, түтіктің тар аймағындағы ағынның жылдамдығын табыңыз. Ыдысқа су құйылады. Бірлік уақытта құйылатын судың көлемі V1= 0,2 л/с. Ыдыстағы судың биіктігі тұрақты h =8.3cм болуы үшін ыдыстың түбіндегі тесіктің d диаметрі қандай болуы керек?
«С» деңгейі:
Эксперименттік тапсырма:
Су ағысының биіктігіне байланысты қандай қашықтықта дейін жететінін анықтаңыз.
Жұмыс демонстрация түрінде жүргізіледі
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Белгі
| 1. Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану
| А деңгей
Формуланы жазады, есептің шешімін табады.
В деңгей
Формуланы қорытады, есептің шешімін табады. ХБЖ-ға келтіреді.
|
| 3.Торричелли мен Стокс формулаларын экспериметтік, сандық және сапалық формуланы түрлендіріп, деңгейлік есептерді шығаруда қолданады.
| С деңгей
Ф ормуланы түрлендіреді, есептің шешімін табады. Д емонстрациялық тәжірибе жасайды, қортынды шығарады.
|
| Бағалауды ұйымдастыру формасы. мұғалімнің бағалауы:«Жұлдызшалар» тарату арқылы және «мадақтау» әдісі бойынша жүзеге асады.
|
Слайдтта көрсетілген суреттер
10 сынып физика оқулығы
| Сабақтың соңы
5 мин
| «Ашық микрофон» әдісі тақырыпты пысықтау кезінде пайдаланамын.
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Сұрақтар:
Дескриптор:
Сұйықтың тұтқырлығын түсіндіреді Ішкі үйкеліс күші құбырлардығы сұйықтың ағыс жылдамдығының әсерін түсіндіреді Сұйықтар мен газдарда қозғалысқа кедергі күшінің пайда болу себептерін анықтайды. Сұйықтың тұтқырлығын анықтайды, өлшем бірлігін айтады .
Оқушылар «Дескрипторға» сүйене отырып өзерін «Жұлдызшалар» тарату арқылы бағалайды. Рефлексия
«Қай жолды таңдайсын» әдісі
Оқушылар өз пікірлерін кетіп бара жатқан жолы арқылы түсіндіріп кетеді.
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң , жасыл түсті жабыстыр; Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түсті жабыстыр;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,желкенді қызыл түсті жабыстыр.
Үйге тапсырма: Торричели мен Стокс туралы таныстырылым дайындау.
|
Түрлі түсті
стикерлер( қызыл, жасыл, сары)
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Сабақ барысында қолданған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сараланған.
Үй тапсырмасын сұрау барысында «Фуршет» әдісін пайдаландым. Оқушыларға диалог және қолдау көрсету арқылы жұптық талқылауға қатысып, жұбының пікірін тыңдай білуге мүмкіндік береді, барлық оқушылар мен кейбір оқушылардың арасында көпіршелер қалыптасып, ойлау дағдыларының білу, түсіну деңгейінде болады.
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Диалог және қолдау көрсете отырып оқушылардың сабақ тақырыбына кіретін жалпы түсініктері қай деңгейде екендігін және білімдерін анықтадым . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұпта, топта жұмыс жасауын арттырып, бір-біріне деген сенімділігін орнатады. Сабақты меңгеру барысында топтардың жұмыстарын қадағалап отырдым. Топ басшыларымен белсенді оқушыларға үлгерімі төмен оқушыларға тәлімгерлік жасау жүктетілді. Оқулықта мәлімет жеткіліксіз болғандықтан, қосымша «дереккөздер» тақырыпқа сай мәтін, әдебиеттер тараттым,
оқушылар арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды және оқылым, айтылым дағдылары қалыптасады.
« Логикалық ойлауды дамытуға арналған есеп » әдісі арқылы деңгейлік «тапсырма» мен «қарқын» тәсілі бойынша оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтап, қарқыны жоғары оқушылар есептерді жылдам шығарғанын тексере отырып, тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларға көмек беруіне ықпал жасаймын.
|
Әрбір тапсырмадан соң жұлдызшалар және оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырамын.
"Бұл - жақсы жауап"
"Сен жетістіктерге жетудесің!"
«Негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз.
Келесі жолы өз жауаптарыңа мұқият қара және барлық мәліметтерді
қ олданғаныңа көз жеткізуге тырыс»
| Тәжірибелік жұмыс жасау барысында физика кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауын қатаң қадағалаймын.
|
|
|
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
| Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
|